"Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 688 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 169 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 519 және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 93 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 қыркүйекте № 36954 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 688 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 169 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      осы бірлескен бұйрық қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін жолдануы.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________Е. Сарсембаев
 
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 519 Бірлескен бұйрықтың
1-қосымшасы
Азаматтық хал актілерін тіркеу
саласындағы тәуекел дережесін
бағалау өлшемшарттарына
1–қосымша

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын бұзушылық дәрежесі

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

1

Баланың тууын мемлекеттік тіркеуді туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асыру

Өрескел

2

Туу туралы акт жазбасында баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туылған жерінің атауы (Қазақстан Республикасынан тыс жерде, экспедицияларда және тіркеуші органы жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған уақытында туған балаларды қоспағанда)

Елеулі

3

Баланың тууын мемлекеттік тiркеуді ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгiнің өтініші бойынша жүзеге асыру

Елеулі

4

Баланың тууын мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын, оның мәтiнiнiң нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тiлiнде аудармасын ұсынылған кезде жүзеге асыру

Өрескел

5

Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер баланың әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүзеге асыру

Әрескел

6

Тууды тіркеу туралы жазбаға неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол бала туғаннан кейін жарамсыз деп танылған кезден бастап екі жүз сексен күн асқаннан кейін анасының бұрынғы жұбайын, баланың әкесі етіп, әке болуды анықтау негізінде жазу

Өрескел

7

Туу туралы акт жазбасында босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адамды жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған жағдайда әке болуды анықтау және тууды тіркеу кезінде баланың әкесі етіп жазу

Өрескел

8

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде, егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкесі белгілі болған және тіркелген жағдайда, әке болуды анықтау негізінде баланың әкесі етіп жазу

Өрескел

9

Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегін анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазу, егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша жүзеге асыру

Елеулі

10

Баланың әкесі туралы мәліметтерге түзетулерді некеде тұрмаған ананың өтініші бойынша енгізу

Елеулі

11

Баланың тууын тіркеу туралы акт жазбасында ата-анасының қай ұлтқа жататынын Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлтын Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарында, шетелдік ұлтын оның шетелдік төлқұжатында көрсетілген (шетелдіктің шетелдік төлқұжатында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде оның ұлты өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін) ұлтына сәйкес көрсету

Елеулі

12

Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегін ата-аналарының тегі бойынша, ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегін не баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазу

Өрескел

13

Азаматтардың ниеті бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастап, ал олардың орнына әкесінің атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосып жазу

Елеулі

14

Жеке тұлғаның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол бермеу

Өрескел

15

Ата-аналардың тілегі бойынша баланың тегін, атын және әкесінің атын олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жазу

Елеулі

16

Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

17

Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәліметтер қоса беріле отырып мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

18

Өлі туған балаға және өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған балаға туу туралы куәлікті беруге жол бермеу

Елеулі

19

Бала өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мемлекеттік тіркеу - туу туралы медициналық анықтаманың негізінде, ал қайтыс болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

20

Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-аналардың немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

21

Кәмелетке толған адамның жазбаша өтініші бойынша тууды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

Елеулі

22

Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның қорытындысы негізінде жүзеге асыру

Елеулі

23

Ата-аналардың ниеті бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеуді өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында қамтамасыз ету

Болмашы

24

Әке болуды анықтауға байланысты баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші, анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші; әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде туу туралы акт жазбасына өзгерту енгізуді жүзеге асыру

Өрескел

25

Әке болуды анықтауға байлынысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу және неке қиюды мемлекеттік тіркеу әрекетке қабілетті тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асыру

Өрескел

26

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтау кезінде өтінішті бір мезгілде берген кезде, туу туралы акт жазбасына әке туралы мәліметтерді жазу

Елеулі

27

Кәмелетке толған адамдарға қатысты әке болуды анықтауға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізуді – олардың жазбаша келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекетке қабiлетсіз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жүзеге асыру

Елеулі

28

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асыру

Өрескел

29

Бір жынысты адамдардың, олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың, жақын туыстардың, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың, соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол бермеу

Өрескел

30

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүзеге асыру

Елеулі

31

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүзеге асыру (дәлелді себептерді (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) қоспағанда)

Елеулі

32

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеу кезінде, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiн не төлқұжатын; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде есепке алынғаны туралы шетелдегi консулдық мекеменiң белгiсi бар Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген құжатын ұсынғанда жүзеге асыру

Елеулі

33

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеуді басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдiк, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтiнiнiң нотариат куәландырған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынған кезде жүзеге асыру

Өрескел

34

Еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас деп белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасына жеткендердің және неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеуді және қалыңдықтың жүкті болуы немесе ортақ бала туған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетіп жүзеге асыру

Өрескел

35

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты (16-дан 18 жасқа дейін) белгiленген неке жасын азайту қажеттігін растайтын құжаттарды, неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен, олардың жеке басын куәландыратын құжаттары беріле отырып жүзеге асыру

Өрескел

36

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге ниет білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегін көрсету

Елеулі

37

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы тектерінде қалуға ниет білдірген ерлі-зайыптылардың тектерін қалдыру

Елеулі

38

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға ниет білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазу

Елеулі

39

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде, егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүзеге асыру

Елеулі

40

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде, тіркеуші органның лауазымды адамы некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді, болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды, кедергінің жоқ екендігін анықтайды, мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады

Елеулі

41

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде, неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган басшысының қолы қойылған және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізеді

Елеулі

42

Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тарту

Елеулі

43

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) ниеті бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүзеге асыру

Болмашы

44

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса жүзеге асыру

Елеулі

45

Некеге құқық қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беру

Елеулі

46

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті немесе егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiкті ұсынған кезде беру

Елеулі

47

Некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді бас бостандығынан айыру орындарында (қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде) қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді некеге отыратын адамдардың қатысуымен тіркеуші органдар неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүзеге асыру

Елеулі

48

Некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді сотқа дейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамдармен тіркеуші орган адамды немесе осы іс жүргізуінде жатқан органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторларында жүзеге асыру

Елеулі

49

Неке (ерлі-зайыпты болу) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүзеге асыру

Елеулі

50

Мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш түскен жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеуді күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап ету

Елеулі

51

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі бойынша жүзеге асыру

Өрескел

52

Некені (ерлі - зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді ерлі - зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, осы өтінішті берген жұбайының тұрғылықты жеру бойынша жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді жариялау туралы қаулысының негізінде жүзеге асыру

Елеулі

53

Некені (ерлі - зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүзеге асыру

Өрескел

54

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде жұбайынан өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы

Елеулі

55

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде, некеге отыру кезде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы көрсету

Елеулі

56

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты акт жазбаға өзгерістер енгізуді он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға ниет білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүзеге асыру

Өрескел

57

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды жасалған адамның туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу

Елеулі

58

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүзеге асыру

Өрескел

59

Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамдары қайтыс болғаны туралы мәлімет қамтылған медициналық куәлікті енгізе отырып, жүзеге асыру

Елеулі

60

Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізу, қайтыс болу туралы анықтама беру

Елеулі

61

Азаматтық хал актілері куәліктерінің бланкілерін жанбайтын сейфте сақтау

Өрескел

62

Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны жасаған тіркеуші орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтылған, екі данада жасау

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 519 Бірлескен бұйрықтың
2-қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 169 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 688 бірлескен бұйрығына
№ 2 қосымша

Тексеру парағы

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалдарының (бұдан әрі -

      тіркеуші органдары) қызметіне қатысты _________________________________

      ____________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) бірыңғай тобының атауы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (№ , күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ____________________________________________________________________

                  (бизнес - сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талап тізбесі

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

1

Баланың тууын мемлекеттік тіркеуді туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асыру

2

Туу туралы акт жазбасында баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туылған жерінің атауы (Қазақстан Республикасынан тыс жерде, экспедицияларда және тіркеуші органы жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған уақытында туған балаларды қоспағанда)

3

Баланың тууын мемлекеттік тiркеуді ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгiнің өтініші бойынша жүзеге асыру

4

Баланың тууын мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын, оның мәтiнiнiң нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тiлiнде аудармасын ұсынылған кезде жүзеге асыру

5

Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер баланың әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүзеге асыру

6

Тууды тіркеу туралы жазбаға неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол бала туғаннан кейін жарамсыз деп танылған кезден бастап екі жүз сексен күн асқаннан кейін анасының бұрынғы жұбайын, баланың әкесі етіп, әке болуды анықтау негізінде жазу

7

Туу туралы акт жазбасында босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адамды жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған жағдайда әке болуды анықтау және тууды тіркеу кезінде баланың әкесі етіп жазу

8

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде, егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкесі белгілі болған және тіркелген жағдайда, әке болуды анықтау негізінде баланың әкесі етіп жазу

9

Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегін анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазу, егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша жүзеге асыру

10

Баланың әкесі туралы мәліметтерге түзетулерді некеде тұрмаған ананың өтініші бойынша енгізу

11

Баланың тууын тіркеу туралы акт жазбасында ата-анасының қай ұлтқа жататынын Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлтын Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарында, шетелдік ұлтын оның шетелдік төлқұжатында көрсетілген (шетелдіктің шетелдік төлқұжатында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде оның ұлты өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін) ұлтына сәйкес көрсету

12

Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегін ата-аналарының тегі бойынша, ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегін не баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазу

13

Азаматтардың ниеті бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастап, ал олардың орнына әкесінің атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосып жазу

14

Жеке тұлғаның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол бермеу

15

Ата-аналардың тілегі бойынша баланың тегін, атын және әкесінің атын олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жазу

16

Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

17

Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәліметтер қоса беріле отырып мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

18

Өлі туған балаға және өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған балаға туу туралы куәлікті беруге жол бермеу

19

Бала өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мемлекеттік тіркеу - туу туралы медициналық анықтаманың негізінде, ал қайтыс болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

20

Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-аналардың немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

21

Кәмелетке толған адамның жазбаша өтініші бойынша тууды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру

22

Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның қорытындысы негізінде жүзеге асыру

23

Ата-аналардың ниеті бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеуді өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында қамтамасыз ету

24

Әке болуды анықтауға байланысты баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші, анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші; әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде туу туралы акт жазбасына өзгерту енгізуді жүзеге асыру

25

Әке болуды анықтауға байлынысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу және неке қиюды мемлекеттік тіркеу әрекетке қабілетті тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асыру

26

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтау кезінде өтінішті бір мезгілде берген кезде, туу туралы акт жазбасына әке туралы мәліметтерді жазу

27

Кәмелетке толған адамдарға қатысты әке болуды анықтауға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізуді – олардың жазбаша келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекетке қабiлетсіз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жүзеге асыру

28

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асыру

29

Бір жынысты адамдардың, олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың, жақын туыстардың, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың, соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол бермеу

30

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүзеге асыру

31

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүзеге асыру (дәлелді себептерді (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) қоспағанда)

32

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеу кезінде, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiн не төлқұжатын; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде есепке алынғаны туралы шетелдегi консулдық мекеменiң белгiсi бар Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген құжатын ұсынғанда жүзеге асыру

33

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеуді басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдiк, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтiнiнiң нотариат куәландырған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынған кезде жүзеге асыру

34

Еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас деп белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасына жеткендердің және неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеуді және қалыңдықтың жүкті болуы немесе ортақ бала туған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетіп жүзеге асыру

35

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты (16-дан 18 жасқа дейін) белгiленген неке жасын азайту қажеттігін растайтын құжаттарды, неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен, олардың жеке басын куәландыратын құжаттары беріле отырып жүзеге асыру

36

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге ниет білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегін көрсету

37

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы тектерінде қалуға ниет білдірген ерлі-зайыптылардың тектерін қалдыру

38

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға ниет білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазу

39

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу кезінде, егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүзеге асыру.

40

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде, тіркеуші органның лауазымды адамы некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді, болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды, кедергінің жоқ екендігін анықтайды, мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады

41

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде, неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган басшысының қолы қойылған және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізеді

42

Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тарту

43

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) ниеті бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүзеге асыру

44

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса жүзеге асыру

45

Некеге құқық қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беру

46

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті немесе егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiкті ұсынған кезде беру

47

Некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді бас бостандығынан айыру орындарында (қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде) қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді некеге отыратын адамдардың қатысуымен тіркеуші органдар неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүзеге асыру

48

Некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді сотқа дейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамдармен тіркеуші орган адамды немесе осы іс жүргізуінде жатқан органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторларында жүзеге асыру

49

Неке (ерлі-зайыпты болу) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүзеге асыру

50

Мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш түскен жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеуді күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап ету

51

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі бойынша жүзеге асыру

52

Некені (ерлі - зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді ерлі - зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, осы өтінішті берген жұбайының тұрғылықты жеру бойынша жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді жариялау туралы қаулысының негізінде жүзеге асыру

53

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүзеге асыру

54

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде жұбайынан өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы

55

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде, некеге отыру кезде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы көрсету

56

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты акт жазбаға өзгерістер енгізуді он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға ниет білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүзеге асыру

57

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды жасалған адамның туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу

58

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүзеге асыру

59

Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамдары қайтыс болғаны туралы мәлімет қамтылған медициналық куәлікті енгізе отырып, жүзеге асыру

60

Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізу, қайтыс болу туралы анықтама беру

61

Азаматтық хал актілері куәліктерінің бланкілерін жанбайтын сейфте сақтау

62

Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны жасаған тіркеуші орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтылған, екі данада жасау

      Лауазымды тұлға (тұлғалар)
__________________________________________________________________
                        (лауазымы) (қолы)

                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________________
                              (лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады