Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36731 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде тамақпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 373 Бұйрықпен бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақпен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақпен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тиісті қызметтерді, тауарларды және жұмыстарды сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Тамақпен қамтамасыз ету тәртібі

      3. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері белгіленген табиғи нормалар бойынша пайдалануға дайын тағамдар мен сусындар (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас) түрінде тиісті тамақтану орындары арқылы қамтамасыз етіледі.

      Азық-түлік үлесін беру кезінде азық-түлік өнімдерін басқа өнімдерге алмастырудың заттай нормаларында белгіленген өнімдердің өзара алмасу нормалары шегінде рұқсат беріледі.

      Казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысатын АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған бір кісілік норма уәкілетті орган бекіткен нормаларға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      4. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін пайдалануға дайын тағаммен және сусындармен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдалануға дайын тағамның және сусындардың сапасын бақылау тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

      Үш тәуліктен аспайтын мерзімге құрғақ азық-түлік пайкісін беру рұқсат етіледі.

      5. Тамақ қатаң түрде бекітілген мәзір бойынша, тамақпен қамтамасыз ету нормалары бойынша өнімдерді тарата отырып (тарату мәзірі) дайындалады.

      6. Азық-түлікті тарату мәзірімен тамақтандыруды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалармен, уәкілетті органның аумақтық органдарымен (бұдан әрі – аумақтық орган) келісу арқылы жасалады.

      Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша, тамақтанушылардың санына қарамастан жасалады, тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, жауапты қызметкер немесе АҚО әскери қызметшісі қол қояды және аумақтық орган басшысымен бекітіледі.

      7. Тамақ дайындау процесін және пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын бақылау үшін аумақтық органның жауапты лауазымды адамдары тағайындалады.

      Әрбір тамақ қабылдау алдында тағамдар мен сусындардың әзірлеу процесі мен сапасын бақылауды жүзеге асыратын адамдар мәзір-есептеме бойынша тамақпен қамтамасыз етудің табиғи нормасының толық жеткізілуін және дайын тағамдар мен сусындардың сапасын тексереді.

      Бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағам сапасын бақылау есебіне арналған кітапқа жазылады.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 26866 болып тіркелген).

      8. Тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің жауапты лауазымды адамдары тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсететін жеке немесе заңды тұлғаларға мынадай мәліметтерді ұсынады:

      1) мемлекеттік сатып алу шарты жасалған кезден бастап тамақтанушылардың саны туралы;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тамақтандыру туралы.

  Азаматтық қорғау
органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілерін
казарма жағдайында және
(немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде
тамақпен қамтамасыз ету
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Тағам дайындау сапасын бақылау есебіне арналған кітап _____________________________________ (аумақтық органның атауы)

Ас қабылдау

20__ жылғы "__" _____ таратылымы бойынша тағамның атауы.

Қазанға салынды, кг

нақты масса, г

Аспазшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тағамды дайындаған тұлға

Тағам мен сусындарды дайындау процесін және олардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның қорытындысы

ет (балық)

картоп

жарма (макарон бұйымдарының)

тағам

Ет (балық) өлшемі

масса

% қалдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Таңғы ас










Түскі ас










Кешкі ас










      Аспаз_______________________________________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "__" _____________

      Ескертпе:

      2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандар мәзір-есептеме негізінде аспазшы тарапынан толтырылады.

      10-бағанда тағам мен сусындарды дайындау процесін және олардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын тұлға төмендегілерді жазады:– тағам сапасына баға – "Сапалы" немесе "Сапасыз"; – санитариялық жағдайға баға – "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз".

  Азаматтық қорғау
органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілерін
казарма жағдайында және
(немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде
тамақпен қамтамасыз ету
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақтандыру туралы мәлімет


р/с

Күні

Адам саны

Ескертпе













      Мәліметті құрған _________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады