Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 8 шiлдедегi № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 шiлдеде № 36446 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, дене шынықтыру және дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы туризм
және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 8 шілдедегі
№ 125 бұйрығына қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 102-бабы 5-тармағына және дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібі

      2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) азаматтық заңнама шеңберінде ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасу арқылы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 49-1-бабымен көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.

      3. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне:

      1) халыққа арнаулы спорттық мүкәммалды, спорттық мүкәммалды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыс жайларын ұсыну, іс-шаралар, оның ішінде спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;

      2) спорттық медицина саласында қызметтер көрсету;

      3) іс-шаралар: спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу жатады.

      4. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында, сондай-ақ өзінің интернет – ресурстарында орналастырады.

      5. Мемлекеттік мекемелер еркін нысандағы өтініштің негізінде жеке және заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.

      6. Өтінішті қабылдауды және тіркеуді мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады, мыналарды көрсете отырып, өтініш берушіге өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат береді:

      1) өтiнiштiң тiркеу нөмiрi мен оның қабылданған күнi;

      2) көрсетілетін қызмет атауы;

      3) өтінішті қабылдаған мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болған жағдайда).

      7. Мемлекеттік мекемелер пен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы өзара қатынастар, соның ішінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізу бойынша төлеу нысаны азаматтық-құқықтық шартпен реттеледі.

      8. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі үшін ақы төлеуі:

      1) қолма-қол емес ақша түрінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша қаражатын аудару жолымен;

      2) қолма-қол ақша түрінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып кассалық кіріс ордерлерінің негізінде мемлекеттік мекемелердің кассасына жүргізіледі.

3-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібі

      9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінен түскен ақшаны мемлекеттік мекемелелер мынадай бағыттар бойынша пайдаланады:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайту;

      2) қызмет көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеу (мемлекеттік мерекелерге ақшалай көтермелеу);

      3) шаруашылық шығыстар (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылытуға, сумен жабдықтауға және басқа да коммуналдық шығыстарға ақы төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алу);

      4) негізгі құралдарды, оның ішінде спорттық мүкәммалды, жабдықты және басқаларын ағымдағы және күрделі пайдаланады;

      5) спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын ұйымдастыруға, спорт төрешілері мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, мәдени-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға арналған шығыстар;

      6) іссапар шығындары;

      7) жүлделер, кәдесый өнімдері, полиграфиялық өнімдер;

      8) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналар;

      9) спортшыларды фармакологиялық қамтамасыз ету.

      10. Мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған ақшаны түсімдері көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа аударылады және Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес ресімделген және ұсынылған төлем шоты негізінде пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады