"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2025 жылғы 12 тамыздағы № 415/НҚ бұйрығымен бекітілді |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: цифрландыру саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/1?lang=kk. орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЦССА-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: _____ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей.
БСН |
|
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште.
Бастама | Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы | Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат |
Цифрлық бастаманың атауы | Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы | Нақты қол жеткізу және жоспарлы көрсеткіш туралы ақпарат |
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________
Орындаушы ________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
_____________________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (ЖЦССА-1, жылдық)
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жергілікті атқарушы органдар толтырады.
3. Нысанға жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
4. Нысан жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Нысан келесідей толтырылады:
1-бағанда бастаманың атауы көрсетіледі;
2-бағанда тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда нақты қол жеткізу және жоспарлы мән көрсетіледі.