ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі – сарапшының сертификаты) – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;";
7) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сарапшыға тағайындау немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшыны тағайындауға немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
3) сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сарапшыны тағайындауы немесе сарапшыға сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш тіркеу күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
9. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары кіреді. Қажет болған жағдайда комиссия құрамына мемлекеттік органдардың және азаматтық авиация ұйымдарының мамандары, консультанттары және/немесе сарапшылары енгізіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде 3 (үш) адам.
Комиссия төрағасы комиссияның құрамына кіретін уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының арасынан тағайындалады.";
17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы сертификатты ұзартады.
18. Сарапшы сертификат 3 (үш) жылға жарамды.
Сарапшы сертификатының қолданылуы мерзімі үш жылға дейін ұзартылады. Сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Сарапшының күнтізбелік жыл ішінде кемінде 50 (елу) және 1000 (бір мың) аспайтын медициналық куәландыру орындауы сертификаттың қолданылу мерзімі ұзартудың шарты болып табылады.
19. Берілген сарапшы сертификаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналына тіркейді.
20. Сарапшы сертификатын беруден бас тарту немесе оны ұзартудан негіз болып табылады:
1) қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) сарапшыны тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі;
3) өтінім берушіге және (немесе) қолданыстағы сарапшыға қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
Сарапшы сертификатын беруден немесе оның қолданылу мерзімін ұзартудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге осындай негіздер анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
21. Сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
1) сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады;
2) егер тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса сарапшы сертификатың қайтарып алады.
22. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификаттың қолданысын мына жағдайларда тоқтата алады:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың медициналық куәландыру және сертификаттық талаптар бөлігінің талаптарын бұзу;
2) сарапшы сертификат иесі үш айдан аспайтын мерзімге өтініш беру.
23. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификатты:
1) сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;
2) сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алады.
Қайтарып алынған сарапшы сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға қайтарылуы тиіс.
24. Сарапшы сертификаттың қолданысы оның иесінің өтініші бойынша да толығымен немесе ішінара шектелуі мүмкін.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Уәкілетті ұйым әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ластаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 24 қазандағы № 354 Бұйрығына қосымша Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 1-қосымша |
Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттық талаптары
1. 1-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:
1) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;
2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;
3) сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық және Тереңдетілген курстарынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес жалпы саны 120 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
4) авиациялық медицина бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
5) қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік, авиациялық медицина жөніндегі съездерге, конференцияларға, конгрестерге, семинарларға қатысқаны туралы сертификаттар;
6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);
7) өтініш берудің алдындағы 3 жыл ішінде жылына кемінде 50 (елу) медициналық куәландыру;
8) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
2. 2-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:
1) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;
2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;
3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
4) авиациялық медицина бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік;
6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);
7) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
3. ЖА және АЖА класты сарапшы:
1) "Жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат;
2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
1) және 2) тармақшалардың талаптары алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алатын өтініш берушілерге қолданылады;
3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
4) авиациялық және жалпы медицинаның жақын салалары бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәлік;
5) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағат кем емес);
6) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
