"Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 305-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 шiлдеде № 36411 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 35390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субсидиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті орган субсидиялау бойынша шығыстарды Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымына енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "22. Уәкілетті орган субсидиялау бойынша шығыстарды Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге енгізеді.".

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады