"Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 288-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қазанда № 37083 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25228 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысымен бекітілетін тауарлардың (бұдан әрі – Тізбе) жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ЕАЭО мүше-мемлекеттер аумағынан тауарларды әкелу кезінде импорттаушы "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерде (бұдан әрі – Өтініш) БТД белгіленген өлшемінен төмен құн көрсетсе, мемлекеттік кірістер органы қосылған құн салығын есептеу үшін БТД қолданады.".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. БТД әрбір тауарға мынадай формула бойынша есептеледі:

      1) Тізбенің 1-бөліміне:

      БТД = (ОБӨК + ОҚЕАЭО) / 2

      мұнда:

      ОБӨК – осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы;

      ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны;

      2) Тізбенің 2-бөліміне:

      БТД = (ОМБА + ОҚЕАЭО) / 2

      мұнда:

      ОМБА – осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген бағалық ақпараттың орташа мәні;

      ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан Тізбенің 1-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға:

      1) Тізбеде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы;

      2) Тізбенің 2-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мемлекеттік кіріс органының ресми сайтында жарияланған бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпаратты ұсынады.

      Әкелінетін тауарлардың орташа құны және бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпарат ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметі Тауарлар номенкулатурасы кодының 10 (он) белгісі деңгейінде тауардың әрбір түрі бойынша тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады