Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15456 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 10 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 3 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 13 маусымдағы
№ 344 бұйрығымен
бекітілген

Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 957 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;

      2) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;

      3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі – сарапшының сертификаты) – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;

      6) жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация;

      7) алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармақ тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Сарапшы болып өтініш берген уақытта медицина саласында жұмыс істеп жүрген маман тағайындалады.

      4. Сарапшылар мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) 1, 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 1-сыныпты сарапшы);

      2) 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 2-сыныпты сарапшы);

      3) ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – ЖА және АЖА сыныпты сарапшы).

      Ескерту. 4-тармақ тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сарапшы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес авиациялық медициналық сарапшыларға сертификациялық талаптарға (бұдан әрі – сертификациялық талаптар) сәйкес болуы тиіс.

2-тарау. Авиациялық медициналық сарапшыны тағайындау тәртібі

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Сарапшыға тағайындау немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшыны тағайындауға немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

      3) сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.

      8. Сарапшыны тағайындауы немесе сарапшыға сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш тіркеу күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары кіреді. Қажет болған жағдайда комиссия құрамына мемлекеттік органдардың және азаматтық авиация ұйымдарының мамандары, консультанттары және/немесе сарапшылары енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде 3 (үш) адам.

      Комиссия төрағасы комиссияның құрамына кіретін уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының арасынан тағайындалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сертификаттық зерттеп-қарау сарапшының сертификаттық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      11. Сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпарат қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.

      12. Сертификаттық зерттеп-қарау хабарламада көрсетілген мерзімнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      13. Сертификаттық зерттеп-қараудың аяқталу күні комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.

      14. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, екі данада жасалады және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      15. Актінің бір данасы өтініш берушінің қолына беріледі.

      16. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады.

      Жоспарда сертификаттық талаптарға сәйкес келмеушіліктерді түзетудің сатылы іс-қимылдары, оларды іске асыру мерзімдерімен бірге көрсетіледі.

      17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы сертификатты ұзартады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сарапшы сертификат 3 (үш) жылға жарамды.

      Сарапшы сертификатының қолданылуы мерзімі үш жылға дейін ұзартылады. Сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Сарапшының күнтізбелік жыл ішінде кемінде 50 (елу) және 1000 (бір мың) аспайтын медициналық куәландыру орындауы сертификаттың қолданылу мерзімі ұзартудың шарты болып табылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Берілген сарапшы сертификаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналына тіркейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Сарапшы сертификатын беруден бас тарту немесе оны ұзартудан негіз болып табылады:

      1) қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) сарапшыны тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі;

      3) өтінім берушіге және (немесе) қолданыстағы сарапшыға қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

      Сарапшы сертификатын беруден немесе оның қолданылу мерзімін ұзартудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге осындай негіздер анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтату және қайтарып алу тәртібі

      21. Сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:

      1) сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады;

      2) егер тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса сарапшы сертификатың қайтарып алады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификаттың қолданысын мына жағдайларда тоқтата алады:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың медициналық куәландыру және сертификаттық талаптар бөлігінің талаптарын бұзу;

      2) сарапшы сертификат иесі үш айдан аспайтын мерзімге өтініш беру.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификатты:

      1) сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;

      2) сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алады.

      Қайтарып алынған сарапшы сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға қайтарылуы тиіс.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сарапшы сертификаттың қолданысы оның иесінің өтініші бойынша да толығымен немесе ішінара шектелуі мүмкін.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарының 2) тармақшасында және 24-тармақта көзделген жағдайларда берілген өтініштер уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      26. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Уәкілетті ұйым әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

      Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына 1-қосымша

Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттық талаптары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. 1-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:

      1) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;

      2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.

      1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;

      3) сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық және Тереңдетілген курстарынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес жалпы саны 120 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық медицина бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      5) қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік, авиациялық медицина жөніндегі съездерге, конференцияларға, конгрестерге, семинарларға қатысқаны туралы сертификаттар;

      6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);

      7) өтініш берудің алдындағы 3 жыл ішінде жылына кемінде 50 (елу) медициналық куәландыру;

      8) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.

      2. 2-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:

      1) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;

      2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.

      1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;

      3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық медицина бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік;

      6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);

      7) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.

      3. ЖА және АЖА класты сарапшы:

      1) "Жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; "Медицина бакалавры" академиялық дәрежесін беру туралы диплом; "Дәрігер" біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат;

      2) "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.

      1) және 2) тармақшалардың талаптары алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алатын өтініш берушілерге қолданылады;

      3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық және жалпы медицинаның жақын салалары бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәлік;

      5) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағат кем емес);

      6) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.


  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйым басшысына

Авиациялық медициналық сарапшыға тағайындауға ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ағылшын тілінде) __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Туған жылы _______________________________________________________________,

      телефон / факс _____________________________________________________________,

      е-maіl: ____________________________________________________________________

      2. Білімі___________________________________________________________________

      3. Жоғары оқу орны _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Факультеті ______________________________________________________________

      5. Интернатурасы __________________________________________________________

      6. Мамандығы _____________________________________________________________

      7. Біліктілік арттыру курстары ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Медициналық куәландыру авиациялық медициналық орталық/медициналық ұйым

      базасында өткізіледі ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Күні _________________ Қолы _________________

  Авиациялық медициналық
  Сарапшыларды
  тағайындау қағидаларына
3-қосымша
нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

                              (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" _________ № ___ бұйрығына сәйкес құрамындағы комиссия:

      Комиссия төрағасы: ___________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      __________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      ______________________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

                  (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні: ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _____________________________________ __________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________ ______________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      ________________________________________________________ __________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Актімен таныстым:

      Медициналық ұйым (АМО) басшысы:____________________________________

      ________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Өтінім беруші___________________________________________ ___________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Авиациялық медициналық
сарапшыларды
тағайындау қағидаларына
4-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Authorіzedorganіzatіonіnsphereof cіvіl avіatіon of the Republіc of Kazakhstan АМС сертификаты АМE CERTІFІCATE Авиациялық медициналық сарапшы № Аeromedіcal examіner № ________________________________ (тегі / last name) ________________________________ (аты / name) ________________________________ (әкесінің аты / fіrst name)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жұмыс (медициналық куәландыру өткізу) орны:____________________

      _____________________________________________ базасында _______

      класты медициналық куәландыруды орындайды/Performs medіcal certіfіcatіon of

      avіatіon personnel _______ class at the premіses of __________________________

      Медициналық сертификатты беруге,

      мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге құқылы (керегінің асты сызылсын)

      / he/she has rіght of іssue, valіdіty and renewal of a medіcal certіfіcate of pіlots.

      Сертификат 20 жылғы "___" ___________ дейін жарамды / Thіs certіfіcate

      іs valіd untіl "___" ___________ 20 y. 20 жылғы "___"

      ___________№__________бұйрық / Order of "____" ____________ 20 y. N ____.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның қызметшісі

      не ол уәкілеттік берген адам

      (Authorіsed person) ___________________________________ ________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егербарболса)             (қолы)

      М.О./STAMP (бар болған жағдайда/ іn the presence)

  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Авиациялық медициналық сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Авиациялық медициналық сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналы Сертификаттың р/с №

Сертификаттарды беру күні

Қолданылу саласы

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Ескерту

      Ескертпе: журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады