Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 415/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 тамызда № 36614 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 415/НҚ бұйрығымен
бекітілді

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: цифрландыру саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/1?lang=kk. орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЦССА-1.

      Кезеңділік: жылдық.

      Есепті кезең: _____ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей.

БСН


 

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште.

Бастама

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат

Цифрлық бастаманың атауы

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы

Нақты қол жеткізу және жоспарлы көрсеткіш туралы ақпарат

      Телефон _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________

      Орындаушы ________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ________________________________ __________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      _____________________________________________________

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Жергілікті атқарушы органның
цифрлық стандартқа (эталондық
стандарт) сәйкес келуі
туралы ақпарат" нысанына
қосымша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (ЖЦССА-1, жылдық)

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жергілікті атқарушы органдар толтырады.

      3. Нысанға жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысан жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Нысан келесідей толтырылады:

      1-бағанда бастаманың атауы көрсетіледі;

      2-бағанда тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты қол жеткізу және жоспарлы мән көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады