"Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 31 шiлдедегi № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 тамызда № 36572 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 20-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мониторинг осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен (республикалық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының (коммуналдық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) бұйрықтарымен жыл сайын бекітілетін жоспар-кестелерге сәйкес жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Монополияға қарсы орган ақпарат жинауды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мониторинг объектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы жүзеге асырады.

      Монополияға қарсы орган мониторинг жүргізу үшін мынадай ақпаратты сұратады:

      1) мониторинг объектісінің құрылтай құжаттары;

      2) мониторинг объектісі қызметінің түрлерін жүзеге асыруды растайтын статистикалық және қаржылық-экономикалық есептер;

      3) растайтын материалдары бар қызмет түрлері бойынша заттай және ақшалай көріністегі соңғы жылдары өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі;

      4) Кодекстің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпарат.";

      қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанмен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 10 бұйрығына
1-қосымша/
Мемлекеттік кәсіпорындарды,
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерiнiң)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғаларды және олармен
үлестес тұлғаларды құру,
олардың жүзеге асырылатын
қызмет түрлерін кеңейту және
(немесе) өзгерту кезінде
монополияға қарсы органның
келісімін алу, сондай-ақ
монополияға қарсы органның
келісімі алынған сол қызмет
түрлерін ғана жүзеге
асыру тұрғысынан мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Жоспар-кесте

Мониторинг объектісінің атауы

Мониторинг жүргізу кезеңі

1

2

3




  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 10 бұйрығына
2-қосымша/
Мемлекеттік кәсіпорындарды,
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерiнiң)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғаларды және олармен
үлестес тұлғаларды құру,
олардың жүзеге асырылатын
қызмет түрлерін кеңейту және
(немесе) өзгерту кезінде
монополияға қарсы органның
келісімін алу, сондай-ақ
монополияға қарсы органның
келісімі алынған сол қызмет
түрлерін ғана жүзеге асыру
тұрғысынан мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities

      Әкімшілік нысанның атауы: Мониторинг жүргізу үшін әкімшілік деректер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): №1-KМС

      Кезеңділігі: сұрау салу бойынша

      Есепті кезең: 202___жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар ұсынатын ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде

      ЖСН/БСН


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде):

1

Байланыс жасайтын адам


2

Мониторинг объектісінің қызмет ету кезеңі


3

Бақылау объектісін құрудың мақсаты


4

Мониторинг объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


5

Қызмет түрлері


6

Меншік нысаны өзгерген жағдайда, мониторинг объектісінің қызмет түрлері


7

Мониторинг объектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер


8

Мониторинг объектімен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар туралы мәліметтер


9

Кәсіпкерлік қызметке қатысудың негіздері


10

Монополияға қарсы органның қорытындылары


11

Нормативтік құқықтық актілер


      Ескертпе. Әрбір сұраққа егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Толық ақпарат ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, оның бағалау немесе болжамдық екені көрсетіліп, бағалау немесе болжамдық ақпарат ұсынылады, сондай-ақ оны алу көздері және бағалау мен болжаудың пайдаланылған тәсілдері көрсетіледі.

      Атауы _____________________________

      Мекенжайы ___________________________

      Телефон _____________________________

      Электрондық почта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы ______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы

      тұлға_________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Мониторинг жүргізу үшін
әкімшілік деректер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Мониторинг жүргізу үшін әкімшілік деректер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме ( индексі: № 1-KМС, жиілігі – сұрау салу бойынша)

      1. 1-жолда оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі.

      2. 2-жолда мониторинг объектісінің қызмет ету мерзімі көрсетіледі.

      3. 3-жолда мониторинг объектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі.

      4. 4-жолда ұйымдық-құқықтық нысан көрсетіледі. Ұйымдық-құқықтық нысан өзгертілген жағдайда растайтын құжаттар (жарлық, қаулы және т.б.) ұсынылады.

      5. 5-жолда мониторинг объектісінің қолданыстағы жарғылық қызмет түрлері (статистикалық кодтарды көрсете отырып, мемлекеттік және орыс телдерінде) тізіп көрсетіледі.

      6. 6-жолда Жарғыны қоса бере отырып (статистикалық кодтарды көрсетіп), мониторинг объектісінің бұрынғы жарғылық қызмет түрлері санамаланады.

      7. 7-жолда құрылтайшылар туралы мәліметтер көрсетіледі, оның ішінде:

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) мониторинг объектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құны;

      3) мониторинг объектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайларының) жалпы санынан пайыздардағы үлесі (Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің анықтамасын қоса беру қажет);

      4) мониторинг объектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер

      8. 8-жолда мыналар көрсетіледі:

      1) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысың атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер;

      2) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалардың өзге де заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік тұлғаларға атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, қатысуы туралы мәліметтер;

      3) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысының өзге заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік тұлғаларға атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер.

      9. 9-жолда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметке қатысу негіздері көрсетіледі.

      10. 10-жолда жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде мониторинг объектісіне берген монополияға қарсы орган қорытындыларының көшірмелерін ұсыну қажет. Монополияға қарсы органның қорытындылары болмаған жағдайда, негізді түсіндірмесі бар түсіндірме жазбаны ұсыну қажет.

      11. 11-жолда мониторинг объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады