"Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 188/45-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 30 мамырда № 8958-03 болып тіркелді

      Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8687-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.";

      10-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) кірістерді есепке алмай:

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға төлем туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстардың бөлігін өтеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстардың бөлігін өтеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) алты айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 (алты) ай бойы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      химиопрофилактика кезеңінде туберкулезді жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      медициналық және техникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқитын жетім балалар қатарындағы студенттерге жылына 1 рет Қосшы қаласында жұмыс өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын өтеуге 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға жылына 1 рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы А.Куатбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады