БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 16 шілдедегі № 218 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жөндеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авариялық жөндеу – авариялық жағдайлардан туындаған зақымдануларды жою үшін орындалатын жоспардан тыс жөндеу;
2) бекіту сынаулары – жабдықты монтаждау және реттеу сапасын тексеру, кеменің жұмысқа қабілеттігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты энергиялық қондырғыны, қосалқы механизмдерді, жүйелер мен құрылғыларды жүктеме арқылы алдын ала сынау бойынша қабылдау-тапсырудың технологиялық кезеңі;
3) бірыңғай жөндеу тізімдемесі – топтық кемелерді орташа және ағымдағы жөндеу үшін кеме жөндеу жүйесіндегі негізгі сметалық, технологиялық және ұйымдастырушылық құжаты болып табылады. Бірыңғай жөндеу тізімдемесі жоспарлы-алдын ала жөндеу шарттары үшін әзірленеді және кеме қызметінің белгіленген мерзімі шегінде қолданылады;
4) дербес жөндеу тізімдемесі – топтық емес жасалған кемелерді орташа және ағымдағы жөндеу үшін кеме жөндеу жүйесіндегі негізгі сметалық, технологиялық және ұйымдастырушылық құжаты болып табылады. Дербес жөндеу тізімдемесі жоспарлы-алдын ала жөндеу шарттары үшін әзірленеді және кеме қызметінің белгіленген мерзімі шегінде қолданылады;
5) док – жөндеу жұмыстарын орындау үшін корпустың су асты бөлігіне, соның ішінде шлюздер камераларына еркін кіруді қамтамасыз ететін кеме көтеретін құрылыстар мен құрылғылардың барлық үлгілері;
6) жасалу сипаттамалары – кемені (элементті, торапты) жасау кезінде қолданыста болған сипаттамалар;
7) жөндеу – қабылданған тапсырма көлемінде белгілі бір уақыт аралығында кеменің жарамды немесе жұмысқа қабілетті жай-күйін қалпына келтіру бойынша операциялар кешені;
8) жөндеуді орындаушы – заңды және жеке тұлға, Кеме қатынасының тіркелімін тану куәлігі бар кеме жөндеу кәсіпорны немесе жеке тұлға;
9) жүріс сынаулары – жабдықтың (басты энергиялық қондырғының, рульдік және зәкірлік құрылғының, навигация және радиобайланыс құралдарының) ерекшелікті параметрлері мен жұмыс режимін, сондай-ақ кеменің кемелік сапасын тексеру бойынша қабылдау-тапсырудың технологиялық кезеңі;
10) кемені жоспарлы жөндеу – қоюы нормативтік-құқықтық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын кемені жөндеу;
11) кемені жоспардан тыс жөндеу – қоюы алдын ала белгілеусіз жүзеге асырылатын кемені жөндеу;
12) кемелерді слиптеу (доктау) – кемені куәландыру немесе су асты бөлігін жөндеу үшін көтеруді қамтамасыз ететін операциялар мен іс-шаралардың жиынтығы;
13) механика-кеме қызметі – кеме иесі белгілеген кеме жөндеуге жауапты қызмет немесе адам.";
9-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әр түрлі типтегі кемелер үшін орташа жөндеу жүргізу кезеңділігі мен мақсаттарын кеме иесі Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес, кеменің техникалық жай-күйін айқындау негізінде белгілейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келетін кеменің техникалық жай-күйі кезінде кемені күрделі жөндеуге қою мерзімі Кеме қатынасының тіркелімі бекіткен Кеме қатынасы тіркелімінің өкілі кіретін кеме иесінің арнайы техникалық комиссиясының қорытындысы негізінде кейінге шегеріледі.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Кеме иесі жекелеген жұмыстарға тапсырылған Кеме қатынасы тіркелімінің қадағалауындағы кеме элементтерін жөндеуден кейін жөндеуші орындаушы кеме иесіне жөндеуді орындаушы орындауға қабылдаған көлемде ұсынады. Кеме қатынасы тіркеліміне осы элементтерді ұсынуды кеме иесі жүзеге асырады. Бұл ретте жөндеуді орындаушы кеме иесіне көмек көрсетеді және Кеме қатынасы тіркелімі жөндеуді орындаушы атқарған жұмыстар негізінде ескертулерді жояды.".
2. "Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидаларында:
32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Техникалық бақылаусыз жасалған, қайта жабдықталған, жаңғыртылған кемені техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Жаңғырту, қайта жабдықтау немесе жаңарту кезінде кемелердің типі мен белгісін ауыстырып, кемелерді техникалық есепке алу үшін қажетті құжаттар:
1) кемені жаңғырту, қайта жабдықтау немесе жаңарту туралы өтінім;
2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);
3) Кеме қатынасы тіркелімімен танылған ұйыммен жобаланған және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген кемелерді жаңғырту, қайта жабдықтау немесе жаңарту жобасы;
4) дайын бұйымдарды техникалық қабылдау актілері (түпнұсқа және көшірме), (әрбір жаңартылған, қайта жабдықталған немесе жаңғыртылған элемент бойынша);
5) тетіктерге, жабдықтарға және жабдықтауға сертификаттар;
6) қабылдау сынағының актілері.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, егер кеме немесе оның элементі куәландыруға дайын болмаса, куәландыруды жүргізбейді.
Мұндай жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландырудан бас тарту себебін негіздеп актіде жазады және күнтізбелік он бес күн ішінде кеме иесіне (кеме иесінің өкіліне) немесе кеме капитанына куәландыру актісінің түпнұсқасын пошта байланысы арқылы және оның көшірмесін электрондық пошта арқылы жолдайды.
Кеме иесі куәландыру актісінде көрсетілген анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін кеме куәландыруға қайта ұсынылады.
Актінің көшірмесі электрондық форматта Кеме қатынасы тіркеліміне жолданады және Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебінен кеме алынған күнге дейін Кеме қатынасы тіркелімінің өңірлік қызметкерінің формулярында сақталады.";
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45-1. Формуляр әр кемеге жеке жүргізіледі және кемеге берілген актілер мен куәліктердің электрондық көшірмелерінен тұрады.".
3. "Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларында:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) қоқысты өңдеуге арналған құрылғы – қоқыстың көлемін азайту және үгітуге арналған құрылғы;";
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"47) пайдаланған суды өңдеуге арналған құрылғы – пайдаланған суды тазартуға және зарарсыздандыруға ұшырайтын құрылғы;";
27- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Кеме жасалғаннан кейін жүргізілген бастапқы куәландыру немесе кемені соңғы сыныптамалық куәландыру күнінен бастап бес жылда бір рет сыныптамалық куәландыруға ұсынылады.";
37-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) кеменің техникалық жай-күйі жыл сайынғы, сыныптамалық куәландыру кезінде жарамсыз болып табылу нәтижесінде. Келесі жыл сайынғы, сыныптамалық куәландырудың мерзімі бұрынғы жыл сайынғы, сыныптамалық куәландыру күнінен бастап есептеледі;";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Корпустардың жеткілікті беріктігін есептеуді Кеме қатынасының тіркелімі немесе "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Кеме қатынасының тіркелімімен танылған ұйым жүргізеді.
Кеме корпустардың жеткілікті беріктігінің есептік негіздемелерін орындағаннан кейін кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.";
137-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Кеме қатынасы тіркелімімен келісіліп, кәсіпорындар олардың өндіретін материалдары мен бұйымдарына немесе зертханалар өткізілген сынауларына беретін құжаттар.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Кеме қатынасының тіркелімі, Кеме қатынасының тіркелімі мен осы ұйымдар арасындағы ынтымақтастық және өзара алмастыру туралы шарттар немесе келісімдер негізінде, басқа сыныптамалық ұйымдар берген құжаттарды толық немесе ішінара таниды.";
157-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"157. Темір корпустарды кезекті куәландыру кезінде өлшеу аспаптарын, құралдарын қолдана отырып, корпустар мен қондырмалардың келесі құрамды бөліктері іріктеліп қаралады:";
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"177. Егер жыл сайынғы куәландыру кезінде бұрынғы куәландыруға қарағанда корпус нысанының өзгеруі немесе асыра тозуы байқалса, яғни техникалық жай-күйі елеулі нашарлаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қалдық қалыңдығы мен нысанын өзгерту параметрлерін қарау және өлшеу үшін кемені слиптелуіне және қалдық жуандықты өлшеуге және ақау анықтауының параметрлері дефектаскоппен, жуандықты өлшегішті және штангенциркульді қолдану арқылы талап етеді.";
368-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"368. Ішінара бақылау жолымен Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері пайдалану мерзімі аяқталған жағдайда, жеке құтқару құралдарының тексеріліп сыналғанына, жыл сайынғы тексеру және сынау күні көрсетіліп құтқару шеңберлері мен кеудешелерге мөртабан қойылып, тексерілгеніне және сыналғанына көз жеткізеді.";
Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар тізбесіндегі қосымшада:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. РС-4.0 | Сертификат | 1 | 1 | - | Материалдар мен бұйымдарды дайындауды, сынауды техникалық байқаудың оң нәтижелері негізінде ресімделеді |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолымен толықтырылсын:
"
25.РС-4.1 | Үлгілік мақұлдау туралы куәлік | 1 | 1 | - | Дайындаушы ұйымға, Кеме қатынасының тіркелімі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін, үлгілік материалды немесе бұйымды куәландыру мен сынаудың оң нәтижелері негізінде беріледі |
".
4. "Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларында:
92) және 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"92) еріп құйылған меттал – металл, электродтың немесе сым темірдің ерітіндісі және құрамында негізгі металлдың практикалық елеулі қоспасынсыз;
93) жалғастырушы сым – найзағайды қағып алғышты жерге тұйықтандырғышпен электрлі жалғастыратын сым;";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілгендей кеменің тоқтатылған сыныбы кемені ұсыну кезінде Кеме қатынасының тіркелімі орындаған кезеңдік немесе кезектен тыс куәландырудың оң нәтижелері кезінде қалпына келеді. Бұл ретте кеме ұзақ мерзімді кезеңге пайдаланудан шығарғанда (үш айдан аса) кеменің сыныбын жаңарту үшін куәландыру көлемі кеменің мерзімін, оның жай-күйін және оны пайдаланудан шығару мерзімін есепке ала отырып, Кеме қатынасының тіркелімі арнайы белгілейді.";
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілгендей тоқтатылған сыныпты жаңартуды Кеме қатынасының тіркеліміне және/немесе кеме иесіне мүмкін болмағанда;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сыныпты берумен Кеме қатынасының тіркелімі кемелерін немесе жүзбелі құрылыстарды техникалық есепке алады және сыныпты алу немесе жою кезінде оларды техникалық есептен шығарады.";
342-қосымшада реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25 | Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың | + | + | + |
";
344-қосымшада реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 |
Борт сыртында | Кептiргiшi | У17 | У17 | У1 | + | + | – | О | О | О | – | У1 |
Iшкi бөлмелердiң құрғату құбырлары | У14 | У14 | – | У14 | О | – | О | О | О | О | О | ||
Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардан науалар (iшкi) | О | О | – | О | О | – | О | О | О | О | О | ||
Ашық палубалармен дренаж | О1,8 | О1,8 | О1,8 | О1,8 | О1,8 | О | О | О | О | О1,8 | О | ||
Су өртті және су шашырату | У1 | У1 | У1 | + | – | – | – | О | О | + | У1 | ||
Көбiктi сөндiрулер | У1 | У1 | У1 | + | – | – | – | О | О | У1 | У1 | ||
Спринклерi | У1 | У1 | У3 | + | – | – | – | О | О | У3 | У3 | ||
Балласты | У3 | У3 | У3 | У3 | + | О10 | О | О | О | У2 | У2 | ||
Жауапты тағайындаудың салқындату жүйелерi | У3 | У3 | – | – | – | – | – | О | О | – | У2 | ||
Жауапты емес тағайындаудың салқындату жүйелерi | О | О | О | О | О | – | О | О | О | О | О | ||
Дымды мұнайдың танктерiнiң жуғыштары | – | – | У3 | – | – | О | – | О | – | У32 |
";
1-бағанда "1" ескерту белгісі алып тасталсын;
"1" ескерту алып тасталсын.
5. "Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралардың кестесімен ішкі су жолдарының ұзақтығы, навигациялық жабдықтардың қолданылу мерзімі, судың жобалық деңгейін және тірек су өлшегіш су бекетін немесе гидроэлектростанция жармаларындағы судың ең аз шығынын көрсету арқылы кеме жүретін жолдың кепілді көлемдері, навигациялық белгілердің мөлшері белгіленеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кеме жолдарын күтіп ұстау мақсатында ішкі су жолдарында орындалатын іздестіру жұмыстарының құрамына келесілер кіреді:
1) арналық түсірілімдер мен гидрологиялық ізденістерді орындау үшін жоспарлы және биіктік негіздемелерін (іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін геодезиялық негіз) құру және орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
2) неғұрлым қиын учаскелерді анықтау үшін навигация басталғаннан бастап кеме жүрісінің жай-күйіне тексеру жүргізу;
3) жол жұмыстарын жүргізудің кезектілігі мен мерзімдерін айқындау;
4) жол жұмыстарын жобалау және жоспарлау, олардың тиімділігін анықтау үшін қажетті бастапқы, қайталама және бақылау арналық түсірілімдерді орындау;
5) түбін тереңдету ойықтарын трассалау, оларды табиғатқа шығару, түзеу құрылыстарының жобаларын сыртқа шығару;
6) ойықтардың ірілендірілген жоспарларын жасау және түбін тереңдету жұмыстарының көлемін есептеу;
7) алынатын топырақ үйінділерінің орнын анықтау;
8) ішкі су жолдарының карталарын және кеме жолдарының сызбаларын жасау.";
мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-тармақтармен толықтырылсын:
"22-1. Ойықтағы алынатын топырақ көлемін есептеуді уәкілетті органның кәсіпорны бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары арқылы жүргізеді.
22-2. Арналық іздестіру партиясының жұмысы жоспарланғанға дейінгі жылдың соңына дейін жасалатын іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, навигациялық кезеңде іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарын түзетуге жол беріледі.
22-3. Навигация аралық кезеңде іздестіру жұмыстары келесі жағдайда орындалады:
1) навигация аяқталғаннан кейін арналық іздестіру партиясының мамандары барлық алынған навигациялық материалдарға камералдық өңдеуді жүргізеді және қағаз бен цифрлық жеткізгіштерде орам жоспарларының альбомын дайындайды;
2) жол жұмыстарының жобасын әзірлеу үшін арналық іздестіру партиясының мамандары түсірілім негізінде түбін тереңдету, түзеу және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу схемаларын, жұмыс көлемінің және топырақ үйіндісі орнының есептеулерін әзірлейді.
22-4. Навигациялық кезеңде арналық іздестіру партиялары іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарына және уәкілетті органның кәсіпорны бекіткен оларды жүргізудің ай сайынғы күнтізбелік кестесіне сәйкес түсірілім жүргізеді.
Түбін тереңдету ойықтарын бақылап түсіруді арналық іздестіру партиясының мамандары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен орындайды.
Іздестіру жұмыстарының жұмыс журналы негізінде жасалатын ай сайынғы есеп және арналық іздестіру партиясының басшысы толтыратын наряд-тапсырмалар жолды пайдалану қызметіне (немесе ұқсас функцияларды орындайтын өзге де қызметке) тапсырылады және бес жыл бойы сақталады.";
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
"47-1. Кеме қатынасы қарқындылығының дәрежесіне және кемелердің ішкі су жолдары бойынша қозғалысының қажеттілігіне қарай түнгі уақытта навигациялық жабдық жарықтандырылмайтын, шағылыстыратын немесе жарықтандырылатын болуы мүмкін.".
6. "Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларында:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Теңіз портына кіру (шығу), оның акваториясында жүзу және тұру кезінде теңіз кемелерінен теңіз портының (теңіз терминалының операторы) және навигациялық орталық міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін алым алынады, оның тізбесі "Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген) бекітілген.
Теңіз портының міндетті қызметтерінің құрамына кіретін навигациялық орталықтың қызметтері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті органы бекітетін бағалар бойынша көрсетіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-Теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери кемелері мен кемелерінен, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және (немесе) оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, оларға әзірлікті арттыру жөніндегі іс-шараларға (оқу-жаттығуларға, навигациялық орталықтың қызметтері үшін ақы алынбайды.
Теңіз портының иесімен (теңіз терминалының операторымен) онымен айқындалған шарттарда және тәртіпте осы портта тіркелген кемелерге және халықаралық тасымалдар жүргізетін кемелер үшін кеменің теңізде автономдық жұмысының мерзімінен асып тұруына байланысты жүк тасымалдаудан тыс қызметтерге (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе басқа мәжбүр еткен қажеттілік) теңіз портының міндетті түрде көрсетілетін қызметтеріне мемлекетпен реттелмейтін жеңілдіктер беріледі.";
36-1-тармақ алып тасталсын.
7. "Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10649 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме құжаттарына қойылатын талаптар:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қазақстан Республикасының теңіз порттарына кірмей Каспий теңізінен тыс жерде пайдаланылатын кемелердегі барлық журналдар тек СОЛАС 74/78, МАРПОЛ 73/78, халықаралық теңіз ұйымының қарарларында көзделген талаптарға сәйкес және нысан бойынша жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген барлық журналдар нөмірленеді және кемені тіркеу теңіз порты капитанының куәландыруына жатпайды.".
8. "Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13551 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Кеме қатынасы су жолдары бойынша кемелердің жүзуі туралы есептілікті, осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер негізінде навигациялық кезең аяқталғаннан кейін, су көлігі саласындағы уәкілетті орган жасайды.".
9. "Теңіз портының міндетті қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19199 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының міндетті қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Міндетті қызметтер тізбесіне:
корабельдік;
навигацииялық;
арнамен өткен үшін;
айлақтық;
зәкірлік;
арқандап байлау;
табиғат қорғау іс-шаралары саласында;
карантиндік кіреді:
1) кеменің қызмет көрсетуіне арналған баға (тариф) кеменің портқа әрбір рет кірген және порттан шыққан кезінде қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;
2) кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бағалар (тарифтер) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кемелер қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсетуіне арналған баға (тариф) кеменің өлшемдік куәлігінде көрсетілген кеменің жалпы сыйымдылық бірлігі үшін белгіленеді және кеменің қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің кіруі үшін және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің шығуы үшін бөлек қолданылады.
Өлшеу куәлігі жоқ кемелер үшін кемелер қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтерін көрсету бағасының (тарифінің) есебі кеме құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Баржабуксирлік құрамның, керуендер мен өзге де құрамдық жүзу объектілерінің (соның ішінде салдар) жалпы сыйымдылығы кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтерінің көлемін есептеу кезінде жүзу объектілердің барлық элементтерінің жалпы сыйымдылығының қосындысы ретінде айқындалады. Жүзу объектілерінің жалпы сыйымдылығы болмаған жағдайда, кеме құжаттарында немесе жүзу объектілерінің басқа құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Портының навигациялық мән-жай құралдарын пайдалана отырып навигациялық қызметтері үшін бағалар (тарифтер) кеменің портқа әрбір кіруі мен шығуы кезінде қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді.
Навигациялық қызметтеріне арналған баға (тариф) әскери кемелерге және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-Теңіз күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемелеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және (немесе) жою бойынша шараларды қабылдау, оларға дайындықты арттыру (оқытулар, жаттығулар) бойынша іс-шараларға қатысу үшін тартылатын мемлекеттік органдардың кемелеріне қолданылмайды;
3) каналмен өткені үшін баға (тариф) соңғы баратын жеріне каналдан әрбір өткен сайын қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;
4) жүк операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы жүк кеменің тұрағына қолданылады және жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді және айлақтың басындағы кемелерден алынады (рейдік айлақтан басқа).
Жүк операцияларынан тыс операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы тұрақта тұрған уақыт ішінде кемелердің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басында тұрған уақыт үшін кемелерден алынады (рейдтік айлақтан басқа);
5) зәкірлік қызмет үшін баға (тариф) рейдте және/немесе айлақта кемелерге зәкірлік тұрақ үшін қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;
6) арқандап байлау қызметі үшін баға (тариф) арқанның ұштарын тарату, арқанды босату және кемелерді тарту бойынша арқан байлаушылардың жұмысына қолданылады.
Арқандап байлау қызметі үшін арналған баға (тариф) бір операцияға белгіленеді;
7) табиғатты қорғау іс-шаралары үшін баға (тариф) портта кемелердің тұрақта тұрған әр тәулігіне белгіленеді;
8) карантиндік қызметтер үшін баға (тариф) кеменің бір рет кіргені үшін белгіленеді.";
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі, навигациялық орталықтың қызметтеріне қатысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.".
10. "Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 277 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32360 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Кеме қатынасының тіркелімі, сыныптау қызметін жүзеге асырған кезде, келесі куәландыру түрлерін жүргізеді:
1) алғашқы;
2) кезекті;
3) жыл сайынғы;
4) аралық (доктық);
5) кезектен тыс;
6) сыныптамалық.";
2-тараудағы 6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-Параграф. Сыныптамалық куәландыру";
75-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жыл сайынғы, сыныптамалық, аралық (доктық), кезектен тыс куәландыру кезінде қойылған талаптар орындалғаннан кейін, нәтижесінде кеменің жарамсыз техникалық жай-күйде екендігі анықталды. Келесі жыл сайынғы куәландыруға дейінгі мерзім бұрынғы жыл сайынғы куәландыру күнінен бастап есептеледі;";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Жүзіп өтуге белгіленген шарттар бойынша жүзуге жарамды деп жүзіп өтуге дейін 36 ай бұрын аралық (доктық) куәландыру жүргізілген (слиптеу) және корпусында уақытша іргесінде цемент құймалары жоқ кемелер теңізде жүзіп өтуге жарамды деп танылады.";
150-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Аралық (доктық), слиптегі докта кезекті куәландырудан үшін тексерудегі кемелерден басқасы, теңізде жүзіп өту аяқталғаннан кейін кемелер кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.";
223-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Кеме қатынасы тіркелімімен келісіліп, кәсіпорындарға және олардың өндіретін материалдары мен бұйымдарына немесе зертханалардың өткізілген сынауларына беретін құжаттар.";
225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"225. Кеме қатынасының тіркелімі, Кеме қатынасы тіркелімі мен осы ұйымдар арасындағы ынтымақтастық және өзара алмастыру туралы шарттар немесе келісімдер негізінде басқа сыныптау ұйымдары берген құжаттарды толық немесе ішінара құптайды.";
241-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Палуба астындағы жинақты тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Барлық цемент тығыздағыштары, сондай-ақ стандарттардың талаптарын сақтамай орнатылған уақытша қайталанатын парақтар алынып тасталады, корпус бақылау орындарындағы коррозиядан, кірден, өсінділерден мұқият тазаланады.";
242-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"242. Металл корпустарды кезекті куәландыру кезінде өлшеу аспаптарын, құралдарын қолдана отырып, корпустар мен қондырмалардың мынадай құрамдас бөліктері іріктеп тексеріледі:";
255-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"262. Егер кеме корпусын жыл сайын куәландыру кезінде корпустың тозуы немесе деформациясы байқалса, яғни оның техникалық жай-күйі алдыңғы куәландырумен салыстырғанда айтарлықтай нашарлаған болса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері өлшеу аспаптары және құралдарын қолдана отырып, қалдық қалыңдығы мен деформация параметрлерін тексеру және өлшеу үшін кемені докациялауды (бір-біріне жабыстыруды) талап етеді.";
265-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"265. Корпустардың техникалық жай-күйі негізгі байланыс топтарының қалдық қалыңдығы өлшеу аспаптарымен және құралдарымен өлшенген деформациялар және корпустың жалпы беріктігін және жекелеген конструкциялардың жергілікті беріктігін төмендететін басқа да ақаулар параметрлері бойынша белгіленеді.";
14-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
20-қосымшада 23 және 25-тармақтар алып тасталсын.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларына 14-қосымша |
Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар тізбесі
1. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары кемеге де, жеке және заңды тұлғаларға да құжаттарды беру мақсаттарына және жіктеу қызметін жүзеге асыру кезінде кеме қатынасы тіркелімі көрсететін қызмет түріне қарай беріледі.
2. Кеме қатынасы тіркелімінің құрылыстағы кемелерді жіктеуді және бастапқы куәландыруды жүзеге асыратын қызметкері осы Қосымшаның кестесінің 1, 2, 3, 4, 5, 20, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ресімдейді.
Кемені пайдалануда бастапқы куәландыру кезінде, сондай-ақ кеменің атауы өзгерген кезде барлық куәліктер жаңасымен ауыстырылады. Кеме иесін ауыстырған кезде жаңа куәліктер ауыстырылады, онда кеме иесі көрсетіледі.
3. Кеме қатынасы тіркеліміне осы Қосымшаның кестесінің 20, 23, 24-тармақтарында көрсетілген құжаттар салынғаннан, қайта жабдықталғаннан және жаңғыртылғаннан кейін барлық бас объектілерге ұсынылады.
4. Кеме жасалғаннан кейін ресімделген құжаттар кеме қатынасы тіркеліміне пошта арқылы, кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне – кемемен бірге капитанның оларды алғаны туралы қолхатымен не пошта арқылы жіберіледі.
5. Осы қосымшаның кестелерінде көрсетілген құжаттардың барлық аталған нысандары кеме қатынасы тіркелімі директорының бұйрығымен бекітіледі.
Кесте
Құжат нысаны | Құжаттың атауы | Құжаттар саны | Ескертпе | ||
Кеме-ге | Кеме қатынасы тіркелімі нің қызметкері үшін | Кеме қатынасының тіркелімі үшін | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Классификациялық куәліктері | |||||
1. MSC 001 | Классификациялық куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне және аралас "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне беріледі |
2. MSC 0013 | Классификациялық куәлік (тек кемені мемлекеттік тіркеу үшін | 1 | 1 | - | Кемені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсынуға арналған |
3. MSC 003 | Жүзуге жарамдылық туралы куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне беріледі |
4. MSC 0012 | Жолаушылар куәлігі | 1 | 1 | - | Жолаушылар теңіз кемелеріне, сондай-ақ адамдарды тасымалдау шарттары бойынша тасымалдау үшін пайдаланылатын жолаушылар кемелеріне беріледу |
5. MSC 007 | Ағынды сулармен және қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне беріледі |
6. MSC 008 | Мұнаймен ластанудың алдын алу туралы куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне беріледі |
7. MSC 0010 | Бір реттік аралыққа куәлік | 1 | 1 | - | Халықаралық рейстер жасамайтын кемелерге теңіз аудандарында айдап өту кезінде рұқсатты рәсімдеу кезінде беріледі |
8. MSC 009 | Жүк маркасы туралы куәлік | 1 | 1 | - | Халықаралық рейстер жасамайтын "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
9. MSC 002 | Өлшеу куәлігі | 1 | 1 | - | Халықаралық рейстер жасамайтын "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
10. MSC 004 | Жабдықтар мен жабдықтауға куәлік | 1 | 1 | - | "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
11. MSC 005 | Радиожабдыққа куәлік | 1 | 1 | - | Халықаралық рейстер жасамайтын "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
12. РС-2.6 | Дәнекерлеушіге рұқсат туралы куәлік | 1 | 1 | - | Дәнекерлеушіге (операторға) конструкцияларды дәнекерлеуді орындауға рұқсат беру кезінде беріледі регламенттелген Қағидаларының 5 бөлім |
13. MSC 006 |
Кемелерден ауа ортасының ластануын болдырмау қағидаларына сәйкестігі туралы құжат | 1 | 1 | - | "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
14. MSC 0011 | Кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға жарамдылығы туралы куәлік | 1 | 1 | - | Қауіпті жүктерді тасымалдауға жарамды деп танылған "Т" класты теңіз кемелеріне беріледі |
15. MSC 0014 | Кеме тұруға арналған куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне беріледі |
16. MSC 0015 | Кемені консервациялау туралы куәлік | 1 | 1 | - | Теңіз кемелеріне беріледі |
17.РС-5.0 | Техникалық құралдар/жабдықтар ережелеріне сәйкестігі туралы куәлік | 1 | 1 | - | Жаңа кемені салу кезінде пайдалануға болжанатын кемелердің тетіктеріне, электр және басқа да жабдықтарына ресімделеді |
18. MSA 006 | Кемені бастапқы куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Кемені бастапқы куәландыру нәтижелері бойынша ресімделеді |
19. MSA 003 | Кемені кезектен тыс куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Егер куәландыру нәтижелерін егжей-тегжейлі көрсету қажет болса, кемені немесе оның элементтерін кезектен тыс куәландыру нәтижелері бойынша ресімделеді |
20. MSA 001 | Кемені жыл сайын куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Кеме элементтерінің техникалық жай-күйі алдыңғы куәландырумен салыстырғанда өзгермеген жағдайларда ресімделеді |
21. MSA 005 | Кемені кезекті куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Кемені кезекті куәландыру нәтижелері бойынша ресімделеді |
22. MSA 004 | Кемені аралық (доктық) куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Кемені аралық (доктық) куәландыру нәтижелері бойынша ресімделеді |
23. MSA 002 | Кемені сыныптамалық куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Кемені және оның элементтерін куәландыру нәтижелері бойынша ресімделеді |
24. MSA 007 | Қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау ішкі куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Ыдыстарды куәландыру кезінде ресімделеді |
25. MSA 008 | Жүк көтергіш құрылғыны куәландыру актісі | 1 | 1 | - | Жүк көтергіш құрылғыны куәландыру кезінде ресімделеді |
26. РС-4.0 | Сертификат | 1 | 1 | - | Материалдар мен бұйымдарды дайындауды, сынынтауды бақылау техникалық байқаудың оң нәтижелері негізінде рәсімделеді |
27.РС-4.1 | Үлгілік мақұлдау туралы куәлік | 1 | 1 | - | Дайындаушы ұйымға Кеме қатынасы тіркелімі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін үлгілік материалды немесе бұйымды куәландыру мен сынаудың оң нәтижелері негізінде беріледі |