"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 226-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 шiлдеде № 36520 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қосымша:___________________________________________________

      (менеджмент жүйесінің құжаттары және басқалар, оның ішінде оларды орындау жөніндегі дәлелдер қоса беріледі)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде:

      (мөр орны) ______________________

      (қолы, лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

      20__ жылғы "__" ______

      Электрондық нысанда өтінім беру кезінде:

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ______ __:__ сағатта қол қойып берді.

      Өтінім берушінің электронды цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер: _______

      Өтінім берушінің ЭЦҚ қол қойған күні мен уақыты: ___

      Өтінімнің ақпараттық жүйеде автоматтық тіркелуі туралы хабарлама:

      20__ жылғы "__" ______ __:__ сағатта қабылданды.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      аккредиттеу алдындағы үлгілік шартының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "_____________ 20__жылғы "__"_________________ (жасалған орны)

      _______________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің __________ қаулысына сәйкес ____________

      (Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі)

      аккредиттеу жөніндегі орган айқындаған, бұдан әрі "Аккредиттеу жөніндегі орган"

      деп аталып, __________ негізінде әрекет ететін _________________ (құжат атауы)

      _______________________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атынан бір тараптан және _____________________________________, (өтінім

      берушінің атауы)

      бұдан әрі "Өтінім беруші" деп аталып _______________________________

      (құжат атауы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атынан екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";

      2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.1. Өтінім беруші:

      1) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтитын аккредиттеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) сараптау нәтижелері бойынша техникалық реттеу ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сарапшы-аудитор қорытындысын алуға;

      2) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша тексеріп қарау жөніндегі топ есебін алуға;

      3) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша, тиісті себептері бар болған жағдайда, жазбаша не ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда жіберген сәйкессіздікті жою мерзімін ұзарту, бірақ 2 (екі) айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы Аккредиттеу жөніндегі органға жүгінуге;

      4) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижесі бойынша, тексеріп қарау туралы есепті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аккредиттеу жөніндегі органға атқарылған жұмыстар бойынша өз ескертулерін жазбаша түрде беруге;

      5) Аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;

      6) Аккредиттеу жөніндегі органның бас тарту туралы шешіміне апелляция жөніндегі комиссияға шағымдануға;

      7) даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотқа дейінгі рәсімдер жүргізілгеннен кейін сотқа жүгінуге;

      8) кез келген уақытта бір жақты тәртіппен бұл туралы Аккредиттеу жөніндегі органға шартты бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабарлай отырып, Шартты бұзуға;

      9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште дәлелді шешімін алуға құқылы.";

      2.5-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште дәлелді бас тартуды жолдауға;";

      4.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.4. Өтінім беруші Аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған өтінімдегі деректердің анықтығы мен өзектілігі үшін жауапты болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      аккредиттеуден кейінгі үлгілік шартының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "_________ 20__жылғы "__" _______ (жасалған орны) __________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______________________________

      ____________________________________________________ қаулысына сәйкес

      (Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі) аккредиттеу

      жөніндегі органмен айқындалған, бұдан әрі "Аккредиттеу жөніндегі орган"

      деп аталып, _____________________ негізінде әрекет ететін _______________

      (құжат атауы)

      ___________________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атынан бір тараптан және ____________________________________,

      (аккредиттеу субъектінің толық атауы)

      бұдан әрі "Аккредиттеу субъекті" деп аталып ________________________

      (құжат атауы)

      негізінде әрекет ететін ___________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атынан екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және

      _______________________________________________________________

            (Қазақстан Республикасының заңнамасының атауы)

      сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";

      2.1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Аккредиттеу жөніндегі органға қағаз жеткізгіште не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-ақпараттық жүйе) арқылы электрондық нысанда аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектілендіру, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Аккредиттеу жөніндегі органға жүргізілген жұмыстар бойынша өз ескертулерін ұсынуға;":

      2.2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қоюға не субъект аккредиттеуді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дәлелді бас тартуды ақпараттық жүйеде келісімге жолдауға;".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады