Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. "Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 337 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 28 шілдедегі № 910 бұйрықпен бекітілген |
Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құнын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар зерттеуінің, консалтингтік көрсетілетін қызметінің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) зерттеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыс шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеу;
2) консалтингтік көрсетілетін қызмет – Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік органның қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндікті айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау бойынша, жұмыстың (көрсетілетін қызметтің мынадай негізгі түрлері шеңберінде: басқарушылық консалтинг, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік көрсетілетін қызмет) қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша көрсетілетін қызмет.
2-тарау. Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құнын белгілеу тәртібі
3. Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құнын белгілеу кезінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілетін қызмет құнының есебінде көрсетілген, негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама шығысы ескеріледі.
4. Тікелей шығысқа мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, зерттеуді, консалтингтік көрсетілетін қызметті орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес зерттеуді, консалтингтік көрсетілетін қызметті тікелей жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу (лауазымдық айлықақы, қосымша ақы, үстемеақы, төлем, өтемақы);
2) ел ішіндегі және одан тысқары жердегі іссапар шығысы;
3) тауарлар мен материалды (шығыс материалы, қосалқы құрал мен керек-жарақ, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке және ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық құрылғы, қосалқы материал мен тауар-материалдық қор, жиынтықтаушы, кеңсе тауарлары) сатып алуға шығыс;
4) негізгі құралдарды сатып алуға шығыс;
5) байланыс бойынша көрсетілетін қызмет (қалалық телефон нөмірі, қалааралық сөйлесу, интернет желісіне қолжетімділік бойынша көрсетілетін қызмет).
5. Жанама шығысқа мыналар жатады:
1) коммуналдық көрсетілетін қызметтер (суық су, ыстық су, техникалық су, теңіз суы, толық тазартылған дистиллят, қайтарылмайтын конденсат, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету және буы бар жылу энергиясы);
2) зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік фактормен жұмыс істейтін персоналды міндетті медициналық тексеруден өткізуге шығыс;
3) басқа да шығыс (қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға, сейсмикалық жабдық үшін үй-жайларды жалға алу).
6. Жұмыс пен көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:
Шбарлығы = Тш + Жш
мұнда
Шбарлығы – зерттеуді, консалтингтік көрсетілетін қызметті орындауға шығыс;
Тш – тікелей шығыс;
Жш – жанама шығыс.
7. Зерттеуді, консалтингтік көрсетілетін қызметті орындау үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде әрбір шығыс құжаты негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есеп, шарттың көшірмесі, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.