Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қаңтарда № 37823 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 85 Қаулыға
қосымша

Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылардың саны және пай кірістілігі туралы ақпарат ұсыну қағидаларын, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы №259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесінде:

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инвестициялық қордың активтерін құрайтын және қор биржасының тізіміне кіретін қаржы құралы ол тізіміне кіретін қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес нарықтық бағасы немесе клирингтік ұйымның есеп айырысу бағасы бойынша не Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағаланады.";

      14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда, инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны басқарушы компанияның ресми интернет-ресурсында келесі жұмыс күні сағат 18:00-ден кешіктірілмей орналастырылады.".

      2. "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 болып тіркелген) мынадай өзгерту және толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 8-4-тармақпен толықтырылсын:

      "8-4. Қағидалардың 8-1 және 8-2-тармақтарында көрсетілген қаржы құралдарына биржалық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фанд) активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясымен белгіленеді.".

      3. "Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларының талаптары инвестициялық қордың инвестицияларына қолданылмайды.".

      4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар түсініледі:

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      орталық депозитарий мәртебесі бар ұйым, осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;

      заңды тұлға ретінде тіркелген елдің заңнамасына сәйкес Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қадағалау саласындағы уәкілетті орган мен осы шетелдік қадағалау органы арасында ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім бар;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А"-ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде, бірінші басшыны қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғасының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет және брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет мәселелеріне бір мезгілде жетекшілік етуіне жол берілмейді.

      Брокердің және (немесе) дилердің ішкі қағидалары брокер және (немесе) дилер тарапынан брокердің және (немесе) дилердің қызметкерінің мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында валюта және қор нарықтарында мәмілелер жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, оның ішінде сенімхат бойынша жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға агенттік қызметтерді ұсынуына келісімін көздейді.";

      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Брокер және (немесе) дилер өз қызметкерлерінің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түрімен байланысты лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде олардың клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) контрагенттермен және телефон байланысы құралдарын, электрондық поштаны, бейнеконференцбайланысты немесе нақты уақыт режимінде мәтіндік (дыбыстық) хабарламалармен алмасу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді, брокердің және (немесе) дилердің атына тіркелген абоненттік нөмірлерін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын және (немесе) домендік мекенжайларын пайдалана отырып, сондай-ақ Bloomberg, Reuters ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі – корпоративтік байланыс құралдары) пайдалана отырып қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген байланыс құралдарын брокер және (немесе) дилер қызметкерлерінің клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) қызметкерлердің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түріне байланысты өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде туындайтын және (немесе) қолдау көрсетілетін контрагенттермен пайдалануға жол берілмейді.

      Брокер және (немесе) дилер корпоративтік байланыс құралдары арқылы алынатын және берілетін ақпараттың жазылуын, сақталуын, конфиденциалдылығын және өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

      Клиенттердің корпоративтік байланыс құралдары арқылы алынатын жолданымдары және (немесе) шағымдары клиенттердің шағымдарын есепке алудың ішкі журналында және олар бойынша брокер және (немесе) дилер қабылдаған шешімдерді көрсете отырып, оларды қанағаттандыру бойынша шараларда көрсетіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Брокер және (немесе) дилер, сондай-ақ оның қызметкерлері қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдері туралы, оның ішінде бағасы, көлемі және контрагенттер туралы расталмаған, дәйексіз немесе жаңылыстыруға алып келетін мәліметтерді масс-медиада жарияламайды және кез келген тәсілмен таратпайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Масс-медиада немесе өзге тәсілмен өз қызметі туралы хабарландыру жариялаған кезде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні мен нөмірін көрсетеді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Клиенттік тапсырыста мынадай деректемелер болады:

      1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрін көрсету;

      2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлға үшін:

      атауы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуға тиіс эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралдарына берілген қаржы құралының коды немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (айналыс мерзімі өткен және оларды өтеу бойынша міндеттемелерді эмитент орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына қатысты – талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);

      4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы, сондай-ақ тиісінше мәміле жасау үшін қажетті мәліметтер;

      5) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:

      лимиттік тапсырыс - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      нарықтық тапсырыс - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      буферлік тапсырыс - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстар;

      6) егер клиент басқа мерзімді көрсетпесе, ағымдағы сауда сессиясының соңына дейінгі клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;

      7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және уақыты (сағат пен минут форматында);

      8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәмілені жасау туралы ұсынымдарының болуы туралы мәліметтер;

      10) уәкілетті тұлғаның (адамдардың) қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, мөрлері, алгоритмдері, кодтары (цифрлық, әріптік, символдарды қолдана отырып және аралас), сөз-сәйкестендіргіштер немесе сәйкестендіру кодтары, шифрлау, биометриялық деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қорғау тәсілдері;

      11) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген деректемелер.

      Егер клиент брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырысты брокердің және (немесе) дилердің электронды қызмет көрсетуі шегінде қамтамасыз етсе, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында белгіленген деректемелер көрсетілмейді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Брокерге және (немесе) дилерге 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі есептік кезеңмен мәмілелер жасасуға рұқсат етіледі, бұл ретте бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәміленің міндеттемелерін орындауы екінші тараптың мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ақша немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер мәмілесін орындауға байланысты болуы мүмкін. Брокерге және (немесе) дилерге 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын есепті кезеңмен шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын мәмілелер жасасуға рұқсат етіледі. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар Орталық депозитарий арқылы немесе "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте тараптың қаржы құралдарын жеткізу жөніндегі мәміленің міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу жөніндегі қарсы талаптарды орындауынсыз немесе орталық контрагент қызметтерін қолдана отырып мүмкін болмайды.

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Брокер және (немесе) дилер күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімдегі мәмілелерді қоспағанда (көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімінің ұзартылуын ескере отырып), ұйымдастырылмаған нарықта шарттарында мәміленің мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу немесе кері сату міндеттемесі көзделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды, онда Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағалауы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің және (немесе) мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағалауы бар заңды тұлғалар контрагент болып табылады:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Еуропалық Даму Банкінің Кеңесі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке Секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Қара теңіз сауда және даму банкі (the Black Sea Trade and Development Bank).";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Бiрiншi санатты брокерге және (немесе) дилерге тиесiлi қаржы құралдары мен ақша оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсатта бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер өзіне және өзінің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын онымен үлестес емес банктерде және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.

      Бірінші санаттағы клиент брокері және (немесе) дилерінің қаржы құралдары мен ақшасын сақтау шетелдік есеп айырысу ұйымдарында аталған клиенттің алдын ала келісімі жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда және (немесе) интернет-ресурста және (немесе) бірінші санаттағы брокердің және (немесе) дилердің сауда платформасында (бағдарламалық қамтылымда) орналастырылған және (немесе) осы клиентке электрондық поштамен немесе байланыстың өзге де ықтимал түрлерімен жіберілген шетелдік есеп айырысу ұйымдарындағы қаржы құралдарымен ақшаны сақтау туралы хабарлама болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      Бірінші санаттағы брокердің және (немесе) дилердің клиенттің хабарламаны алу және онымен танысу фактісін тіркеуі міндетті шарт болып табылады.

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзінің клиенттеріне тиесілі ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған банк шоттарын өз бетінше ашуға құқылы.".

      5. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулыда бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

      "1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен жеке куәлігінің деректері (сәйкестендіру үшін);".

      6. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 9-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулыда бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Еуропалық Даму Банкінің Кеңесі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке Секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Қара теңіз сауда және даму банкі (the Black Sea Trade and Development Bank).";

      көрсетілген қаулыда бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "нвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің .1, 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9,1.10, 1.12, 1.13, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4-жолдарында көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдерде енгізіледі.

      Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1.3, 1.11, 2.5, 2.6, 2.7, 2.9, 2.12, 2.13, 2.15, 2.16, 3.3, 3.4, 3.6, 3.7, 4.1, 4.2, 4.3, 4.5-жолдарында көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдерде танылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушы әртараптандыру нормативін сақтайды, бұл ретте бір эмитентке және оның үлестес тұлғаларына инвестициялар көлемі инвестициялық портфельді басқарушының жиынтық өтімді активтерінің 20%-нан аспайды.

      Әдістеменің осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген норма дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға қатысты қолданылмайды.".

      7. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабының 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулыда бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Еуропалық Даму Банкінің Кеңесі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке Секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Қара теңіз сауда және даму банкі (the Black Sea Trade and Development Bank).";

      көрсетілген қаулыда бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Брокердің және (немесе) дилердің өтімділігі жоғары активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу кестесінің 1.1, 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.12, 1.13, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4-жолдарында көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдерде енгізіледі.

      Қағидаларға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу кестесінің 1.3, 1.11, 2.5, 2.6, 2.7, 2.9, 2.12, 2.13, 2.15, 2.16, 3.3, 3.4, 3.6, 3.7, 4.1, 4.2, 4.3, 4.5-жолдарында тиісті көлемдерде көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері ретінде танылады.

      Брокер және (немесе) дилер бір эмитентке және оның үлестес тұлғаларына инвестициялар көлемі брокердің және (немесе) дилердің жиынтық өтімді активтерінің 20%-нан аспайтын әртараптандыру нормативін сақтайды.

      Әдістеменің осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген норма дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға қатысты қолданылмайды.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімділігі жоғары активтер есебіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің мынадай жолдарында көрсетілген, 1.1, 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10,1.12, 1.13, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4 (репо операцияларының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдегі активтер кіреді.

      Қағидаларға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің мынадай жолдарында көрсетілген 1.3, 1.11, 2.5, 2.6, 2.7, 2.9, 2.12, 2.13, 2.15, 2.16, 3.3,3.4, 3.6, 3.7, 4.1, 4.2, 4.3, 4.5 (репо операцияларының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдегі активтер 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімді активтері ретінде танылады.

      1-ИПБ немесе 2-ИПБ әртараптандыру нормативін сақтайды, бұл ретте бір эмитентке және оның үлестес тұлғаларына инвестициялар көлемі 1-ИПБ немесе 2-ИПБ жиынтық өтімді активтерінің 20%-нан аспайды.

      Әдістеменің осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген норма дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға қатысты қолданылмайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады