"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 88/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36975 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), білім алушы және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасында жасалған халықаралық шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес көзделген тәртіпте білім алушы шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген жағдайда кадр бөлімшесі:

      курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық дайындайды;

      магистранттар мен докторанттар үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыным жібереді.

      Білім алушыны шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарылғаннан кейін кадр бөлімшесі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" ҰҚК Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85 қе бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15917 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қе бұйрық) көзделген тәртіппен оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін дайындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан, егер олар әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген болса, әскерге шақырылушылардың әскери есебіне алу үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.

      ӘАОО кадр бөлімшелері ҰҚК Кадрлар департаментіне білім алушыны ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады