"Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 387 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37690 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 387 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30862 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу тәртібін айқындайды.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынады.

      33. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосы жаңартылған тізілімді уәкілетті органның www.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады";

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттiгiнің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 483 бұйрығына қосымша
Өсімдіктер карантині саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік
микроорганизмдердің жұмыс
коллекциларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 7-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған нысан

Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер

      Нысан индексі: № 1-рм нысаны

      Кезеңділігі: біржолғы/ тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы_____ / 20___ жылғы ______ тоқсан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: референттік ұйымдар, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      аумақтық бөлімшелерге – жұмыс коллекциясын қалыптастырған немесе жаңартқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      уәкілетті органға – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

Реттік нөмір

Референттік ұйымның атауы

ЖСН/
БСН

Микроорганизм штамының атауы

Сыйымдылықтар
саны

Сақтау мекенжайы

Тізілімге енгізілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефон _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы: __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Күні 20__жылғы "___" _________

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Жұмыс коллекциясында
орналастырылған микроорганизмдер штамдары
туралы әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға арналған
мәліметтер" нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 1-рм нысаны, кезеңділігі: біржолғы/тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің референттік ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) толтырады.

      3. Нысанға орындаушы және референттік ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды:

      референттік ұйымдар – аумақтық бөлімшелерге микроорганизмдердің жұмыс коллекциясын қалыптастырған немесе жаңартқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      аумақтық бөлімшелер – уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей береді.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында референттік ұйымның атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында ұйымның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизм штамының атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында штамдары бар сыйымдылықтардың саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында коллекцияны сақтау мекенжайы көрсетіледі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі).

      11. Нысанның 7-бағанында жұмыс коллекциясының немесе штамның тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында ескертпе (қосымша ақпарат, мысалы: сақтау тәсілі, шарттары, деректерді жаңарту күні және басқалары) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады