Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36748 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын, Тізбеге 1-қосымшаның 12-тармағын және Тізбеге 2-қосымшаның 10-тармағын қоспағанда, 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 46 Қаулыға қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34955 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына қосымшада:

      Банк омбудсманының лауазымына кандидат туралы мәліметтер нысаны мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеруі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының В2 деңгейінен төмен емес деңгейде ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу анықтамасымен не Qazaq Resmi Test онлайн тестілеу жүйесінде В2 деңгейінде қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы Qazaq Resmi Test ресми сертификатымен расталады.".

      5. "Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34943 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына қосымшада:

      Микроқаржы омбудсманының лауазымына кандидат туралы мәліметтер нысаны мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеруі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының В2 деңгейінен төмен емес деңгейде ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу анықтамасымен не Qazaq Resmi Test онлайн тестілеу жүйесінде В2 деңгейінде қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы Qazaq Resmi Test ресми сертификатымен расталады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының банк және
микроқаржылық қызмет
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының банк және
микроқаржылық қызмет
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады