"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 247 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18765 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Д. Щеглова |