"Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қазандағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37239 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) әуежайды пайдаланушы – әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шет мемлекеттің заңды тұлғасы.".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Негізгі қызметтен түскен табыс пен әуежай шығыстарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалатын әуежайлардың шығындары субсидиялауға жатады.

      Әуежайдың шығыны тиісті әуежайдың қаржылық есептілігімен расталады.

      Әуежайдың операциялық шығындарының сметасы, сондай-ақ жолаушылар ағыны бойынша деректер оның жұмыс істеуіне байланысты шығындарды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың алдағы қаржы жылына арналған қызмет бағдарламасының (даму жоспарының) негізінде қалыптастырылады.

      Әуежайды пайдаланушы тиісті әуежайлар бойынша жолаушылар ағынын бөлек есепке алуды және бөлек қаржылық есепке алуды жүзеге асырады.".

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субсидиялауды алу үшін әуежайды пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде ай сайын тиісті әуежай бойынша ЖАО-ға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайды субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) бірінші жұмыс күнінен бастап және тиісті күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанына дейін пошта арқылы не қолма-қол ұсынады.

      7. Әуежайды пайдаланушы ЖАО-ға жіберілетін өтінімге:

      1) әуежайдың құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      2) әуежайға меншік құқығын немесе өзге де заңды иелік ету немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      3) әуежайда реконструкция не күрделі жөндеу жүргізу кезеңін қоспағанда, әуеайлақтың пайдалануға жарамдылығы сертификатының көшірмесін;

      4) қызмет көрсетілген жолаушылардың (ұшатын және ұшып келетін) саны туралы ақпаратты;

      5) әуежайдың басшысы не оны алмастыратын тұлға, бас бухгалтер (бар болған жағдайда) және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған әуежай бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      6) әуежайдың қаржылық есептілігін қоса береді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін әуежайдың бірінші басшысы не өтінімге қол қойған оны алмастыратын тұлға жауапты болады.".

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Субсидиялау шартын сақтау үшін әуежайды пайдаланушы ай сайын тиісті әуежай бойынша ЖАО-ға бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға, бас бухгалтер (бар болған жағдайда) куәландырған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөніндегі есеп;

      2) пайда мен залал туралы есеп әдісі бойынша бюджет жоспары-фактісі және ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      3) ұшқан ұшақтардың саны, жүк тасымалдау көлемі, ұшақтардың салмағы, жолаушылар ағыны (ұшатын және ұшып келетін) деректерінің жоспар-фактісі;

      4) пайда мен залал туралы есеп.".

      14. Қаржы жылының қорытындысы бойынша ЖАО мен әуежайды пайдаланушы тиісті әуежайда орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.

      Жыл ішінде жолаушылар ағыны екі жүз мыңнан асқан кезде ЖАО осы көрсеткіштен асқан сәттен бастап тиісті әуежайды қаржы жылының соңына дейін одан әрі субсидиялаудан бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
Т. Ластаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады