Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 58, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 60 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 545 бірлескен қаулылары мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36995 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен қаулы мен бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 164) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 151, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 125 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1223 бірлескен қаулысы мен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21885 болып тіркелген);

      2) "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 151, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 125 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1223 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 73 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 1042 бірлескен қаулысы мен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33514 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне бірлескен қаулы мен бұйрықтың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
________ М. Абылкасымова
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________ М. Такиев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасының
міндетін атқарушы
______Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау жəне

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2025 жылғы 26 қыркүйектегі №
58, Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 60 бірлескен қаулысымен
және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 545 бұйрығымен бекітілді

Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже) 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 164) тармақшасына сәйкес әзірленді, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу шарттары, сондай-ақ нысанын, тізбесі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу туралы мәліметтер мен ақпаратты салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібі айқындалады.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттар –қолма-қол ақшаны алу мақсатын көрсететін толық ақпарат қамтылатын құжаттар, оның ішінде шарт, бұйрық, өкім, шығыстар сметасы, шот-фактура, төлем шоты, төлем ведомосы, сот шешімі, инвойс, сатып алу актісі, сатып алу ведомосы;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері – Ұлттық Банк туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасының шекті мөлшері;

      3) кәсіпкерлік субъектісінің сәйкестендіру нөмірі – кәсіпкерлік субъектісінің бизнес немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және (немесе) оның аумақтық органдары.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібі

      3. Кәсіпкерлік субъектілері банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) берілген банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдер негізінде жүзеге асырады.

      4. Ұлттық Банк туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан алатын қолма-қол ақшаның сомасы кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен аспайды.

      5. Ұлттық Банк туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын мөлшерде банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды кәсіпкерлік субъектілері Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.

      6. Банк кәсіпкерлік субъектісі банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімді берген күннен кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден кешіктірілмейтін мерзімде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға электрондық түрде банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға мәліметтерді және (немесе) құжаттарды, оның ішінде Қағидалардың 13 және 14-тармақтарына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасында мәліметтермен және (немесе) құжаттармен алмасуды жүзеге асыру мақсаты үшін беруге келісімін және кәсіпкерлік субъектісінің сәйкестендіру нөмірін, банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген адамның жеке сәйкестендіру нөмірін, күнтізбелік ай ішінде белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу сомасын, алу мақсатын, кәсіпкерлік субъектісінің санатын қамтитын өтінімді жолдайды.

      7. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган банктен Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды алған күннен кейінгі жұмыс күнінің соңына дейін Салық кодексінің 93-бабында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, банкке субъектілер алатын шекті сомадан асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатын тәуекелдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді электрондық форматта жібереді.

      8. Банктің кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органынан кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатын тәуекелдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алмауы кәсіпкерлік субъектісіне қолма-қол ақшаны беру үшін негіз болып табылады.

      9. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қағидалардың 7-тармағын іске асыру мақсатында Салық кодексінің 93-бабында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін жасырын ақпарат болып табылатын тәуекел өлшемшарттарын әзірлейді және қолданады.

      10. Салық кодексінің 93-бабында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесі бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органнан алынған кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздер болуы мүмкін тәуекелдердің болуы не болмауы туралы мәліметтері күнтізбелік бір ай ішінде қолданылады.

3-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу шарттары

      11. Ұлттық Банк туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу туралы талап қойылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден астам қолма-қол ақшаны алуына жиынтығы мынадай:

      банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттардың болуы;

      кәсіпкерлік субъектілерінің салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға мәліметтер мен құжаттарды беруге, оның ішінде Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасында мәліметтермен және (немесе) құжаттармен алмасуды жүзеге асыру мақсаты үшін беруге келісімін ұсынуы;

      банктің салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органнан кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздер болуы мүмкін тәуекелдердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді алуы шарттарын сақтаған жағдайда жол беріледі.

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібі

      12. Банктер есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада банктік шоттардан қолма-қол ақшаның алынған сомасының мөлшері туралы мәліметтерді жібереді.

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін асырған кәсіпкерлік субъектілерін айқындау үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған банктер мен кәсіпкерлік субъектілері бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендіру нөмірлері негізінде Қағидалардың 12-тармағында көзделген деректерді жинақтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жинақталған деректерді электрондық нысанда есепті айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 93-бабында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдалану үшін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және банктер Қағидалардың нормаларын және кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алудың шекті сомасын сақтауын қадағалау үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      14. Cалықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган есепті айдан кейінгі соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын кәсіпкерлік субъектісінің атауын, сәйкестендіру нөмірін, өтінім сомасын және кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының шекті сомасынан асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін тәуекелдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсете отырып, күнтізбелік ай ішінде кәсіпкерлік субъектілерінен алынған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға өтінімдері бойынша банктер бөлігіндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық нысанда жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2025 жылғы 26 қыркүйектегі №
58, Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 60 бірлескен қаулысымен
және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 545 бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің
банктік шоттардан қолма-қол
ақшаны алу қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған

      нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алу сомасының мөлшері туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: СНД_СП_1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" ___________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей, ай сайын

      БСН:

      Жинау әдісі: электрондық түрде

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті туралы ақпарат

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

Атауы

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды (ЭҚЖЖ)

ЭҚЖЖ
атауы

Банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенің жалғасы:

Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы

Қолма-қол ақшаны алудың жиын сомасы

Оның ішінде қолма-қол шетел валютасы

Оның ішінде шекті мөлшерден артық

Оның ішінде өңірлер бойынша

Астана қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Батыс Қазақстан облысы

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      кестенің жалғасы:

Есепті айдағы қолма-қол ақшаны алу сомасы

Шекті мөлшерден артық алынған қолма-қол ақшаны белгілеу туралы ақпарат

Оның ішінде өңірлер бойынша

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Түркістан облысы

Абай
облысы

Жетісу
облысы

Ұлытау
облысы

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

      Аты-жөні_________________

      Мекенжайы ______________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы

      Орындаушы ______________________________________ ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Күні 20 __ ж "____" ______________.

      Ескерту: нысан "Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алу сомасының мөлшері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Кәсіпкерлік субъектілері
күнтізбелік ай ішінде жүзеге
асырған банктік шоттардан
жиынтығында 10 000 000 (он
миллион) теңгеден астам сомада
қолма-қол ақшаны алу
сомасының мөлшері туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алу сомасының мөлшері туралы мәліметтер" (индексі – СНД_СП_1, кезеңділігі – ай сайын)

әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алу сомасының мөлшері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      3. Нысанға бас бухгалтер немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысан қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.

      5. Нысанда күнтізбелік ай ішінде кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде өңірлер бойынша жүзеге асырған банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алу сомасының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше белгіленбесе, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.

      7. 1-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомада қолма-қол ақшаны алған кәсіпкерлік субъектілерінің операциялары туралы хабарламаның реттік нөмірі көрсетіледі, ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады. Мәміленің реттік нөмірі сандық форматта "1" санынан басталып, өсу ретімен қалыптасады.

      8. 2-бағанда банк шоттарынан қолма-қол ақша алынған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.

      9. 3-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асқан банктік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН немесе ЖСН) көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиалы, өкілдігі) банктік шоттан қолма-қол ақша алуға өтінім берген жағдайда оның бас бөлімшесінің БСН немесе ЖСН көрсетіледі.

      10. 4-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асқан банктік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің атауы көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиал, өкілдік) банктік шоттан қолма-қол ақша алуға өтінім берген жағдайда оның бас бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      11. 5-бағанда банктік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің санатының коды көрсетіледі:

      01-коды – микрокәсіпкерлік субъектісі;

      02-коды – шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      03-коды – орта кәсіпкерлік субъектісі;

      04-коды – ірі кәсіпкерлік субъектісі.

      12. 6-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам қолма-қол ақша алған кәсіпкерлік субъектісінің Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды көрсетіледі.

      13. 7-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің ЭҚЖЖ атауы көрсетіледі.

      14. 8-бағанда "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 150 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 95 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21901 болып тіркелген) сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасының шекті мөлшері көрсетіледі.

      15. 9-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол шетел валютасын (операция жүргізілген күнгі банктің нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), қолма-қол ақшаны қоса алғанда, банктік шоттардан алынған қолма-қол ақшаның нақты сомасы көрсетіледі. Осы бағанның сомасы 12-31-бағандардың сомасына тең болуы тиіс.

      16. 10-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, банктік шоттарынан алынған қолма-қол шетел валютасының (операция жүргізілген күнгі банктің нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы) нақты сомасы көрсетіледі.

      17. 11-бағанда кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, банктік шоттардан қолма-қол ақша алудың шекті мөлшерінен асып кетуінің нақты сомасы көрсетіледі.

      18. 12-31-бағандарда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде өңірлер бөлігінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол шетел валютасын (операция жүргізілген күнгі банктің нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), қолма-қол ақшаны қоса алғанда, банктік шоттардан алынған қолма-қол ақшаның нақты сомасы көрсетіледі.

      19. 32-бағанда кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттарынан белгіленген шекті мөлшерден артық алынған қолма қол ақшаны белгілеу түрінің кодтары көрсетіледі:

      01-коды – жалақы төлеу;

      02-коды – іссапар шығысын төлеу;

      03-коды – тауарлар ақысын төлеу;

      04-коды – жұмыс пен қызмет ақысын төлеу;

      05-коды – шаруашылық қажеттілік;

      06-коды – есеп беретін тұлғаларға аванс;

      07-коды – жәрдемақы/материалдық көмек төлеу;

      08-коды – жалдау ақысын төлеу;

      09-коды – жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша есеп айырысу;

      10-коды – өкілдік шығыс;

      11-коды – қайырымдылық/демеушілік шығыс;

      12-коды – кассаны толықтыру;

      13-коды – ақшалай қаражатты қайтару;

      14-коды – сот шешімі/атқару парағы бойынша төлем;

      15-коды – өзге шығыс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады