"Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 354/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 шiлдеде № 36427 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидалары "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңы) 23-бабының 6-тармағының 5) тармақшасының төртінші бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) пилоттық жобаға қатысушылар – байланыс қызметтерін алатын жеке тұлға, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде ГЕСБЖ көмегімен байланыс қызметтерін алатын не көрсететін заңды тұлға;";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ГЕСБЖ операторы жоба әкімшісінен пилоттық жобаға тартылған не іске қосылмаған абоненттік терминалды (терминалдарды) ажырату қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен кезде дереу ажырату жөнінде шаралар қабылдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ГЕСБЖ операторының терминалдарды өшіру бойынша шараларды қабылдамауы жобаға қатысушылармен пилоттық жобаны мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады