Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 116 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 тамызда № 39524 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-2-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-23-бабы 1-тармағының сегізінші бөлігіне, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру ұйымдарының филиалдары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) 6 (алты) ай ішінде Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Талаптардың 3-тарауының 8-параграфында көзделген тәртіппен Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін хабардар болған қаржы өнімдерінің сәйкестігін жоспардан тыс мониторингін жүргізетіні белгіленсін.

      Бағалау нәтижелері бойынша қаржы ұйымы:

      1) қаржы өнімінің Талаптарға сәйкес еместігі анықталған кезде қаржы өнімінің шарттарына қажетті өзгерістер енгізеді және Талаптарда белгіленген тәртіппен уәкілетті органды хабардар етеді;

      2) қаржы өнімі Талаптарға сәйкес келген кезде бағалау нәтижелерін құжаттамалық нысанда тіркейді.

      Бағалау нәтижелерін қаржы ұйымы кемінде бес жыл сақтайды және оның сұратуы бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы нарығын
  реттеу және дамыту
  Агенттігінің Басқармасының
  2026 жылғы 3 тамыздағы
  № 116 қаулысымен
  бекітілді

Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 52-2-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 53-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-23-бабы 1-тармағының сегізінші бөлігіне, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 24-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, оларды бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсете отырып), осындай хабарлау тәртібін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – брокер), микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – қаржы ұйымы, іс-қимылды қадағалау субъектісі) хабарламаға қоса беретін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін айқындайды.

      Талаптар талаптардың 69-тармағында көрсетілген қаржы өнімдеріне, сондай-ақ талаптардың 22-тармағының үшінші бөлігінде айқындалған күрделі қаржы өнімінің өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржы өнімдеріне қолданылады.

      2. Талаптарда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң), банктер туралы, сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, мемлекеттік реттеу туралы, микроқаржылық қызмет туралы заңдарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобы – қаржы өнімі мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкес келетін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар санаты.

      Талаптардың мақсаты үшін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттар үшін қаржылық өнімдер ұсынылатын жеке тұлғалар деп түсініледі;

      2) қаржы өнімнің қолданылу циклі – қаржы өнімін әзірлеу, ілгерілету (жарнамалау), ұсыну, мониторингтеу және тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;

      3) қаржы өнімінің жарамдылығы – қаржы өнімінің мақсаттарға (қажеттіліктерге), қаржы өнімін ұсыну кезеңінде қаржы ұйымы бағалайтын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржылық жағдайына сәйкестігі;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді осал тұтынушы – Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және (немесе) төтенше жағдай және (немесе) төтенше жағдай енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы.

      3. Талаптардың мақсаты іс-қимылды қадағалау субъектісінің қаржы өнімін оның қолданылуы циклі ішінде мыналарды қамтамасыз ету арқылы үздіксіз басқару процесін жүзеге асыру тәртібін анықтау болып табылады:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу, анықтау және болғызбау және қаржы нарығында жауапты іскерлік тәжірибелердің дамуын ынталандыру мақсатында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы өнімінің тәуекелдерін тиімді басқару;

      2) қаржы өнімдерін басқару қағидаттарын сақтау;

      3) адал іс-қимыл қағидаттарын сақтау және қаржы өнімдерін ұсыну, ілгерілету, консультация беру, ресімдеу және (немесе) сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көздейтін шарттар (келісімдер) шеңберінде қаржы ұйымдарының, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) қызметінде іс-қимыл тәуекелдерінің іске асырылуын болғызбау;

      4) тұтынушылардың осындай ақпаратты қаржылық көрсетілетін қызметтерді түсінуін қиындататын тәсілдер мен әдістерді пайдаланбай, қаржы өнімдерінің сипаты мен тәуекелдері туралы ақпаратты дұрыс және уақтылы ашу;

      5) қаржы ұйымдарының, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою.

      4. Талаптар мақсатында:

      қаржы өнімінің тәуекелдері деп мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей анықтау, бағалау және басқаруды қаржы өнімінің қолданылуы циклі ішінде қаржы ұйымы қамтамасыз ететін қаржы өніміне тән, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін тәуекелдер түсініледі:

      1) қаржылық тәуекелдер – қаржылық көрсетілетін қызметтерге байланысты тұтынушымен жасалған шарт негізінде іс-қимылды қадағалау субъектісі ұсынатын кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекел, нарықтық тәуекел, сақтандыру төлемін алмау тәуекелі;

      2) сәйкессіздік тәуекелі – мақсаттары (қажеттіліктері), қаржылық жағдайы мен мүмкіндіктері осы қаржы өнімін беру сипаттамаларына, шарттарына, тәсілдеріне (арналарына) сәйкес келмейтін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімін ұсыну тәуекелі;

      3) жасырын құн тәуекелі – сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), қосымша көрсетілетін қызметтердің құнын және өзге де төлемдерді қоса алғанда, қаржы өнімін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыда ашылмаған не тиісінше ашылмаған шығыстардың туындау тәуекелі;

      4) модельдер мен ақпараттық технологиялар тәуекелі – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау, қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау және оны ұсыну кезінде пайдаланылатын қаржы ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының, модельдері мен алгоритмдерінің бар қателіктері (кемшіліктері) не бас тартуы (жұмыс істеуінің бұзылуы), оның ішінде заңнамада белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың бұзылуы салдарынан қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға залал келтіру тәуекелі.

      Қаржы ұйымы қаржы ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қаржы өнімінің тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлейді.

      Қаржы өнімін басқару кезіндегі іс-қимыл тәуекелі (тәуекелдері) деп қаржылық қызметті тұтынушының қаржы өнімін іс-қимыл субъектісі тарапынан қаржы өнімнің сипаттамалары, ұсыну шарттары мен тәуекелдері туралы, оның ішінде оны ілгерілету (жарнамалау) кезінде толық емес, дәйексіз немесе жаңылыстыратын ақпаратты ашудың ықпалымен, сондай-ақ іс-қимылды қадағалау субъектісінің, оның қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер), уәкілетті агенттер мен үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері арқылы иелену және пайдалану туралы шешім қабылдау тәуекелі түсініледі, бұл қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне), қаржылық жағдайы мен мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін қаржы өнімін иеленуге, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келеді.

      Қаржылық қызметтерді тұтынушының Талаптардың 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 54-тармақтарының талаптарына сәйкес іс-қимылды қадағалау субъектісі, оның ішінде қаржы өнімінің жарнамасында ашқан қаржы өнімі туралы ақпаратты субъективті қабылдауынан және (немесе) нарықтық (экономикалық) факторлардан туындаған шешім қабылдау жағдайлары іс-қимыл тәуекелін іске асыру болып танылмайды.

      Қаржы ұйымының, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың жосықсыз практикаларды жүзеге асыруы іс-қимыл тәуекелінің туындау себебі (дереккөзі) ретінде түсініледі.

      5. Талаптардың ережелері "Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6164 болып тіркелген), "Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 91 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 38748 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 91 Талаптар), "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38746 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 92 Талаптар) және "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9249 болып тіркелген) талаптарымен қатар қаржы өнімдерін басқару кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі қызметіне қатысты қолданылатын бөлігінде қолданылады.

2-тарау. Қаржы өнімдерін басқару қағидаттары

      6. Қаржы өнімін басқаруды қаржы ұйымы мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырады:

      1) жүйелілік тәсіл қағидаты – қаржы өнімін басқару қаржы ұйымының корпоративтік басқару, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі ретінде жүзеге асырылады және қаржы өнімінің қолданылу циклінің барлық кезеңдерін қамтиды. Қаржы ұйымы ішкі рәсімдердің, процестердің, өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлудің, сондай-ақ іс-қимыл тәуекелдерін уақтылы анықтауға және азайтуға мүмкіндік беретін бақылау тетіктерінің болуын қамтамасыз етеді;

      2) қаржы өнімін басқарудың үздіксіздігі қағидаты – қаржы ұйымы қаржы өнімін әзірлеу сәтінен бастап ұсыну тоқтатылғанға дейін, оның ішінде қаржы өнімінің сипаттамаларына, оны ұсыну практикасына, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарына және қаржы өнімінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобына сәйкестігін бағалауға және іс-қимыл тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерге тұрақты мониторингті қоса алғанда, қаржы өнімін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді. Мониторинг нәтижелері бойынша қаржы ұйымы қаржы өнімін, оны беру тәртібін өзгертуді, қаржы өнімін таратуды шектеуді не беруді тоқтатуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды;

      3) адал іс-қимыл және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қатысты жауапты іс-қимыл қағидаты – қаржы ұйымы, оның қызметкерлері, уәкілетті агенттер және үшінші тұлғалар қаржы өнімін әзірлеу, ілгерілету (жарнамалау), ұсыну, мониторингтеу және ұсынуды тоқтату кезінде жосықсыз практикаларды және мүдделер қақтығысын қоспағанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделері үшін адал әрекет етеді;

      4) тәуекелге бағдарланған тәсіл қағидаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындауды, қаржы өнімінің тәуекелдерін бағалауды, мониторингтеуді, бақылауды және азайтуды қоса алғанда, қаржы өнімін басқару рәсімдері мен процестерінің көлемі мен мазмұны қаржы өнімінің түрін, оның сипаты мен ұсыну шарттарын, қаржы өнімінің күрделілігін, қаржы ұйымы қызметінің ауқымын, оның тәуекел мәдениеті мен тәуекел дәрежесін, нысаналы топ шеңберінде осал қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болуын қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының сипаттамаларын ескере отырып айқындалады;

      5) қаржы өнімінің әділ құны қағидаты – қаржы ұйымы қаржы өнімінің қолданылу циклі ішінде сыйақыны, комиссияларды, қосымша қызметтердің құнын, өзге де төлемдерді қоса алғанда, қаржы өнімінің құны мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы қаржы өнімін сатып алу мен пайдаланудан алатын немесе ала алатын пайдалар арасындағы негізделген арақатынасты қамтамасыз етеді;

      6) ақпараттың толықтығы, дәйектілігі, нақтылығы және қолжетімділігі қағидаты – қаржы ұйымы ақпаратты ұсыну шарттары, құны, тәуекелдері, шектеулері туралы, сондай-ақ шешім қабылдау үшін қажетті қаржы ұйымы мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының құқықтары мен міндеттері туралы мәліметтерді қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қаржы өнімі туралы толық, шынайы, түсінікті және қолжетімді ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді. Қаржы өнімі туралы ақпаратты ашу оны ұсыну тәсілдеріне (арналарына) қарамастан бірдей көлемде жүзеге асырылады.

3-тарау. Қаржы өнімдерін басқару жүйесіне қойылатын талаптар

1-параграф. Қаржы өнімдерін басқару процесін ұйымдастыру

      7. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың қалыптастырылған жүйесі шеңберінде қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қаржы өнімдерін олардың қолданылу циклінің барлық кезеңінде басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, ол:

      1) қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды белгілейтін ішкі құжаттарды және рәсімдерді;

      2) уақтылы түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ететін басқарушылық ақпарат жүйесін қамтиды.

      8. Қаржы ұйымы Талаптарға сәйкес қаржы өнімдерін басқару тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттардың болуын, мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау және қайта қарау;

      2) қаржы өнімдерін әзірлеу, ілгерілету (жарнамалау), ұсыну, мониторингтеу және ұсынуды тоқтату;

      3) іс-қимыл тәуекелдерін анықтау, бағалау, бақылау, мониторингтеу және барынша азайту;

      4) қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органдарының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы өнімдерін басқару кезінде өкілеттіктері мен жауапкершілігін бөлу;

      5) уәкілетті агенттермен және үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      6) қаржы өнімдерін ұсыну, ілгерілету (жарнамалау) кезінде қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметін бақылау;

      7) ынталандыру жүйесін, сыйақы саясатын және қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметін бағалау тиімділігін бағалауды қалыптастыру тәртібін (бұдан әрі – ынталандыру жүйесі) қамтамасыз етеді.

      9. Ынталандыру жүйесі:

      1) мыналарды жасауға:

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мақсаттарына (қажеттіліктеріне) және қаржылық жағдайына сәйкес келмейтін қаржы өнімдерін ұсынуға;

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қосымша қызметтер сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасырған кезде қосымша қызметтері бар қаржы өнімін сатып алуды ұсынуға;

      қаржы өнімінің маңызды шарттарын, құнын және тәуекелдерін жасыруға;

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобынан тыс қаржы өнімдерін ұсынуға ынталандырмайды;

      2) қаржылық көрсеткіштермен қатар (ұсынылған қаржы өнімдерінің көлемін, қаржы өнімдерін ұсыну туралы жасалған шарттардың санын қоса алғанда) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерін, қаржы өнімдерін ұсыну кезінде адал іс-қимыл қағидаттарын сақтауды, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар жолданымдарының саны мен сипатын, қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметін тексеру және мониторингтеу нәтижелерін пайдалана отырып, қызмет нәтижелерін кешенді бағалауды көздейді. Қаржылық көрсеткіштер өзге көрсеткіштермен жиынтықта ескеріледі және қызметкерлерге, уәкілетті агенттерге және үшінші тұлғаларға сыйақы мөлшерін айқындау кезінде айқындаушы болып табылмайды;

      3) сыйақы мөлшерін анықтау кезінде қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметін бақылау мен мониторингтеу нәтижелерін ескереді;

      4) қаржы өнімдерін басқару тәртібін регламенттейтін қаржы ұйымының Талаптары мен ішкі құжаттарын бұзғаны үшін жұмыскерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың жауапкершілігін белгілеуді, жосықсыз практикалар анықталған және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға, оның ішінде осал қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты іс-қимыл тәуекелдерін іске асырған жағдайларда сыйақыны төмендету немесе төлемеу мүмкіндігін көздейді.

      10. Қаржы ұйымы ішкі құжаттарды, қаржы өнімдерін басқару рәсімдері мен процестерін, оның ішінде мыналарды:

      1) қаржы өнімдері мониторингінің нәтижелерін;

      2) шағымдардың сипаты мен себептерін талдауды қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын;

      3) қаржы өнімдерін басқарудың ішкі процестерінің анықталған кемшіліктерін;

      4) нарықтық (экономикалық) факторлардың өзгерістерін;

      5) анықталған белгілер жосықсыз практикалар және іс-қимыл тәуекелдерін іске асыруды ескере отырып, тұрақты қайта қарауды және өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      11. Қаржы ұйымы қаржы өнімдерін мониторингтеу, іс-қимыл тәуекелдерді бағалау, жосықсыз практикаларды анықтау, қаржы өнімдерінің өмірлік циклін басқару процестерінің тиімділігін бағалау және түзету шараларын қабылдау үшін қажетті басқару ақпаратын қалыптастыруды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

      Басқару ақпараты мыналарды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары туралы мәліметтерді;

      2) қаржы өнімдері мониторингінің нәтижелерін;

      3) алаяқтықтың анықталған белгілері, жосықсыз практикалар, іске асырылған іс-қимыл тәуекелдері, мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді;

      4) қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметіне мониторинг нәтижелерін;

      5) ынталандыру жүйесінің тиімділігін;

      6) қаржы өнімдерінің әділ құнын бағалау нәтижелерін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      12. Қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы басқару ақпараты негізінде жылына кемінде бір рет қаржы өнімдерін басқару нәтижелерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, қажет болған жағдайда тиісті түзету шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдай отырып, іс-қимыл тәуекелдерін іске асыруға жол бермеу тұрғысынан қарайды.

2-параграф. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау

      13. Қаржы ұйымы қаржы өнімі бекітілгенге және ұсыныла басталғанға дейін қаржы өнімі тағайындалған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын, сондай-ақ қаржы өнімі мақсаттарға (қажеттіліктерге) сәйкес келмейтін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың санаттарын айқындайды.

      14. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау мынадай өлшемшарттар (қолданылуы бойынша) ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) қаржы өнімінің түрі мен сипаттамалары;

      2) қаржылық өнімнің тәуекел деңгейі;

      3) қаржы өнімін ұсыну шарттары мен пайдалану ерекшеліктері;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық жағдайы;

      5) қаржы өнімі туралы ақпаратты ашу тәсілдері;

      6) бұрын ұсынылған салыстырмалы қаржы өнімдерінің мониторингі нәтижелері және олар бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары.

      Сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттардан басқа қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың сақтандыру қажеттіліктерін және сақтандырылатын тәуекелдің сипаттамаларын ескереді.

      15. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау кезінде қаржы ұйымы өзекті қолжетімді ақпаратты пайдалану негізінде оның аясында қаржылық көрсетілетін қызметтердің осал тұтынушыларының болуын ескереді және қаржы өнімі сипаттамаларының көрсетілген тұлғалар санатына әсерін бағалайды.

      16. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын анықтау нәтижелері құжатталуға жатады және мыналарды:

      1) мақсаттары (қажеттіліктері) көрсетіле отырып, қаржы өнімі арналған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар санаттарының сипатын;

      2) қаржы өнімі іс-қимыл тәуекелдерін іске асырудың жоғары ықтималдығына арналмаған немесе онымен ұштаспайтын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар санаттарының сипаттамасын, белгіленген лимиттер (шектеулер) және осындай тәуекелдерді бақылау шараларын;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау нәтижелерін қайта қарау жүзеге асырылатын негіздер мен мән-жайлар, сондай-ақ осындай қайта қарау тәртібін қамтиды.

      17. Қаржы ұйымы қаржы өнімінің қолданылу циклінің барлық кезеңдерінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкестігін қамтамасыз етеді.

3-параграф. Қаржы өнімін әзірлеу

      18. Қаржы ұйымы қаржы ұйымының даму стратегиясын, тәуекелдерді басқару жүйесін, тәуекел-дәрежесін, қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып, сондай-ақ мыналарды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының мақсаттарын (қажеттіліктерін) және қаржылық жағдайын;

      2) ішкі әдіснамаға сәйкес қаржы өнімінің тәуекелдерін бағалау;

      3) қаржы өнімін ұсыну шарттары мен оны пайдалану ерекшеліктерін;

      4) ұқсас қаржы өнімдерінің, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын мониторингтеу нәтижелерін;

      5) мүдделер қақтығысы мен жосықсыз практикаларды және іс-қимыл тәуекелдерін анықтау және болдырмау тетіктерін әзірлеуді ескере отырып, қаржы өнімін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      19. Қаржы ұйымы мыналарды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын, қаржы өнімі арналмаған немесе болжамды іс-қимыл тәуекелдерін іске асырудың жоғары ықтималдылығымен ұштасқан қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар санаттарын;

      2) қаржы өнімінің әділ құнын;

      3) қаржы өнімін ұсыну шарттарын;

      4) қаржы өнімі туралы ақпаратты ашу тәртібін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, қаржы өнімін әзірлеу және ұсынуды жүзеге асырмайды.

      20. Қосымша қызметтер көрсетуді көздейтін қаржы өнімін әзірлеу кезінде қаржы ұйымы:

      1) қосымша көрсетілетін қызметтердің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      2) қосымша қызметтерді қаржы өнімін беру туралы шарттарға, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жеке келісімін алмай, алдын ала белгіленген жолдар арқылы қаржы өнімін сатып алуға өтініштердің нысандарына енгізуге жол бермейді;

      3) қосымша қызметтер көрсету кезінде туындайтын мүдделер қақтығысын анықтауды және болдырмауды қамтамасыз етеді.

      21. Қаржы ұйымы қаржы өнімін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржылық көрсетілетін қызметтерді көрсете бастағанға дейін оны қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органының келісуін қамтамасыз етеді.

      Қаржы өнімін келісу:

      1) қаржы өнімінің қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігін;

      2) қаржы өнімінің қаржы ұйымының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін;

      3) қосымша қызметтер, қаржы өнімін ұсынуға байланысты іс-қимыл тәуекелдерінің болуын, сондай-ақ осындай тәуекелдерді басқару шараларының жеткіліктілігін;

      4) рәсімдердің, процестердің, цифрлық объектілердің, қызметкерлердің, уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қаржы өнімін беруге дайындығын бағалауды қамтиды.

      22. Жаңа қаржы өнімін әзірлеу немесе қолданыстағы қаржы өнімін елеулі өзгерту нәтижелері бойынша қаржы ұйымы оны қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға беру басталғанға дейін қаржы өнімінің паспортын қалыптастырады.

      Қолданыстағы қаржы өнімінің елеулі өзгерісі деп оның ішінде қаржы өнімін өзге қаржы өнімімен (өнімдерімен) біріктіруге бағытталған оны ұсыну сипаттамалары мен шарттарының өзгерістері, оның түрін, ұсыну тәсілдерін (арналарын), қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын өзгерту, қосымша қызметтерді қосу, күрделі қаржы өнімінің өлшемшарттарының пайда болуы түсініледі.

      Талаптар мақсатында күрделі қаржы өнімінің өлшемшарттары деп қаржы өнімінің немесе қаржы құралының құрамында болатын не брокер ұсынатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді білікті инвестор болып табылмайтын тұтынушыға мынадай шарттардың біріне сәйкестігі түсініледі:

      1) сақтанушының олар бойынша сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) тәуекелдік және жинақтаушы бөліктерден тұратын инвестицияларға қатысу шартын көздейтін "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру өнімдері;

      2) брокер клиентке қайтарымдылық және төлемділік шарттарында берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысуды брокер жүргізетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері (маржиналдық мәмілелер);

      3) кірістілік, төлем мөлшері не қаржы құралының құны өзге қаржы құралы, қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), валюта, индекс, сыйақы мөлшерлемесі, тауар, цифрлық актив түріндегі базалық актив құнының өзгеруіне, кіріктірілген туынды қаржы құралдарының болуына байланысты болады;

      4) заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі негізінде бағалы қағаздарды заңды тұлғаның акцияларына айырбастау көзделеді.

      Қолданыстағы қаржылық өнім айтарлықтай өзгерген кезде қаржылық өнімнің паспортын жаңарту нұсқалардың хронологиясын белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

      Қаржы өнімінің паспорты қаржы ұйымының қаржылық қызметті тұтынушылардың нысаналы тобы, қаржы өнімін ұсыну түрі, сипаттамалары, шарттары, тәсілдері (арналары) туралы негізгі мәліметтерді шоғырландыратын ішкі құжаты болып табылады және қызметкерлер, уәкілетті агенттер және үшінші тұлғалар үшін қаржы өнімі туралы ақпараттың бірыңғай көзі болып табылады.

      Қаржы өнімінің паспорты мынадай бөлімдер мен мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) тарифтердің, сыйақы мөлшерлемесінің және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерлерін, комиссиялардың тізбесін және олардың мөлшерлерін, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) және өзге де төлемдердің мөлшерін, қосымша көрсетілетін қызметтердің құнын, қаржы өнімін ұсынудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, қаржы-экономикалық көрсеткіштер;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобын айқындау өлшемшарттарын, қаржы өнімі арналмаған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар санаттарын, нысаналы топ шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді осал тұтынушыларды сәйкестендіру нәтижелерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралардың сипаттарын қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың бейіні;

      3) қаржы өнімін ұсыну тәсілдерінің (арналарының) (филиалдар және (немесе) қаржы ұйымының үй-жайлары, цифрлық объектілер, уәкілетті агенттер және үшінші тұлғалар) сипаты, клиенттік жолдың сипаты;

      Клиенттік жол деп қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушының іс-әрекет тәртібі және оның қаржы өніміне қажеттілікті түсінуден, оны сатып алудан, пайдаланудан және қаржы өнімін пайдалану аяқталғанға дейінгі қаржы ұйымымен өзара іс-қимылы түсініледі;

      4) тәуекелдер матрицасы (қаржы өнімінің тәуекелдері және іс-қимыл тәуекелдері), оларды азайту жөніндегі шаралардың сипаттамасы.

      Қаржы өнімінің паспортын қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы бір мезгілде өнімнің өзінің шарттарын бекіту туралы шешім қабылдай отырып бекітеді.

      Қаржы өнімінің паспортын қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қаржы өнімін беруді бастау және қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың нысанын бекіту туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде бекітеді (қаржы ұйымының ішкі құжаттарында шарттардың нысандарын бекіту туралы талап болған жағдайда).

      23. Қаржы өнімінің паспорты қаржы ұйымының ішкі цифрлық жүйелерінде деректердің өзгермейтіндігін, тұтастығын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ететін цифрлық нысанда қаржы өнімінің бүкіл қолданылу циклі ішінде және оны ұсыну толық тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл міндетті түрде сақталуға тиіс.

      24. Қаржы өнімі паспортының мәліметтер көлемін қаржы ұйымы қаржы өнімінің түрін, сипаттамаларын, ұсыну шарттары мен тәуекелдерін, күрделі қаржы өнімі өлшемшарттарының болуын, қаржы ұйымы қызметінің ауқымын ескере отырып айқындайды.

4-параграф. Қаржы өнімінің әділ құны

      25. Қаржы ұйымы өзінің қызмет атқару кезеңінде қаржы өнімінің әділ құнын бағалайды.

      26. Қаржы өнімінің әділ құнын бағалауды жүргізу кезінде қаржы ұйымы мыналарды ескереді, бірақ олармен шектелмейді (қолданылуы бойынша):

      1) сыйақыны, комиссияларды, қосымша қызметтердің құнын және қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде тұтынушының қаржылық көрсетілетін қызметтерді төлеуіне жататын өзге де төлемдерді қоса алғанда, қаржы өнімінің жалпы құнын;

      2) нысаналы топтағы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың іс жүзінде пайдалану ықтималдығы төмен болып табылатын қосымша қызметтерге қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының шығыстарын;

      3) қаржы ұйымының тікелей және жанама шығыстарын;

      4) қаржылық және қаржылық емес пайданы қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың ықтимал пайдасын;

      5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді осал тұтынушылардың болуын қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының сипаттамаларын, мақсаттарын (қажеттіліктерін) және қаржылық жағдайын;

      6) өзекті қолжетімді ақпаратты пайдалану негізінде қаржы нарығында бар салыстырмалы сипаттамалары мен ұсыну шарттары бар ұқсас қаржы өнімдері бойынша мәліметтерді;

      7) қаржы өнімін ұсыну процесінде қаржы ұйымы мен уәкілетті агенттер және үшінші тұлғалар арасында кірістерді бөлуді;

      8) қаржы өнімін мониторингтеу нәтижелерін.

      27. Осы параграфтың мақсаты үшін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың ықтимал пайдасы деп қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін туындайтын қаржылық және қаржылық емес нәтижелердің жиынтығы түсініледі, оның ішінде:

      1) қаржылық пайда – меншікті немесе кредиттік қаражатқа қол жеткізу, сақтандыру төлемін алу, кірістілік, қаржылық шығындардан қорғау, қаржы өнімінің сипаттамаларында көзделген өзге де ақшалай нәтижелер;

      2) қаржылық емес пайда – қаржы өнімін алудың қарапайымдылығы мен жылдамдығы, қызмет көрсету сапасы, қаржы өнімін басқарудың ыңғайлылығы, қаржылық көрсетілетін қызметтерді алу кезінде алаяқтық тәуекелін болдырмауға бағытталған тиімді қарсы іс-қимыл шаралары, қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушының қаржы ұйымымен өзара іс-қимыл жасауына жұмсалатын уақыт шығынының және өзге де шығындарының төмендеуі.

      Қаржылық емес пайда қаржы өнімін алуға және қаржы ұйымымен өзара іс-қимыл жасауға байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржылық емес шығындарын ескере отырып бағаланады.

      Қаржылық емес пайда міндетті құндық көрсеткішсіз сапа нысанында ескеріледі.

      28. Қаржы өнімінің әділ құны қаржы ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сапалық және сандық көрсеткіштер (метрикалар) мен индикаторлар негізінде айқындалады.

      Қаржы өнімінің әділ құнын айқындау тәртібі күрделі қаржы өнімінің өлшемшарттарын есепке алуды көздейді.

      29. Қаржы өнімінің әділ құнын бағалау нәтижелері басқарушылық ақпаратта көрсетіледі және қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қарайды.

5-параграф. Қаржы өнімін тестілеу

      30. Қаржы ұйымы:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға жаңа қаржы өнімін беру басталғанға дейін жаңа қаржы өнімін;

      2) қолданыстағы қаржы өнімі елеулі түрде өзгерген кезде пилоттық тестілеу өткізуді қамтамасыз етеді.

      Пилоттық тестілеу қаржы өнімін бағалау, қаржы өнімінің кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ тұтынушыларға қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну басталғанға дейін оны пысықтау қажеттілігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      31. Пилоттық тестілеуді өткізу кезінде қаржы ұйымы:

      1) қаржы өнімінің өзіне арналған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының мәлімделген мақсаттарына (қажеттіліктеріне) және мүдделеріне сәйкестігін;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімінің сипаттамалары мен ұсыну шарттарын, ерекшеліктері мен тәуекелдерін түсінуін;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың таңдалған нысаналы тобының дұрыс болуын растау үшін қаржы өнімін ұсыну сценарийлерін қоса алғанда, қаржы өнімін ұсыну тәсілдерін (арналарын);

      4) қаржы өнімінің қолжетімділігі мен пайдалану ыңғайлылығын;

      5) жоғарылатылған іс-қимыл тәуекелінің болуын бағалауды жүзеге асырады.

      32. Пилоттық тестілеуді өткізу кезінде қаржы ұйымы:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобынан фокус-топты;

      2) және (немесе) қаржы өнімдерінің күрделілік деңгейіне байланысты сценарийлік модельдеуді сценарийлік модельдеу (қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржы өнімімен өзара іс-қимылының үлгілік жағдайларын, ықтимал қаржылық қиындықтарды, қаржы өнімін пайдалану қателіктерін және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзге де жағдайларды модельдеуді қоса алғанда);

      3) және (немесе) қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көзделген қаржы өнімін бағалаудың өзге де тәсілдерін пайдаланады.

      33. Пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша қаржы ұйымы қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органына қаржы өнімін бекіту немесе оны пысықтау, немесе оны ұсынудан бас тарту қажеттілігі туралы ұсыныспен пилоттық тестілеу нәтижелерін құжаттауды қамтамасыз етеді.

      Пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша жоғары іс-қимыл тәуекелінің немесе оның қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкессіздігінің болуые куәландыратын қаржы өнімінің кемшіліктері анықталған жағдайда, қаржы ұйымы қаржы өнімін өзгертуді қамтамасыз етеді не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      34. Пилоттық тестілеу жүргізу, оның ішінде сценарийлік модельдеу, фокус-топтар ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері қаржы өнімінің түрін, сипаттамаларын, ұсыну шарттары мен тәуекелдерін, күрделі қаржы өнімі өлшемшарттарының болуын, қаржы ұйымы қызметінің ауқымын ескере отырып, қаржы ұйымының ішкі құжаттарында айқындалады.

6-параграф. Қаржы өнімін ілгерілету (жарнамалау)

      35. Қаржы ұйымы қаржы өнімін ілгерілету (жарнамалау) кезінде жарнаманы дайындаудың, келісудің, тексерудің және таратудың ішкі рәсімдерін және қаржы өнімін ілгерілетудің өзге де тәсілдерін (бұдан әрі – жарнамалық материалдар) әзірлеуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Жарнамалық материалдарды әзірлеу кезінде қаржы ұйымы қаржылық өнімді әзірлеуге, сәйкестікті бақылауға және тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшелердің қатысуын қамтамасыз етеді.

      Жарнамалық материалдар қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты қаржы ұйымының бөлімшесі дайындаған қолданыстағы қаржы өнімдерін әзірлеу, ілгерілету, жарнамалау кезінде анықталған кемшіліктер туралы қолда бар ақпаратты ескере отырып әзірленеді.

      36. Жарнамалық материалды тарату басталғанға дейін қаржы ұйымы оның қаржылық өнімді ұсыну сипаттамалары мен шарттарына, "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жарнамаға қойылатын талаптарға, сондай-ақ Талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Қаржы ұйымы жарнамалық материалдарды тексеру нәтижелерін құжаттайды және олардың Талаптардың 23-тармағында көзделген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз етеді.

      37. Жарнамалық материалдар:

      1) Талаптардың 55-тармағының талаптарына сәйкес келеді;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысын қаржылық өнімнің сипаттамаларына, құнына, кірістілігіне, тәуекелдеріне қатысты жаңылыстыра алатын ақпаратты қамтымайды;

      3) дұрыс болып табылады, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданусыз танылады;

      4) қаржы өнімінің тәуекелдерімен салыстырғанда оның артықшылықтарын бөліп көрсетуді теріс пайдалануға жол бермейді;

      5) нысаналы топ шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді осал тұтынушыларды қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының ерекшеліктері мен сипаттамаларын ескереді.

      38. Қаржы өнімінің тәуекелдері туралы ақпарат қаріптің ыңғайлы өлшемін, қаржы өнімінің әлеуетті кірістілігі және (немесе) құны және (немесе) артықшылықтары туралы ақпараты бар интервалдарды пайдалана отырып, көзбен шолуға қолжетімді және оқылатын нысанда ресімделеді.

      39. Қаржы өнімінің жарнамалық материалдарын күрделі қаржылық өнімнің өлшемшарттарымен тарату кезінде қаржы ұйымы осындай қаржылық өнімге тән тәуекелдер туралы ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.

      40. Жарнамалық материалдардағы қаржы ұйымының жауапкершілігін шектеу туралы ескертулер мен өтініштер мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) жарнамалық материалдың тақырыбында және өзге де элементтерінде қамтылған мәліметтерді қоса алғанда, жарнамалық материалдың мазмұнына қайшы келмейді;

      2) тікелей жарнамалық материалда орналастырылады және егер бұл қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыны жарнамалық материалдың мазмұнына қатысты жаңылыстыратын болса, өзге интернет-ресурсқа не өзге құжатқа шығарылмайды;

      3) дұрыс нысанда жазылады, нақты және түрліше түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтиды;

      4) аудиожарнама тыңдаушының оларды анық және қолжетімді қабылдауын қамтамасыз ететін қарқынмен ойнатылады;

      5) бейнежарнамада визуалды элементтермен қабаттаспай не дыбыстық эффектілермен әсірелемей, бірінші рет қарау кезінде түсінуді қамтамасыз ететін тәсілмен көрсетіледі және (немесе) ойнатылады.

      41. Егер жарнамалық материалда қаржы өнімінің құны, төлемдердің мөлшері не қаржы қызметтерін тұтынушының өзге де шығыстары туралы мәліметтер болса, қаржы ұйымы сыйақы мөлшерлемесін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін, тарифтерді, комиссияларды және қаржы өнімін беру туралы шартта көзделген өзге де төлемдерді қоса алғанда, қаржы өнімін алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының төлеуіне жататын осындай төлемдер мен шығыстардың мөлшері туралы толық ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.

      42. Жарнамалық материалдарда:

      1) егер жеңілдікті шарттарды қолдану не комиссиялар мен өзге де төлемдердің алынбауы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржы өнімін ұсыну туралы шартта көзделмеген белгілі бір әрекеттерді сақтауына байланысты болса, қаржы өнімін өтеусіз ұсынуды, комиссиялар мен өзге де төлемдердің болмауын;

      2) қаржы өнімін алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы төлеуге тиіс болатын өзге де комиссиялар мен төлемдер туралы ақпаратты ашпай, комиссияның жекелеген түрінің болмауын;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының осындай табысының мөлшеріне әсер ететін комиссиялар мен өзге де төлемдерді есепке алмағанда қаржы өнімінің кірістілігін;

      4) сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесін, комиссияның төмендетілген мөлшерін не олардың қолданылу мерзімін, қолдану шарттарын, сондай-ақ жеңілдікті кезең өткеннен кейін қолданылатын қаржы өнімінің стандартты шарттарын бір мезгілде ашпай, өзге де жеңілдікті талаптарды көрсетуге жол берілмейді.

      43. Егер жарнамалық материалдарда қаржы өнімінің өткен кезеңдердегі көрсеткіштері туралы мәліметтер болатын жағдайда, мұндай материалдар көрсетілген көрсеткіштердің болашақта осыған ұқсас көрсеткіштерге қол жеткізудің кепілі болып табылмайтыны туралы ескертумен қоса жүреді.

      44. Қаржы өнімінің жарнамалық материалдарында қаржы өнімінің артықшылықтары туралы ақпаратпен салыстырғанда оның түсінуін қиындататын тәсілмен, оның ішінде кіші өлшемді қаріпті және ақпаратты аз уақыт аралығында көрсетуді пайдалана отырып, қаржы өнімінің сипаттамалары және оны беру талаптары туралы ақпаратты орналастыруға жол берілмейді.

7-параграф. Қаржы өнімін ұсыну

      45. Қаржы ұйымы қаржы өнімдерін дербес түрде өткізу, сондай-ақ уәкілетті агенттер және үшінші тұлғалар арқылы өткізу рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) өнімді ілгерілету (жарнамалау) кезінде пайдаланылатын, оның ішінде қаржы өнімінің шарттары мен тәуекелдерін сипаттаумен ақпараттық материалдар;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау рәсімдері, оның ішінде консультация беру, сауалнама жүргізу, ақпаратты ашуға арналған материалдар, қаржы өнімін ұсыну туралы шарттарды жасау тәртібі;

      3) қаржы өнімдерінің жарамдылығын бағалау рәсімдері;

      4) сауалнама жүргізуді, қаржылық жағдайды, төлем қабілеттілігін бағалауды және қаржы өнімін ұсыну кезінде ескерілетін өзге де мәліметтерді қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды бағалау рәсімдері.

      46. Қаржы ұйымы қаржы өнімін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді әлеуетті тұтынушының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

      47. Қаржы ұйымы қолжетімді өнімдер арасында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) және қаржылық жағдайына және мүмкіндіктеріне тең дәрежеде сәйкес бірнеше өнім болған жағдайда, барлық қолжетімді қаржы өнімдерін ұсынуды қамтамасыз етеді.

      48. Қаржы ұйымы қаржы өнімін ұсынғанға дейін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы үшін қаржы өнімінің жарамдылығын бағалауды Банк қызметіне арналған № 91 талаптарда, Микроқаржылық қызметке арналған № 92 талаптарда және (немесе) қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымының филиалы) күрделі қаржы өнімінің критерийлеріне сәйкес келетін қаржы өнімінің жарамдылығын бағалауды жүзеге асырады.

      49. Жарамдылықты бағалау процестерін ішкі бақылау жүйесі мыналарды:

      1) қаржы өнімінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне), қаржылық жағдайына және мүмкіндіктеріне сәйкестігін бағалау рәсімінің болуын;

      2) қаржы өнімінің жарамдылығына бағалау жүргізу кезінде қаржы ұйымы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін бөлуді;

      3) қаржы өнімінің жарамдылығына бағалау жүргізу кезінде қаржы ұйымының ішкі құжаттарын сақтауды бағалауды қамтамасыз етеді.

      50. Қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау қаржы өнімінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне), қаржылық жағдайына және мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтау мақсатында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қаржы өнімін алу мақсаттарын (қажеттіліктерін) айқындау;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржылық жағдайын анықтау;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы үшін қаржы өнімі тәуекелдерінің әсерін бағалау;

      4) қосымша қызметтер бойынша шығыстарды қоса алғанда, қаржы өнімін пайдаланумен байланысты туындайтын шығыстарды есепке алу;

      5) жоғарыалаяқтық тәуекелі және іс-қимыл тәуекелінің белгілерінің болуын бағалау.

      51. Қаржы өнімінің жарамдылығын бағалауды жүргізу кезінде қаржы ұйымы қаржы өнімінің оның мақсаттарына (қажеттіліктеріне), қаржылық жағдайына және мүмкіндіктеріне сәйкестігін айқындау үшін, оның ішінде күрделі қаржы өнімі өлшемшарттарының болуын ескере отырып, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы мәліметтерді жинауды, талдауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

      Қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау мақсатында қаржы ұйымы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы мынадай мәліметтерді ескереді, бірақ олармен шектелмейді (қолданылуы бойынша):

      1) қаржы өнімін пайдаланудың болжамды мерзімі;

      2) қаржы ұйымы осыған дейін ұсынған ұқсас типтегі қаржы өнімдерін пайдалану тәжірибесі;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының кірістері, шығыстары және борыш жүктемесі туралы мәліметтер – ұсыну кезінде көрсетілген мәліметтер қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау үшін мәнге ие болатын қаржы өнімдері үшін;

      Қаржы өнімінің жарамдылығын бағалауды жүргізу үшін автоматтандырылған жүйелер мен модельдерді пайдаланған кезде қаржы ұйымы мыналарды:

      1) пайдаланылатын бағалау модельдерінің дұрыстығы мен өзектілігін бақылауды;

      2) қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау рәсімін құжаттауды;

      3) қаржы өнімінің қаржылық жағдайына не қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келмеу белгілері анықталған жағдайларда жарамдылықты бағалау нәтижелерін қосымша тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      52. Қаржы ұйымы қаржы өнімінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне), қаржылық жағдайына және мүмкіндіктеріне сәйкес еместігін белгілеген жағдайда қаржы өнімін ұсынбайды не бермейді.

      53. Қаржы ұйымы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңдерінде қаржы өнімі туралы ақпаратты ашады.

      54. Ашылатын ақпараттың мазмұнына және нысанына қойылатын талаптар:

      1) айқын және әртүрлі талқыланатын мағынаны қамтиды, артық заңдық және техникалық тұжырымдарды пайдаланбай баяндалады;

      2) қаржы өнімінің мәнін, оның елеулі сипаттамаларын және ұсыну шарттарын, қаржы өнімінің тәуекелдерін ашатын терминдер мен анықтамаларды қамтиды;

      3) қарама-қайшы (екі мағыналы) немесе жаңылыстыратын мәліметтерді қамтымайды;

      4) оқуға болатын қаріпті, арақашықтық өлшемін, сондай-ақ қажет болған жағдайда кестелерді, графиктер мен мысалдарды пайдалана отырып, визуалды түрде қабылдауға болатын нысанда ресімделеді;

      5) сенім білдірілген адам арқылы ақпарат алу мүмкіндігін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді нысандарда ұсынылады;

      6) мәтінде немесе көрнекі ресімдеуде оларды жасыруға жол бермейтін негізгі шарттарды, құнын, сондай-ақ қаржы өніміне байланысты тәуекелдерді бөліп көрсетуді қамтамасыз ете отырып баяндалады және құрылымдалады.

      55. Мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген қарыз шарты және мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген қарыз шартымен байланысты ерікті сақтандыру шарттары бойынша қаржы ұйымы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қарыз қаражатын пайдаланудың нақты күндері үшін есептелген сыйақыны, сақтандыру шарттары бойынша – сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі сақтандыру қолданылған уақытқа теңбе-тең, не қаржы ұйымының қаржы өнімін ұсынуға тікелей байланысты шығыстарын өтеуді қоспағанда, тұрақсыздық айыбын немесе өзге де айыппұл санкцияларын өндірмей, шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қаржы өнімінен және (немесе) қосымша қызметтен бас тарту құқығын қамтамасыз етеді.

      Қаржы ұйымы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыны қаржы ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен шарт жасалғанға дейін айыппұл санкцияларын қолданбай қаржы өнімінен және (немесе) қосымша қызметтен бас тарту құқығы туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Бас тарту құқығын іске асыру тәртібі оны жүзеге асырудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қосымша әрекеттер жасауын көздемейді.

      56. Қаржы өнімін ұсыну кезінде жосықсыз практикаларға, оның ішінде:

      1) қаржы өнімінің елеулі шарттарын, құны мен тәуекелдерін жасыруға;

      2) қаржы өнімін, қосымша қызметтерді міндеттеуге;

      3) алдын ала белгіленген жолдарды пайдалану арқылы қаржы өніміне немесе қосымша қызметке қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының келісімін алуға;

      4) агрессивті, жаңылыстыратын не өзге де жосықсыз практикаларды қолдануға жол берілмейді.

8-параграф. Қаржы өнімін мониторингтеу

      57. Қаржы өнімінің жоғары тәуекелдерін, іс-қимыл тәуекелдерін, жосықсыз практикаларды анықтау, қаржы өнімін басқару процестерінің Талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында қаржы ұйымы қаржы өнімін өткізу жолымен оны ұсыну сапасын (тиімділігін) бағалай отырып, оның тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының қаржы өнімін пайдалануы туралы ақпаратты талдау;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың нысаналы тобы арасында қаржы өніміне сұраныс деңгейін зерделеу;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобынан тыс жерде қаржы өнімін ұсынудың болуы мен нәтижелілігін айқындау;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушылардың нысаналы тобы қаржы өнімін пайдаланудың нақты нәтижелерін қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен айқындалған клиенттердің қанағаттанушылығын бағалаудың нысаналы көрсеткіштерімен салыстыру;

      5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын зерделеу.

      Қаржы өнімін мониторингтеу мақсатында қаржы ұйымы сауалнаманы, дербестендірілген сауалнамаларды, қаржы өнімін беру туралы шарттарды бұзу санын, қаржы өніміне жолданымдар санын, оның ішінде қаржы өнімі бойынша портфель көлеміне қатысты бағалауды және қаржы ұйымы қаржы өнімін ұсыну сапасын (тиімділігін) бағалау кезінде өз қызметінде пайдаланатын өзге де сапалық және сандық көрсеткіштерді (метрикаларды) және индикаторларды қолданады.

      58. Сақтандыру өнімін жоспарлы бағалауды жүргізу кезеңділігі сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру ұйымы филиалының) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, бірақ үш жылда кемінде бір рет айқындалады.

      59. Қаржы өнімінің жоспардан тыс мониторингі мынадай негіздер басталған кезде жүзеге асырылады:

      1) қаржы өнімінің жоспарланатын елеулі өзгерісі;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын талдау нәтижелері бойынша жүйелік кемшіліктерді анықтау;

      3) қаржы өнімінің тәуекелдерін арттыратын нарықтық (экономикалық) факторлардың өзгеруі;

      4) қаржы ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген сандық шекті мәндерге қол жеткізу.

      60. Қол жеткізілген кезде қаржы ұйымы қаржы өнімінің жоспардан тыс мониторингіне бастамашылық жасайтын сандық шекті мәндер мынадай көрсеткіштерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қаржы өнімімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шағымдарының және жолданымдарының қаржы ұйымы белгіленген шекті мәннен асатын деңгейі немесе қаржы ұйымының ұқсас қаржы өнімдері бойынша шағымдарының орташа деңгейі;

      2) қаржы өнімінің ерекшелігін ескере отырып, қаржы ұйымы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған шарттардың қаржы ұйымы белгілеген шекті мәннен асатын үлесі;

      3) банктік қарыз операцияларымен және микрокредиттерді ұсыну жөніндегі қызметпен байланысты тиісті қаржы өнімінің шеңберінде жасалған шарттар бойынша күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы ұйымы белгілеген шекті мәндерден асатын үлесі;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобынан тыс қаржы өнімін ұсыну жағдайларының қаржы ұйымы белгілеген шекті мәндерден асатын үлесі.

      Осы тармақта көзделген екі немесе одан көп шекті мәндерден бір мезгілде асқан жағдайда қаржы ұйымы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаржы өнімін жоспардан тыс бағалауға бастамашылық етеді.

      61. Қаржы өнімі мониторингінің нәтижелері басқарушылық ақпаратқа енгізіледі және қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қарайды.

      Қаржы өнімі мониторингінің нәтижелері бойынша қаржы өнімінің жоғары тәуекелдері, іс-қимыл тәуекелдері, жосықсыз практикалар не қаржы өнімінің өзге де кемшіліктері анықталған жағдайда, қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қаржы өнімі туралы мынадай шешім (шешімдер) қабылдауды қоса алғанда, дереу түзету шараларын қабылдайды:

      1) қаржы өнімінің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында қаржы өнімін, оның ішінде қаржы өнімі және (немесе) қосымша көрсетілетін қызмет құнының құрылымын ұсыну сипаттамалары мен шарттарын өзгерту;

      2) қаржы өнімінің сипаттамаларына негізделмеген қосымша қызметтерді алып тастау;

      3) қаржы өнімін ұсыну не ілгерілету (жарнама) тәсілдерін (арналарын) өзгерту;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобының өлшемдерін қайта қарау;

      5) қаржы өнімі туралы ақпаратты ашуды жақсарту;

      6) қызметкерлерді, уәкілетті агенттерді және үшінші тұлғаларды қосымша оқытуды жүргізу;

      7) қаржы өнімін беруді шектеу, тоқтата тұру не тоқтату.

      62. Қаржы өнімі мониторингінің нәтижелері қаржы ұйымының ішкі бақылау және ішкі аудит рәсімдері мен процестерін жүргізу барысында пайдаланылады.

      63. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың белгісіз тобы үшін іс-қимыл тәуекелдерін іске асыруға әкеп соғуы мүмкін қаржы өнімінің жүйелік кемшіліктері анықталған кезде қаржы ұйымы дереу, бірақ олар анықталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды еркін нысанда хабардар етеді.

9-параграф. Қаржы өнімін ұсынуды тоқтату

      64. Қаржы өнiмiн берудi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде қаржы ұйымы қаржы өнiмiн беру туралы шарттар жасалған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi.

      65. Қаржы ұйымы Талаптардың 64-тармағында көрсетілген қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды қаржы өнімін беру туралы шартта көзделген тәсілмен және цифрлық объектілер арқылы қаржы өнімін беруді тоқтату туралы, мұндай тоқтату қаржы өнімін беру туралы қолданыстағы шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау талаптарына әсер еткен жағдайларда қаржы ұйымының ішкі құжаттарда белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

      Финансовая организация уведомляет потребителей и через цифровые объекты о прекращении предоставления финансового продукта в сроки, установленные внутренними документами финансовой организации, в случаях, когда такое прекращение влияет на условия выполнения обязательств сторон по действующим договорам о предоставлении финансового продукта.

10-параграф. Уәкілетті агенттермен және үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау

      66. Уәкілетті агентті және үшінші тұлғаларды тартқанға дейін қаржы ұйымы:

      1) олардың іскерлік беделін және қаржы ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимылға қатысатын уәкілетті агент және үшінші тұлға қызметкерлерінің біліктілігін бағалауды;

      3) уәкілетті агенттің және үшінші тұлғалардың қызметіне байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары мен шағымдарының тарихын талдауды (бар болған жағдайда) жүргізеді, бірақ олармен шектелмейді.

      67. Қаржы ұйымы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен уәкілетті агенттердің және үшінші тұлғалардың қызметін тұрақты бақылауды, бірақ жылына кемінде бір рет қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті агенттің және үшінші тұлғалардың қызметін жоспардан тыс бақылау қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың жолданымдарының өсуі, жосықсыз практиканың белгілері не қаржы өнімдерін ұсынумен байланысты шекті мәндерден асып кету анықталған кезде қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      68. Талаптарда бұзушылықтар анықталған кезде қаржы ұйымы: мынадай шаралар қабылдайды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) бұзушылықтарды жою туралы талапты жіберу;

      2) уәкілетті агенттің және үшінші тұлғалардың жекелеген қаржы өнімдерін іске асыруға құқығын шектеу;

      3) уәкілетті агентпен және үшінші тұлғалармен шартты бұзу.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген қабылданған шаралар туралы қаржы ұйымы тиісті шаралар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

4-тарау. Іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

      69. Қаржы ұйымы қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органы қаржы өнімінің паспортын бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қаржы өнімін бекіту, өзгерту және тоқтату туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттар үшін жеке тұлғаларға ұсынылатын мынадай қаржы өнімдері жөніндегі Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді:

      банк қызметі бойынша:

      1) жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      2) кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыздар;

      3) автомобиль көлігінің кепілімен қамтамасыз етілген автомобиль көлігін сатып алуға арналған қарыздар;

      4) мерзімді салымдар;

      микроқаржылық қызмет бойынша:

      5) жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер;

      6) кепілмен қамтамасыз етілмеген микрокредиттер;

      7) автомобиль көлігінің кепілімен қамтамасыз етілген автомобиль көлігін сатып алуға арналған микрокредиттер;

      сақтандыру қызметі бойынша банктік қарыз шарттарына және (немесе)

      микрокредит беру туралы шарттарға байланысты сақтандыру өнімдері:

      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандырудың ерікті нысанындағы мына сыныптар бойынша:

      8) жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

      9) ауырған жағдайда сақтандыру;

      10) автомобиль көлігін сақтандыру;

      11) Сақтандыру қызметі туралы заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;

      12) ипотекалық сақтандыру;

      13) басқа қаржылық шығындардан сақтандыру;

      "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандырудың ерікті нысанындағы мына сыныптар бойынша:

      14) Сақтандыру қызметі туралы заңның 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, өмірді сақтандыру;

      брокерлік қызмет бойынша:

      15) клиенттің тапсырмаларына сәйкес брокердің бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауын болжайтын шарт негізінде көрсетілетін брокерлік қызметтер, олар бойынша есеп айырысуды брокер клиентке қайтарымдылық және ақылылық (маржиналдық мәмілелер) талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жүргізеді;

      16) жеке инвесторларға инвестициялық кеңес беру түріндегі брокерлік қызметтер.

      70. Хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы өнімінің паспортынан үзінді көшірме;

      2) қаржы өнімін қазақ және орыс тілдерінде беру туралы шарттың нысаны (қаржы ұйымының ішкі құжаттарында шарттардың нысандарын бекіту туралы талап болған кезде);

      3) дауыс беру қорытындыларын көрсете отырып, қаржы өнімінің паспортын және қаржы өнімін беру туралы шарттың нысанын бекіту туралы қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органының шешімінен үзінді көшірме;

      4) қаржы ұйымының тиісті уәкілетті алқалы органының қаржы өнімінің паспортын және қаржы өнімін беру туралы шарт нысанын бекітуге өкілеттігін растайтын қаржы ұйымының ішкі құжаттарынан үзінді көшірмелер.

      Қаржы өнімін беру тоқтатылған кезде Хабарламаға қаржы ұйымының уәкілетті алқалы органының қаржы өнімін беруді тоқтату туралы шешімінен үзінді көшірме қоса беріледі.

      71. Талаптардың 70-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Хабарламаны қаржы ұйымы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.

  Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарға, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесіне (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидаларына, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіне
  1-қосымша

      Нысан

Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі, өзгертуі және тоқтатуы туралы хабарлама

      1. Қаржы ұйымының атауы

      ____________________________________________________________________

      2. Қаржы ұйымының орналасқан орны, телефоны

      ____________________________________________________________________

      3. Қаржы нарығында операцияларды және қызметтерді жүргізуге

      уәкілетті органның лицензиясының нөмірі мен күні

      ____________________________________________________________________

      4. Қаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      5. _____________________________________________________________ (қаржы өнімінің атауы)

      6. Хабарламаның түрі (қаржы өнімін бекіту немесе өзгерту, немесе тоқтату)

      ____________________________________________________________________

      7. Хабарламаға мыналар қоса беріледі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ (құжаттардың атауы және парақтар саны көрсетіледі)

      Қаржы ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның

      орнындағы адам):

      _______________ _____________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) (қолы)

      20____ жылғы "_____" ______________

  Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарға, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесіне (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидаларына, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіне
  2-қосымша

      Нысан

Қаржы өнімі паспортынан үзінді көшірме

      1-бөлім. Қаржы өнімі туралы ақпарат

Қаржы өнімінің атауы


Хабарлама жіберу негіздемесі (қаржы өнімін бекіту, қаржы өнімінің шарттарын өзгерту, қаржы өнімін беруді тоқтату)


Қаржы ұйымының бекітуге уәкілетті алқалы органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін (регламенттейтін) қаржы ұйымы құжатының деректемелері


Қаржы өнімінің сипаттамалары:

қарыздар (микрокредиттер) бойынша:


қарыздың (микрокредиттің) мақсаты


қарыз валютасы


қарыздың (микрокредиттің) шекті мерзімдері


қарыздың (микрокредиттің) шекті сомасы


сыйақы мөлшерлемесінің түрі және оның шекті шамалары


жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (төменгі және жоғарғы ауқымы)


қарызды (микрокредитті) өтеу әдістері


жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі және олардың шекті мөлшерлері


микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін өзге де төлемдердің тізбесі және олардың шекті мөлшерлері


қарыздың (микрокредиттің) қамтылымының бар болуына қойылатын талаптар


шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) шекті мөлшерлері


қарыз (микрокредит) беру кезінде ұсынылатын ілеспе (қосымша) қызметтердің тізбесі


жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша:

салым валютасы


сыйақы мөлшерлемесінің түрі және оның шекті шамалары


жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (төменгі және жоғарғы ауқымы)


салымның ең төменгі сомасы


ең төменгі төмендемейтін қалдық (бар болса)


салым сомасының шекті шамасы


салым мерзімінің шекті шамасы


сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі


салымды толықтыру және алу тәртібі


ерікті сақтандыру бойынша:

сақтандыру объектісі


сақтандыру сыйлықақыларының шекті мөлшері


франшизаның шекті мөлшері


брокерлік қызметтер бойынша:


комиссия мен тарифтердің шекті мөлшері


      2-бөлім. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мақсатты тобы

Мақсатты топтың сипаттамасы


Мақсатты емес топтың сипаттамасы


      3-бөлім. Тәуекелдер матрицасы

Тәуекел

Бағалау (төмен, орташа, жоғары)

Тәуекелдерді азайту шаралары

1. Қаржы өнімінің тәуекелдері



2. Қарыздар (микрокредиттер) бойынша іс-қимыл тәуекелдері



Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкес келмейтін қаржы өнімін сатып алуға итермелеу тәуекелі



Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының құқықтарына қысым жасайтын және өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүрлеріне сәйкес мәміле мәніне қатысы жоқ қосымша талаптар немесе шарттар белгілене отырып, қаржы өнімін өткізу тәуекелі



Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының борыштық жүктемесін бағалау кезінде пайдаланылатын деректерді қасақана бұрмалау тәуекелі, оның ішінде құжаттамалық растаусыз не дәйексіз мәліметтерді пайдалана отырып кірістер деңгейін жоғарылату



Борыштық жүктеме коэффициентінің есебінен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қолданыстағы міндеттемелерін алып тастау тәуекелі



Қаржы өнімінің нақты құнын, қолданылатын мөлшерлемелерді, комиссиялар мен тарифтерді қоса алғанда, оның елеулі шарттары туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау тәуекелі



Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қосымша қызметті сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасырған кезде қосымша қызметі бар қаржы өнімін ұсыну тәуекелі



ерікті сақтандыру бойынша

Тәуекел

Бағалау (төмен, орташа, жоғары)

Тәуекелдерді азайту шаралары

Сақтанушының мақсаттарына (қажеттіліктеріне) сәйкес келмейтін сақтандыру өнімін сатып алуға итермелеу тәуекелі



Сақтандыру өнімінің елеулі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау не толық ашпау тәуекелі



Сақтандыру өнімін немесе сақтандыру ұйымын таңдау еркіндігін шектейтін жағдайлар жасау тәуекелі



Сақтандыру өнімдерін және (немесе) қосымша көрсетілетін қызметтерді күштеп таңу тәуекелі, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының оларды сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасыру



брокерлік көрсетілетін қызметтер бойынша

Тәуекел

Бағалау (төмен, орташа, жоғары)

Тәуекелдерді азайту шаралары

Қаржы өнімінің елеулі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау немесе толық ашпау тәуекелі



Қосымша көрсетілетін қызметтерді таңу тәуекелі, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының оларды сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасыру



      4-бөлім. Қаржы өнімін ұсынудың нысаналы көрсеткіштері

      ____________________________________________________________________

Көрсеткіш

12 айға арналған нысаналы деңгей

Өнімді қайта қарау үшін шекті мән

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың нысаналы тобына ұсыну көлемі, мың теңге



Қаржы өнімін ұсыну туралы жасалған шарттардың саны, бірлік



Қаржы өнімін ұсыну туралы шарттардың бұзылу саны, бірлік



Қаржы өнімімен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтерден бас тартулардың саны, оның ішінде бірден қаржы өнімін ұсыну туралы шарт жасасқаннан кейін, бірлік



  Қазақстан Республикасының
  Қаржы нарығын
  реттеу және дамыту
  Агенттігінің Басқармасының
  2026 жылғы 3 тамыздағы
  № 116 Қаулыға
  қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13852 болып тіркелген).

      2. "Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14221 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 4 және 5-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19816 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 және "Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22256 болып тіркелген).

      5. "Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 47 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36737 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады