"Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 11-1-4/539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қыркүйекте № 36881 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыпқа және 1-тармаққа орыс тіліндегі өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:

      тақырыпқа орыс тіліндегі өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) туралы ереженің 15-тармағы 78) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси әрекеттерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Сыртқы істер министрлігі "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы) мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаларының 162-ерекшелігінің әкімшісі ретінде мынадай адамдарды шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі – іссапар шығыс) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

      республикалық бюджет есебінен ұсталатын лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар);

      Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы;

      Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациялары;

      Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) Қазақстан Республикасынан мүшесі;

      Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны демаркациялау және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегация мүшелері (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегация).

      3. Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте кезекті қаржы жылына "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы), "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдаланады.

      4. Кассалық және банктік операцияларды жүргізу мемлекеттік мекеменің кассасында қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін және кассада қолма-қол ақшаның сақталу мерзімін белгілейтін нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сыртқы істер министрлігі "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы) мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша іссапар шығыстарын төлеуге:

      1) мемлекеттік органдардың Сыртқы істер министрлігіне берген жазбаша өтініші негізінде лауазымды адамдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайына, Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесіне;

      2) іссапарға жіберу туралы қабылданған шешім негізінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне қаражат бөлуді жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде, Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органның жазбаша өтініші мен арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушы қол қойған көрсетілген қызметтер актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді төлейді.";

      14-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Іссапарға жіберілген тұлғалармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған өзінің шотынан екінші деңгейдегі банктегі өзінің валюталық шотына шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 75-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне береді.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі, оның ішінде межелі пунктке кірер алдындағы пункттердегі шығыстарға.

      Тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде өтеледі және қаулымен бекітілген нормадан аспауы тиіс:

      егер іссапарға жіберілген адамның тұрғын үй-жайды жалдауы межелі пунктке кірер алдындағы келу пунктінде күндізгі уақытта 8 (сегіз) сағаттан артық және түнгі уақытта 6 (алты) сағаттан артық күткен кезде жүзеге асырылса;

      егер іссапарға жіберілген адамның келуі немесе кетуі қызметтік қажеттілік бойынша белгіленген есептік сағатқа дейін не есептік сағаттан кейін жүзеге асырылса;";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты іссапарға жіберілген немесе есеп беретін адамға бөлу осы іссапарға жіберілген адамның іссапар шығыстарын төлеуге бұрын бөлінген қаражаты бойынша осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған жағдайда ғана жүргізіледі.";

      24-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды қарағаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аванстық есепті жасайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде іссапарға жіберілген адамдар (орталық мемлекеттік органдардың басшылары) Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта–қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер минстрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

 

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер минстрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 11-1-4/539
бұйрығына 1-қосымша
Уәкілетті адамдарды Қазақстан
Республикасының аумағынан
тыс жерлерге іссапарға жіберу
мақсатында республикалық
бюджетте "Шетелдік
іссапарлар" бағдарламасы және
"Сыртқы саяси қызметтерді
үйлестіру жөніндегі
қызметтер", "Шетелдегі
дипломатиялық өкілдіктердің
арнайы, инженерлік-
техникалық және нақты
қорғалуын қамтамасыз ету"
бағдарламаларының 162-
ерекшелігі бойынша көзделген
қаражатты пайдалану
қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Валюта-қаржы департаментінің
директоры
___________________
(қолы)
20 ___жылғы "_____" _______

20____жылғы "_____" ___________ № _____ АВАНСТЫҚ ЕСЕП

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппарат басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның 20___жылғы "___" ___________ № ______________ бұйрығы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):_______________________________________

      Іссапар мерзімі: _________________________ – _______________________ дейін

      Республикалық бюджеттік бағдарлама: ___________________________________

      Шығыстардың экономикалық жіктелуінің ерекшелігі:_______________________

      Іссапардың елінің атауы: _______________________________________________

Операцияның атауы

Валютаның атауы

Шетел валютасы сома

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шетел валютасына бағамы

Теңге баламасы

20___жылғы "____" _________ № _______ шығыс кассалық ордері немесе төлем тапсырмасы

Барлығы қаражат алынды:

АҚШ доллары




еуро



Іссапарға жіберілген адамның шығындар:

АҚШ доллары




еуро



20___ жылғы "__" _______ №_____ смета бойынша қалдығы:

АҚШ доллары




еуро



20___ жылғы "__" _______ №_____ смета бойынша артық шығындар:

АҚШ доллары




еуро



Қалдық есептелді
Қайта есептеу берілді:

АҚШ доллары




еуро



20___жылғы "____" _________ № _______ кассалық ордері немесе төлем тапсырмасы

      оның ішінде көлік шығыстары:

Корреспонденттік шот

Сома, теңге

Дебет

Кредит

1

2

3







Барлығы:


      ____________________________________ (есеп берушінің қолы) 20___жылғы "___"___________

      Аванстық есеп қабылданды ____________________________________________ (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Аванстық есеп тексерілді ______________________________________________ (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басқарма басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Аванстық есептің артқы жағы

Іссапарға жіберілген адам

Іссапар шығыстары түрі

Ескертпе

Валютаның атауы

Cома,
АҚШ доллары

Cома,
еуро













Барлығы:



      ___________________________________________________

      (есеп берушінің қолы)

      ______________________________________________

      барлық есептерге растау құжаттары қоса беріледі

      Көлік шығыстар:

Іссапарға жіберілген адам

Билет нөмірі

Сома, теңге







Барлығы:


  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер
минстрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 11-1-4/539
бұйрығына 2-қосымша
  Уәкілетті адамдарды Қазақстан
Республикасының аумағынан
тыс жерлерге іссапарға жіберу
мақсатында республикалық
бюджетте "Шетелдік
іссапарлар" бағдарламасы және
"Сыртқы саяси қызметтерді
үйлестіру жөніндегі
қызметтер", "Шетелдегі
дипломатиялық өкілдіктердің
арнайы, инженерлік-
техникалық және нақты
қорғалуын қамтамасыз ету"
бағдарламаларының 162-
ерекшелігі бойынша көзделген
қаражатты пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Инвестиция комитетінің төрағасы
_______________________
(қолы)
  20___жылғы "___"
_____________

      Іс-шараның атауы ____________________________________________________

      Өткізілетін күні мен орны _____________________________________________

      Іссапарға жіберілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________

      ____________________________________________________________________

      Іссапар мерзімі ______________________________________________________

      Іссапардың мақсаты __________________________________________________

      Кездесулер мен келіссөздердің сипаттамасы _____________________________

      Іс-шаралар құжаттамасы ______________________________________________

      Нақты жетістіктер ___________________________________________________

      Сапалық және сандық көрсеткіштер ____________________________________

      Анықталған мүмкіндіктер мен тәуекелдер _______________________________

      Жалпы қорытынды ___________________________________________________

      Қосымшалар _________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады