БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18608 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібін".
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі";
51-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қазақстандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.";
мынадай мазмұндағы 105-1, 105-2 және 105-3-тармақтармен толықтырылсын:
"105-1. конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі.
Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;
2) конкурс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
105-2. Конкурстық комиссия конкурсты (лотты) өткізілмеген деп таниды, егер:
1) осы Қағидалардың 126-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін бағалауға және салыстыруға қабылданбағаннан кейін екіден аз конкурстық өтінім қалғанда;
2) конкурсқа қатысуға екі әлеуетті өнім берушіден аз өтінім ұсынылғанда;
3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 171-тармағында белгіленген мерзімдерде сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанда.
105-3. Егер конкурс қазақстандық тауар өндірушілердің арасында сәтсіз аяқталса, табиғи монополиялар субъектісі конкурс өткізеді.";
мынадай мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:
"14-тарау. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі.";
1-параграф. Жалпы ережелер
339. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және табиғи монополиялар субъектілерінің халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тартуға арналған кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібін айқындайды.
340. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдері уәкілетті органмен келісуге жатады.
341. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті орган келісуінің негізгі қағидаттары мыналар:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне енгізілетін шығындардың ашықтығы;
2) табиғи монополиялар субъектілері мен халықаралық қаржы ұйымдары, мамандандырылған салалық банктер, Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасында туындайтын қатынастардың шартпен ресімделуі болып табылады.
2-параграф. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі.
342. Табиғи монополия субъектісі кредиттік келісім жасалғанға дейін уәкілетті органға жазбаша өтініш, оған мыналар:
жобаның мақсаттары мен міндеттерін;
тартылған қарыздың сипаттамасын және оны іске асыру схемасын;
жобаны іске асырудың кезеңдері мен мерзімдерін;
тартылған қарыздың қажеттілігі есеп-қисаптарын;
жобаның өтелу мерзімдері есеп-қисаптары;
жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалауға арналған индикаторларды;
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі кіретін келісім жобасын жібереді.
343. Айналым қаражатын толықтыруға қарыз тарту мақсатында жасалатын кредиттік келісімдер келісуге жатпайды.
344. Өтінішке табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасының жобасымен қоса, инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде тарифтеріне кредиттік келісім жасасу әсерінің болжамы қоса беріледі.
345. Уәкілетті орган ұсынылған материалдарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және табиғи монополия субъектісіне қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Бас тартумен келіспеген жағдайда уәкілетті органның шешімін жоғары тұрған мемлекеттік органға (лауазымды тұлға) немесе сотқа шағымдайды.
Жоғары тұрған мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) шағымды қарайды және 10 жұмыс күн ішінде шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін келісу туралы не келісуден бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Материалдар сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1-бөлігінде белгіленген мерзім ішінде қарызды тартудан бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту жібереді".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
