Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25228 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің м.а.
Е. Казанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 594-НҚ бұйрыққа
қосымша

Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысымен бекітілетін тауарлардың (бұдан әрі – Тізбе) жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.

      3. ЕАЭО мүше-мемлекеттер аумағынан тауарларды әкелу кезінде импорттаушы "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерде (бұдан әрі – Өтініш) БТД белгіленген өлшемінен төмен құн көрсетсе, мемлекеттік кірістер органы қосылған құн салығын есептеу үшін БТД қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану тәртібі

      4. Салық төлеуші (салық агенті) не оның заңды немесе уәкілетті өкілі (бұдан әрі – өкіл) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште (төрт данада) немесе тек электрондық нысанда, лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.

      5. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі Кодекстің 456-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер импорттаушы мәлімдеген тауардың құны БТД-ның белгіленген мөлшерінен төмен болса, онда ҚҚС есептеу БТД-да көзделген құннан жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД-ны есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 12.12.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. БТД әрбір тауарға мынадай формула бойынша есептеледі:

      1) Тізбенің 1-бөліміне:

      БТД = (ОБӨК + ОҚЕАЭО) / 2

      мұнда:

      ОБӨК – осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы;

      ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны;

      2) Тізбенің 2-бөліміне:

      БТД = (ОМБА + ОҚЕАЭО) / 2

      мұнда:

      ОМБА – осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген бағалық ақпараттың орташа мәні;

      ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан Тізбенің 1-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.

      Өндіруші-кәсіпорын орташа бағалары тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 12.12.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға:

      1) Тізбеде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы;

      2) Тізбенің 2-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мемлекеттік кіріс органының ресми сайтында жарияланған бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпаратты ұсынады.

      Әкелінетін тауарлардың орташа құны және бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпарат ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметі Тауарлар номенкулатурасы кодының 10 (он) белгісі деңгейінде тауардың әрбір түрі бойынша тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.10.2025 № 288-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтар мен 31 (отыз бірінші) наурыз, 1 (бірінші) сәуір мен 30 (отызыншы) маусым, 1 (бірінші) шілде мен 30 (отызыншы) қыркүйек және 1 (бірінші) қазан мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде қолданылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 12.12.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады