Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.";
11-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда көрсетіледі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған "балалардың церебралдық параличі" ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
6) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 – баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүруге, жылына 1 рет санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;
8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
14-тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Степногорск қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеуді ескере отырып, оқу орнынан алынған анықтама негізінде Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы |
О.Джагпаров |