Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 қыркүйекте № 36953 болып тіркелді

      2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 141-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк шығынға өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 94
бұйрығымен бекітілген

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 141-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу тәртібін (бұдан әрі – Мүліктік шығындарды өтеу) айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34383 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына сәйкес өтелуге жататын табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеуге қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) жабдық – жұмыс істеу немесе өндіріс үшін пайдаланылатын активтер, машиналардың, механизмдердің, аспаптардың, құрылғылардың жиынтығы, сондай-ақ кәсіпорынның немесе ұйымның қызметін ұйымдық-технологиялық қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын олардың жиынтықтауыштары, керек-жарақтары, мүкәммалы, көлік құралдары, құралдары;

      2) Комиссия – аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссия;

      3) Өңірлік комиссия – жергілікті атқарушы орган құратын, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан залал шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік шығындарын өтеу сомасын айқындау бойынша құжаттар қарауды, тексеру жүргізуді және шешім қабылдауды жүзеге асыратын алқалы орган.

2-тарау. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындағаннан кейін меншік құқығы немесе өзге де заттық құқығы тіркелген мүлікті қоспағанда, мүліктік шығындарды өтеу табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – Мүлік иесі) жоғалған мүліктің құнын немесе зақымдалған мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу жолымен жүргізіледі.

      Сақтандыру төлемі болған жағдайда, өзге көздерден өтемақы төлеу жүргізілмейді.

      5. Мүліктік шығындарды өтеудің қаржыландыру көзін өңірлік комиссия Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаттары және/немесе ұйымдардың қаражаттары, азаматтардың ерікті жарналары, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің қаражаттары және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен айқындайды.

      6. Жоғалған тауар-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) өтеу тиісті тапсырысты міндетті түрде растай отырып (шот-фактура, жүкқұжат, жеткізу шарты және сатып алу фактісін растайтын өзге де құжаттар), көтерме жеткізушінің сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі.

      7. Өңірлік комиссияның шешімі жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

      Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарының өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.

      8. Мүлік иесін табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен деп тану үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі Комиссия құрады.

      Комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мүлік иесін табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) комиссияның үлгілік ережесі негізінде жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттай құқық, осы мүліктің құрамы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен расталады.

      10. Жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу мөлшері:

      1) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі ТМҚ мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жойылған ТМҚ өтеу сомасына жүргізілген есептеудің қорытындылары бойынша;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын жоғалған немесе қалпына келтіруге жататын ТМҚ мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүліктерді қоспағанда) – залал сомасын айқындау жөніндегі сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы бойынша;

      қалпына келтіруге жатпайтын ТМҚ мен негізгі құралдар үшін – залал келген күнгі тозуын ескере отырып, нарықтық құнын бағалау туралы есеп бойынша;

      2) жабдық үшін – қалпына келтіру жөндеу сметасы бойынша, шығындар калькуляциясы не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы бойынша;

      қалпына келтіруге жатпайтын жабдық үшін – залал келген күнгі оның тозуын ескере отырып, нарықтық құнды бағалау туралы есеп бойынша;

      3) жылжымайтын мүлік үшін – ақаулық ведомосі бойынша, сметалық құжаттама, қалпына келтіру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама, техникалық тексеру бойынша қорытынды, залал келген сәттегі тозуды ескере отырып, жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы бойынша;

      4) зақымданған, сондай-ақ қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралы үшін – қалпына келтіру жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы, залал келген күнгі оның тозуын ескере отырып, нарықтық құнды бағалау туралы есеп не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы бойынша.

      11. Мүлікті бағалауды және (немесе) ілеспе аудиторлық қызметтерді, техникалық қарап тексеруді, жобалау-сметалық құжаттаманы жүргізуге, сметалық құжаттаманы жасауға және зақымданған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығындарының калькуляциясына байланысты көрсетілетін қызметтерге/жұмыстарға ақы төлеу, сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы облыстың жергілікті атқарушы органына жүктеледі.

      12. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қызметтерді/жұмыстарды көрсету үшін бағалау және аудиторлық компаниялардың, техникалық қарап тексеруді жүргізетін сарапшылардың алдын ала тізбесін айқындайды және оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.

      Облыстың жергілікті атқарушы органы қызметтерді/жұмыстарды көрсету фактісі бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қызметтерге/жұмыстарға ақы төлейді.

      13. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген жойылған мүліктің құнын немесе зақымданған мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін, мүлік иесі немесе оның өкілі облыстық жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы Өңірлік комиссияға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген мүлік шығындарын өтеу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтемақы туралы өтініш), және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жібереді.

      Мүлік иесінің жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда, Өтемақы туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін адам жүгіне алады.

      Мүлік иесі не оның өкілі Өтемақы туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің және қоса берілген барлық құжаттардың анықтығын растайды.

      Өтемақы туралы өтініштерін қабылдауды Өңірлік комиссия табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап 180 (бір жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      14. Өңірлік комиссиясы Өтемақы туралы өтінішті түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      15. Өтемақы туралы өтінішке мүлік иесі не оның өкілі өтемақы сомасын міндетті түрде көрсете отырып, Комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ мыналарды береді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама;

      2) мүлікке немесе мүлікке өзге заттық құқықтарға құқықтар (құқықтарға шектеулер) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құқықты растайтын құжаттар, сәйкестендіру құжаттары (бар болған жағдайда);

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш не сақтандыру шарты не сақтандыру шартының электрондық көшірмесі (бар болса);

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың анықтығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      5) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтемақы мөлшерін айқындау үшін көрсетілетін қызметтерге/жұмыстарға тартылатын адамдарды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар ұсынатын құжаттардағы мәліметтердің анықтығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілгені туралы жазбаша хабардар ету;

      6) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қызметтерге/жұмыстарға ақы төлеуге арналған шот-фактура не шот;

      7) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім, жеке кәсіпкердің не заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы қойылған, жойылған және (немесе) бүлінген тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың бекітілген тізбесі;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын жоғалған немесе зақымданған ТМҚ мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүліктерді қоспағанда) – сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы;

      қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін ТМҚ мен негізгі құралдар үшін – залал келген күнгі тозуын ескере отырып нарықтық құнды бағалау туралы есеп;

      8) зақымдалған жабдық үшін – қалпына келтіру жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы;

      қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін жабдық үшін – мүлікті залал келген күнгі тозуын ескере отырып бағалау туралы есеп 9) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүліктің бүліну, жойылу фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар (бар болса).

      Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы;

      2) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық қарап-тексеру жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

      Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу тәртібі "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

      Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда осы құжаттың телнұсқасы не көшірмесі беріледі;

      4) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы мәліметтер;

      5) ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама;

      6) күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама;

      7) қалпына келтіруге жатпайтын ғимараттарды бөлшектеу бойынша – салдардың туындау сәтіндегі тозуды ескере отырып, жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы.

      Қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралдары бойынша:

      1) автокөлік құралының болуын растау және автокөлік құралын есепке алуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік орган берген құқық белгілейтін құжаттар;

      2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автокөлік құралын толық сақтандыру шартының жоқтығы туралы өтініш.

      3) зақымдалған автокөлік құралы үшін – қалпына келтіру жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы не сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің қорытындысы;

      4) сәйкестендірілетін, қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралы үшін – залал келген күнгі оның тозуын ескере отырып, нарықтық құнды бағалау туралы есеп.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде Өңірлік комиссияның жұмыс органы болып табылатын, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Өтемақы туралы өтінішті қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарды қайтару туралы шешім мүлік иесін өтемақы туралы өтінішті қайта жіберу мүмкіндігінен айырмайды.

      17. Жойылған ТМҚ өтемақы сомасын есептеу осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мынадай формулалардың бірі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде жүргізіледі:

      1) S = Х * N/M, мұндағы:

      Х – 1,2 тең коэффициент – сауда субъектілері және өзге санаттар үшін 0,5 тең коэффициент – қоғамдық тамақтану субъектілері үшін;

      S – өтемақы сомасы;

      N – салық есептілігі нысандарының және (немесе) электрондық шот-фактуралардың деректеріне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің өткізу айналымы немесе кірісі.

      Бұл ретте айналым мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтерінен ең көп сома негізінде айқындалады:

      1) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер үшін – табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған қосымша нысандарды ескере отырып, қосылған құн салығы бойынша декларациялар бойынша өткізу айналымдары (300.00-нысан);

      2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған қосымша нысандарды ескере отырып, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациялар бойынша айналымдар сомасы (910.00-нысан);

      3) бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған бөлшек салықтың салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация бойынша айналымдар сомасы (913.00-нысан);

      4) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы (100.00-нысан) немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған жеке табыс салығы бойынша декларацияны (220.00-нысан), табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы жыл үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей жазып берілген электрондық шот-фактураларды өткізу айналымы.

      Егер тұлға табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындағанға дейінгі алдыңғы жылғы кезеңде ҚҚС төлеуші болып табылған жағдайда, кірісті айқындау үшін салықтық есептілік нысанының бір түрі (100.00, 110.00, 150.00, 300.00, 910.00, 911.00, 912.00, 913.00, 920.00, 220.00 нысандары) бойынша ең жоғары сома қолданылады;

      М – зерттелетін кезеңдегі айлар саны.

      Ескертпе: әдетте, есептеу үшін 12 ай пайдаланылады. Егер кәсіпкерлік субъектісін тіркеу күні немесе ҚҚС бойынша есепке қою күні немесе салық режимі ауысқан күні зерттелетін салықтық кезеңге сәйкес келсе, айлар саны 12-ден аз болуы мүмкін.

      Мұндай жағдайда айлар саны ҚҚС бойынша тіркелген не есепке қойылған не салық режимі ауысқан айдан бастап есептеледі;

      2) S = Х * N/D*30, мұндағы:

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2 қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтемақы сомасы;

      N – табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде, бірақ табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жылдан ерте емес есептелген айналым сомасы;

      D – табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейінгі күндер саны.

      Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептеу салдарынан алынған сомалардың ішінен ең жоғарысы таңдалады.

      18. Егер зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жыл ішінде тіркелген болса, кірісті айқындау үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның бірінші айының бірінші күніне дейін табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде айқындалған айналымның не табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның бірінші айының он бес күнтізбелік күнін қоса алғанда одан кешіктірмей жазып берілген, табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы электрондық шоттардың деректері бойынша айналымның ең жоғары сомасы мынадай формула бойынша қолданылады :

      S = Х * N/D*30, мұндағы:

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2 қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтемақы сомасы;

      N – табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның бірінші айының бірінші күніне дейін табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде есептелген айналым сомасы , не табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның бірінші айының он бес күнтізбелік күнін қоса алғанда одан кешіктірмей жазып берілген, табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы электрондық шоттардың деректері бойынша айналым:

      D – табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезеңде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған тоқсанның бірінші айының бірінші күніне дейінгі күндер саны.

      19. Егер зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін жүзеге асыру орны біреуден артық болса, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен қызмет жүзеге асырылатын орын (орындар) бойынша өтемақы сомасы ретінде:

      1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есептелген, қызметті жүзеге асыру орындарының санына бөлінген және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен қызметті жүзеге асыру орындарының санына көбейтілген сома;

      2) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген 2-формула бойынша нақты зардап шеккен объектіде тіркелген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының (машиналарының) түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде есептелген сома қабылданады.

      20. Осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жойылған ТМҚ, негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) өтеу сомасының жүргізілген есептеу қорытындылары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде коэффициенттер бойынша мәлімделген және есептелген сомаларда алшақтық болған кезде өтемақы сомасы мынадай жағдайлардың бірінде:

      1) егер есептеу сомасы мәлімделген сомадан жоғары болса, мәлімделген сомаға дейін азайту жағына қарай;

      2) егер мәлімделген сома есептеу сомасынан жоғары болса, есептеу сомасына дейін азайту жағына қарай азаяды.

      21. Егер мүлік иесі осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген есептеулерге сәйкес жоғалған ТМҚ, негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) өтеу сомасымен келіспеген және нақты келтірілген залал бойынша өтемақы алуға ниет білдірген жағдайда, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарға – өтемақы сомасын айқындау жөніндегі сот сараптамасының/мамандандырылған зерттеудің (сот-бухгалтерлік немесе сот-тауартану) қорытындысы қоса беріледі.

      22. Өтемақы туралы өтініштің және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттардың негізінде Өңірлік комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүліктік шығындарды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімнің жобасын әзірлейді.

      Өңірлік комиссияның шешімі мыналарды:

      1) шешім қабылдау күні мен орнын;

      2) Өңірлік комиссияның атауын;

      3) шешім қабылдау негіздерін;

      4) мүліктің иесі туралы мәліметтерді;

      5) өтеуге жататын соманы;

      6) қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қамтиды.

      Мүліктік шығындарды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, Өңірлік комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүлік иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Егер сақтандыру шартының талаптарына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайда жылжымайтын мүлікке келтірілген залал сақтандыру жағдайы болып табылмаса, Өңірлік комиссияның шешімі бойынша сақтандырылған жылжымайтын мүлікке өтемақы жүргізіледі.

      23. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша шағымды қарау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүргізіледі.

      24. Ақша қаражатын Өңірлік комиссияның тиісті шешімімен айқындалған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жеткілікті қаржыландыру болған кезде мүлік иесінің Өтемақы туралы өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

      25. Облыстың жергілікті атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өңірлік комиссияның мүліктік шығындарды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімдері негізінде мүлік иелерінің тізбесін, өтелуге жататын сомаларды, қаржыландыру көзін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің санатын көрсете отырып, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің өңірлік тізілімін (бұдан әрі – Өңірлік тізілім) қалыптастырады.

      26. Өңірлік тізілімді растайтын құжаттарды (олар бойынша Өңірлік комиссия табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген өтемақы сомасын бағалау туралы өз шешімін негіздеген) қоса бере отырып, облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын есепті кезеңнің 5-күнінен кешіктірмей қалыптастырады және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен субъектілердің жалпы тізілімін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жібереді.

      27. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларға келтірілген мүліктік шығынды, оның ішінде коммерциялық автокөлік құралдары болып табылмайтын автокөлік құралдарына қатысты өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысымен бекітілген табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережелерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеу қағидаларына
1-қосымша

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеуді айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеуді айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеуді айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Өңірлік комиссия өз қызметін табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу сомасын айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Өңірлік комиссияның құрамы

      3. Өңірлік комиссия облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Өңірлік комиссияның құрамы жеті мүшеден кем болмауға тиіс.

      Өңірлік комиссияның құрамына жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      5. Өңірлік комиссияға облыстың кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі Өңірлік комиссияның құжаттарды жинауды және қалыптастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.

      7. Өңірлік комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Өңірлік комиссияның міндеттері

      8. Өңірлік комиссияның міндеттері:

      1) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтеу сомасын айқындау;

      2) мүлік иесі берген құжаттарды қарау;

      3) жоғалған/зақымдалған мүлікке тексеру жүргізу (қажет болған жағдайда);

      4) мүлік иесі ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Өңірлік комиссия:

      1) табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтеу сомасын айқындау жөніндегі құжаттар топтамасын қарау кезінде Өңірлік комиссияның отырыстарына мүлік иесін және (немесе) лауазымды тұлғаларды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақырады (қажет болған жағдайда);

      2) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу сомасын айқындау мақсатында мүлік иесі ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда);

      3) мүлік иесінің мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан мәліметтерді сұратуға және алуға келісіміне сәйкес және заңнама талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік кіріс органдарынан шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді талап етеді;

      4) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Өңірлік комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Өңірлік комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) мүлік иесін не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Өңірлік комиссияның көшпелі отырыстары.

      11. Комиссияның отырысы қажеттігіне қарай Қағидаларда және осы Ережеде белгіленген өтініштерді қарау мерзімдеріне сәйкес өткізіледі.

      12. Өңірлік комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.

      13. Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі бекітеді.

      14. Өңірлік комиссияның отырысын төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі шақырады.

      15. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру Өңірлік комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын Өңірлік комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      17. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Өңірлік комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге адамдарға да жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тізбесін жұмыс органы айқындайды және Өңірлік комиссияның төрағасы немесе төрағаның міндетін атқарушы мүшесі келіседі.

      18. Өңірлік комиссияның отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Өңірлік комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      19. Өңірлік комиссияның мүшелері Өңірлік комиссияның жұмысына жеке өзі қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      20. Өңірлік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      21. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия төрағасының шешімімен жергілікті атқарушы органның жұмыскерлері қатарынан тағайындалады. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      22. Өңірлік комиссияның хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Өңірлік комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Өңірлік комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Өңірлік комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) өтемақы туралы келіп түскен Өтініштердің есебін жүргізеді;

      5) Өңірлік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Өңірлік комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Өңірлік комиссия отырысының хаттамаларынан үзінділерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Өңірлік комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Өңірлік комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады.

      23. Өңірлік комиссияның мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Өңірлік комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Өңірлік комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатысады;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша мәлімдемелер жасайды, ұсыныстар енгізеді;

      3) Өңірлік комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізеді;

      4) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның отырысын шақыруды талап етеді;

      5) Өңірлік комиссия отырысының хаттамасына Өңірлік комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданатын шешімдер бойынша ерекше пікірін енгізуді талап етеді;

      6) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      7) Өңірлік комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      8) Өңірлік комиссияның отырысына өзі қатысады;

      9) Өңірлік комиссияның хатшысына Өңірлік комиссия отырысы басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын өзінің болмау себептерін көрсете отырып, Өңірлік комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлайды;

      10) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің лауазымдық жағдайын (Өңірлік комиссияның мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      24. Өңірлік комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Өңірлік комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Облыстың өңірлік комиссиясы отырысының хаттамасын ресімдеу

      25. Өңірлік комиссия отырысының нәтижелері бойынша Өңірлік комиссияның хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде отырыстың хаттамасын жасайды.

      26. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасында:

      1) өткізу орны, уақыты, форматы (бетпе-бет, онлайн форматтағы бетпе-бет, сырттай);

      2) отырысқа қатысып отырған адамдар;

      3) отырыстың күн тәртібі;

      4) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      5) қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      27. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия отырысы хаттамасының дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді.

      28. Хаттамаға Өңірлік комиссияның төрағасы (отырыста төрағалық етуші), Өңірлік комиссияның мүшелері және Өңірлік комиссияның хатшысы қол қояды.

      29. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасы 1 (бір) данада ресімделеді, оған қаралған құжаттар және хаттамаға қосымшалар болып табылатын өзге де материалдар қоса тіркеледі.

      30. Өңірлік комиссия хаттамасының сканерленген көшірмесі де электрондық түрде сақталады.

      31. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Өңірлік комиссияның хатшысы оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттаманы Өңірлік комиссия мүшелеріне таратуды ұйымдастырады және өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын
және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне келтірілген
мүліктік шығындарды
өтеу қағидаларына
2-қосымша

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесі мен қызметіне байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Комиссия алқалы орган болып табылады және өз қызметін табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен мүлік иесін айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның құрамы

      3. Комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс.

      Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы және өкілді органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың және жеке ұйымдардың өкілдері кіреді.

      5. Комиссияға кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен деп тану туралы мүлік иелерінің өтініштерін қабылдауды, құжаттарды жинау мен қалыптастыруды жүзеге асырған Комиссияның жұмыс органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      7. Комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Комиссияның міндеттері

      8. Комиссияның міндеттері:

      1) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану;

      2) мүлік иесі берген құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарау;

      3) жоғалған/зақымданған мүлікке тексеру жүргізу (қажет болған жағдайда);

      4) мүлік иелері ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) болып табылады.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия:

      1) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану туралы мәселені қарау кезінде Комиссияның отырыстарына (қажет болған жағдайда) мүлік иелерін және (немесе) лауазымды адамдарды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақырады (қажет болған жағдайда);

      2) табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан өзін зардап шеккен деп тану мақсатында мүлік иесі ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда);

      3) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттармен шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) мүлік иесінің не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Комиссияның көшпелі отырыстары.

      11. Комиссияның отырысы қажеттігіне қарай осы Ережеде белгіленген өтініштерді қарау мерзімдеріне сәйкес өткізіледі.

      12. Комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.

      13. Комиссия отырысының күн тәртібін төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі бекітеді.

      14. Комиссия отырысын төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі шақырады.

      15. Комиссияның отырыстарын шақыру Комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      17. Комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге адамдарға да жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тізбесін жұмыс органы айқындайды және Өңірлік комиссияның төрағасы немесе төрағаның міндетін атқарушы мүшесі келіседі.

      18. Комиссия отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      19. Комиссия мүшелері Комиссияның жұмысына жеке өздері қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      20. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      21. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы қызметкерлерінің арасынан тағайындалады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы болмайды.

      22. Комиссия хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) келіп түскен мүлік иелерінен өтініштердің есебін жүргізеді;

      5) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Комиссия отырысының хаттамаларынан үзінді көшірмелерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады.

      23. Комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша мәмілелер жасайды, ұсыныстар енгізеді;

      3) Комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізеді;

      4) осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссия отырысын шақыруды талап етеді;

      5) Комиссия отырысының хаттамасына Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданған шешімдер бойынша ерекше пікірін енгізуді талап етеді;

      6) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      7) Комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      8) Комиссия отырысына өзі қатысады;

      9) Комиссия хатшысына Комиссия отырысы басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын өзінің болмау себептерін көрсете отырып, Комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлайды;

      10) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің қызметтік жағдайын (Комиссия мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      24. Комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Комиссияны хабардар етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Комиссияның қорытындысын тіркеу

      25. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша Комиссия хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан мүлік иесін зардап
шеккен деп тану жөніндегі аудандық
(облыстық маңызы бар қала)
комиссия туралы үлгілік ережеге
қосымша

      Нысан

                  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
      салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссияның
                        ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      _______________ аудан/қала_______________ 20___ жылғы "__" ______

      ________ облысы __________ ауданының/облыстық маңызы бар
қаласының табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлік иесін зардап
шеккен деп тану жөніндегі комиссиясы БЕЛГІЛЕДІ:

      20__ жылғы "_" _______ мына мекенжайда: ________ көшесі, ________
ауылы/кенті, ________ ауданы/облыстық маңызы бар қаласы, ________ облысы,
__________________________________________________________ орын алды.
      (табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрін көрсету қажет)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде келесі мүлік зардап шекті:
____________________________________________________________________,
      жылжымайтын/жылжымалы мүлік/ТМҚ/жабдықтар
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________меншігіндегі
            (жеке кәсіпкердің / заңды тұлғаның атауы)

      Комиссия төрағасы: _________
Комиссия хатшысы: _________

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік
шығынның өтемақысын
айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

      Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын
            және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген
            мүліктік шығындарды өтеу туралы өтініш

      1. Жеке индикациялық нөмір/Бизнес индикациялық нөмір: _____________
2. Дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы: __________________________
3. Байланысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ___________
4. Байланыс деректері: ___________________________________________
5. Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________
6. Дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның заңды мекенжайы:
_______________ _________________________________________________
7. Банктің банктік сәйкестендіру коды: _____________________________
8. Ағымдағы/жинақ шотының нөмірі: ___________________________
9. Қайтару түрі __________________________________________________
            (1. сот сараптамасын/арнайы зерттеуді жүргізбей;
            2. сот сараптамасы/арнайы зерттеу негізінде өтеу)
10. Мүлікті ерікті сақтандыру шартының болуы: _____________________
11. Объект түрі: _________________________________________________
ерікті түрде (сауда, тамақтану, қонақ үй, жол бойындағы сервис)
12. Өтемақының сомасы: ____________________________________
13. Осы өтінішпен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес менің дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
14. Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: _______________________
_______________________________________________________________
                  мүлік иесінің не оның өкілінің
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік
шығындарды өтеуді айқындау
жөніндегі өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

                  Мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш
            _______________________________________________________________
                        дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осы өтінішпен табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залал келтірілген мүлік
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес
сақтандырлмағанын растаймын.
                  __________________________________________________
                              мүлік иесінің не оның өкілінің
                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеуді айқындау жөніндегі өңірлік
комиссия
_________________________
(облыстың)

      Мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың анықтығы үшін
            қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы хабарлама

      Мен, _________________________________________________________,
            мүлік иесінің не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген мүліктік шығындарды өтеу мөлшерін
айқындау үшін құжаттар ұсындым. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне
сәйкес маған көрінеу жалған құжаттарды және (немесе) осындай құжаттарда көрсетілген анық
емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
__________________________________________________________
                  мүлік иесінің не оның өкілінің
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік
шығындарды өтеу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік
шығындарды өтеуді айқындау
жөніндегі өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

      Бағалау, сараптама ұйымдарын және өтемақының мөлшерін
      айқындау үшін тартылатын өзге де адамдарды олар ұсынатын
      құжаттардағы мәліметтердің анықтығы үшін қылмыстық
            жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы хабарлама

      Мен, _________________________________________________________,
                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
                  дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін
айқындау бойынша __________________________________ қызметтері
жүргізілді
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жүргізілген қызмет түрі

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес маған
көрінеу жалған қорытынды/бағалау немесе қорытындыда/бағалауда көрсетілген
анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
__________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөрі (бар болса)

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік
шығындарды өтеу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеуді айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

            Мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер
            операторларынан мәліметтерді сұратуға және алуға келісім
            _______________________________________________________________
                        дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осымен табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларында белгіленген коэффициенттерді ескере
отырып, өткен жылдағы орташа айлық айналымдар негізінде өтеу сомасын одан әрі есептеу үшін
мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан өткен жылдағы айналым
сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға өз келісімімді білдіремін
______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөрі (бар болса)

  Табиғи сипаттағы төтенше
жағдай салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеу қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығындарды
өтеуді айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

      Автомобиль көлік құралын толық сақтандыру шартының
                        жоқтығы туралы өтініш
            ________________________________________________,
                  дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осы өтінішпен табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залал
келтірілген автомобиль көлік құралы, атап айтқанда:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына
сәйкес сақтандырлмағанын растаймын.
___________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөрі (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады