"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 қыркүйекте № 36939 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме):

      1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3 және 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,

      мұнда:

      У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;

      Т – "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) cәйкес АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      К, Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N – жануарлар дүниесі объектілерінің нақты түрі дарақтарының саны.

      4. Жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x Кд x N, мұнда:

      У - жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);

      Т - "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) cәйкес АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      Кд – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N - жануарлар дериваттарының саны (дана)." ;

      Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 257 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянның
орнын толтыру мөлшерін
айқындау әдістемесіне
қосымша

Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні

Жануарлар дүниесі объектілеріне зиян келтіруге түрткі болған мән-жайлар

Коэффициенттер мәні

1.

Жануарлар дүниесі объектілерін қасақана жою, оның ішінде:

1.1

Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда)

Коэффициент "К" 1,5

1.2

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу

Коэффициент "Ко" 3

2.

Жануарлар дүниесі объектілерін абайсызда жою

Коэффициент "Кн" 1,5

3.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін немесе алуға тыйым салынған жануарларды жою

Коэффициент "Кк" 3

4.

Жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау

Коэффициент "Кд" 1,5

5.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде аң аулау объектілерінің қасақана немесе немқұрайлылықтан жойылуына (өлуіне) түрткі болған әрекет (әрекетсіздік)

Коэффициент "Кв" 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады