ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14221 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілген бекітілген қаржы өнімдері жөнінде мәліметтердің тізбесін бекіту туралы";
кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілген бекітілген қаржы өнімдері жөнінде мәліметтердің тізбесі бекітілсін.";
қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларына, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілген бекітілген қаржы өнімдері жөнінде мәліметтердің тізбесі";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілген бекітілген қаржы өнімдері жөнінде мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілген бекітілген қаржы өнімдері жөнінде мәліметтердің тізбесін айқындайды.
Қағидалардың талаптары сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаржы ұйымы қаржы өнімін оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға қаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жібереді.
Хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1) оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) нысаны (қаржы ұйымының ішкі құжаттарында шарттардың нысандарын бекіту туралы талаптар болған кезде);
2) дауыс беру қорытындыларын көрсете отырып, қаржы ұйымы органдарының шартты бекіту туралы шешімінен үзінді-көшірме;
3) дауыс беру қорытындыларын көрсете отырып, қаржы ұйымы органының қаржы өнімінің шарттарын бекіту туралы шешімінен үзінді-көшірме.
Қаржы өнімінің талаптарына Хабарламаның 6-тармағында көзделген талаптардан басқа: өнімнің қолданыс мерзімі, қарыз бен салымның ең төмен сомасы, шартты мерзімінен бұрын тоқтату, төлемдер мен қамтамасыз ету талаптары жатады;
4) қаржы өнімінің талаптарын және шарттардың нысандарын бекітуге уәкілетті органның құзыретін растайтын қаржы ұйымының ішкі құжаттарынан үзінді-көшірмелер.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соғатын Қағидалардың 3-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген қаржы өнімінің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Хабарлама:
1) шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру;
2) Хабарламаның 6-тармағында көрсетілген қаржы өнімінің талаптарына әсер етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жағдайларын қоспағанда, Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар қоса бере отырып жіберіледі.
Хабарламаның 6-тармағында көзделген қаржы өнімінің талаптарына шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, қаржы ұйымы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бермей, қаржы өнімінің талаптарына енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, хабарлама жібереді.".
2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі