БҰЙЫРАМЫН:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган –агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
1-1) азық дайындауға теріс әсер ететін қалыптан тыс ауа райы жағдайлары – cол өңір мен жыл мезгілі үшін қалыпты немесе әдеттегі ауа райынан ауытқып кететін ауа райы жағдайлары (атмосфералық немесе топырақ құрғақшылығы, аңызақ, үсік шалу, көлемі 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) және одан да ірі бұршақтың түсуі немесе 12 сағат ішінде және одан аз уақыт ішінде жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп қатты нөсерлі жаңбырдың болуы (сел жүру қаупі бар өңірлерде 12 сағат және одан аз уақыт ішінде 30 мм және одан көп нөсерлі жаңбыр));";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) аналық мал басы – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар – 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар – 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша – 12 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша – 36 айдан бастап; шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды – 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидалар өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)), "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік қуатты, тиісті инфрақұрылымның болуын айқындайтын, сондай-ақ арнайы комиссияның қорытындыларын субсидиялар алуға үміткер кәсіпорынның өндірістік қуаты мен инфрақұрылымына сәйкестігіне беруді және кері қайтарып алуды жүзеге асыратын арнайы комиссия құрады (бұдан әрі – қорытынды).
Арнайы комиссия ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) құрылымдық бөлімшесінің, және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органының өкілдерінен, сондай-ақ келісу бойынша: "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық салалық одақтардың, қауымдастықтардың, республикалық палаталардың өкілдерінен қалыптастырылады.
Арнайы комиссияның төрағасы болып ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы тағайындалады.
Арнайы комиссияның құрамы арнайы комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмауды ескере отырып қалыптастырылады.
Әрбір тауар өндірушіге арнайы комиссия айқындайтын кемінде 3 (үш) маман жіберіледі.
Тексеріп-қарау тауар өндірушінің немесе оның сенімді адамының қатысуымен жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын және инфрақұрылымды айқындау тауар өндірушінің ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) жазбаша хабарламасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Қарау мерзімі тауар өндірушінің келісуі бойынша 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қорытындының сканерленген көшірмесі мен мәліметтерін, сондай-ақ фото- және (немесе) бейнематериалдарды ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойылған қорытындыны арнайы комиссия ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде СМАЖ-ға енгізеді.
18. Арнайы комиссия кәсіпорынның өндірістік қуаты және инфрақұрылымға сәйкестігін салыстырып тексеру құжаттамасының (техникалық және (немесе) құқық беруші) негізінде фото- және (немесе) бейнематериалдарды қоса бере отырып, үш жылда бір рет, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттар өзгерген кезде жүргізіледі.
Арнайы комиссияға жыл сайын қорытынды алған тауар өндіруші қызметінің субсидиялаудың әр бір түрі бойынша өндірістік қуаты мен инфрақұрылымға сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.
Арнайы комиссия жыл сайын 1 наурызға дейінгі мерзімде оң қорытынды алған тауар өндірушілерге қызмет мониторингін жүргізу туралы хабарлама жібереді.
Тауар өндіруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ кәсіпорын инфрақұрылымының электрондық фото- және (немесе) бейнематериалдарын жібереді. Инфрақұрылымның фотосуреттерінде түсірілім жүргізілетін күндер болады, бұл ретте түсірілім тауар өндірушінің қызметіне мониторинг жүргізу туралы хабарламаны алған күннен ерте жүргізілмейді.
Тауар өндірушінің қызметіне мониторинг тауар өндіруші ұсынған құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті беруші) тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қорытындыны қайтарып алуға мыналар негіз болып табылады:
1) кәсіпорынның өндірістік қуаты мен инфрақұрылымының сәйкессіздігін анықтау;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды белгіленген мерзімде ұсынбау;
3) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды ұсынудан бас тарту.
Қорытындыны кері қайтарып алу үшін негіздер анықталған жағдайда, арнайы комиссия қорытындыны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және тауар өндірушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің себептерін, сондай-ақ уақыты мен орнын (тәсілі) көрсете отырып, қорытындыны кері қайтарып алу туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды.
Тыңдалым өткізу нәтижелері бойынша арнайы комиссия оң шешім қабылдайды не себептерін көрсете отырып, тауар өндірушіге қорытындыны кері қайтарып алу туралы хабарлама жібереді.
Арнайы комиссияның шешімдеріне шағымдану сот тәртібімен жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қағидалардың 16-тармағы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"16. Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алуды, мал басын және (немесе) өнімді өткізуді растау СМАЖ-мен интеграцияланған электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) арқылы электрондық шот-фактуралармен жүзеге асырылады.
Тауар өндіруші мал басын ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісімен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.".
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі
| 
Р/с | Субсидиялар түрлері | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | 
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||
| 1. | Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 
| 2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | Сатып алынған бас | |
| 2.1 | Отандық | 150 000 | |
| 2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген | 225 000 | |
| 2.3 | Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген | 300 000 | |
| 3. | Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың төлін өсіру шығындарын арзандату | Бас | 15 000 | 
| 4. | Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ірі қара малдың еркек дарағының (оның ішінде сүтті немесе сүтті-етті еркек дарақтар) құнын арзандату | Тірі салмақтың килограмы | 300 | 
| 5. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындарының сиыр етін өткізу құнын арзандату | Сатылған сиыр етінің килограмы | 175 | 
| Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||
| 1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | Сатып алынған бас | |
| 1.1 | Отандық | 200 000 | |
| 1.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген | 225 000 | |
| 1.3 | Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген | 400 000 | |
| 2. | Сүт өндірісінің құнын арзандату | Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм | |
| 2.1 | 600 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар | 45 | |
| 2.2 | 400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар | 30 | |
| 2.3 | Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар | 20 | |
| 2.4 | Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | Өңдеу кәсіпорнына немесе цехына өткізілген килограмм | 20 | 
| 3. | Ірі қара мал эмбриондарының сатып алу құнын арзандату | Дана | 80 000 | 
| Мал шаруашылығы | |||
| 1. | Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 
| 2. | Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті бағыттардағы асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу | Сатып алынған доза | |
| 2.1 | бір жынысты | 10 000 | |
| 2.2 | екі жынысты | 5 000 | |
| Етті құс шаруашылығы | |||
| 1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу | Сатып алынған бас | 600 | 
| 2. | Тауық етін өндіру құнын төмендету | Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм | |
| 2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 80 | |
| 2.2 | 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 70 | |
| 2.3 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 60 | |
| 2.4 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 50 | |
| Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||
| 1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 60 | 
| Қой шаруашылығы | |||
| 1. | Отандық асыл тұқымды қой басын сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 
| 2. | Импортталған асыл тұқымды аналық қой басын сатып алу | 30 000 | |
| 3. | Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | 150 000 | |
| 4. | Асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандату | Бас | 4 000 | 
| 5. | Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату | Сатылған бас | 3 000 | 
| 5.1 | Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату (маусымдық жеткізілімдер) | Сатылған бас | 7 000 | 
| 6. | Қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | Дана | 80 000 | 
| 7. | Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі аналық қой басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау | Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | 1 500 | 
| 8. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүннің құнын арзандату | ||
| 8.1. | Сапаның 60 басталатын жүн | Өткізілген килограмм | 200 | 
| 8.2. | Сапаның 50 басталатын жүн | Өткізілген килограмм | 150 | 
| 9. | Қайта өңдеуге өткізілген қылшық және жартылай қылшық жүннің құнын арзандату | Өткізілген килограмм | 25 | 
| Жылқы шаруашылығы | |||
| 1. | Мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | Бас/ шағылыстыру маусымы | 20 000 | 
| 2. | Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 
| 3. | Асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу | Сатып алынған бас | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) белгілейді | 
| 4. | Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу | Бас/жылына бір рет | ЖАО белгілейді | 
| Түйе шаруашылығы | |||
| 1. | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 
| Шошқа шаруашылығы | |||
| 1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 
| 2. | Ет өңдеу кәсіпорындарына немесе сою пункттеріне өткізілген немесе союға ауыстырылған шошқалардың құнын арзандату | Бас | 2 000 | 
| Өңірлердің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, ЖАО қалауы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен | |||
| 1. | Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | Бас | ЖАО белгілейді | 
| 2. | Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу | Сатып алынған бас | 40 000 | 
| 3. | Бие сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату | Килограмм | 60 | 
| 4. | Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату | Килограмм | 55* | 
| 5. | Бал өндірісінің құнын арзандату | Өткізілген килограмм | 200 | 
Асыл тұқымды аталық малды сатып алуды субсидиялау тек тауар өндірушіде (асыл тұқымдық орталықтарды, асыл тұқымды бұқаларды тауарлық табындарға/шаруашылықтарға жалға беретін бордақылау алаңдарын қоспағанда) аналық мал басы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 50%-на дейін белгіленген нормативтер мөлшерінде субсидияланады.
"Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялар "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтамамен расталған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен қалыптан тыс ауа райы жағдайлары басталған кезде беріледі. Бұл талап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына қолданылмайды.
"Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады.
Ескертпе:
* жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде және/ немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлу кезінде және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде "Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялаудың ағымдағы нормативін СМАЖ-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліктің келісуі бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасына байланысты 55 теңгеден 190 теңгеге дейін ұлғайтуға жол беріледі.
 
           
          
