"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 454 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 177-57), 177-58), 177-59), 177-60), 177-61), 177-62), 177-63), 177-64), 177-65), 177-66), 177-67), 177-68), 177-69), 177-70), 177-71), 177-72), 177-73) және177-74) тармақшалармен толықтырылсын:

      "177-57) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмыллыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      177-58) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасын және оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      177-59) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      177-60) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      177-61) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімсн жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;

      177-62) мемлскеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      177-63) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мсн оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыстарды орналастыру;

      177-64) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;

      177-65) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;

      177-66) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      177-67) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау және жаңартуды ұйымдастыру;

      177-68) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;

      177-69) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      177-70) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және бекіту;

      177-71) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

      177-72) әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      177-73) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      177-74) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;"

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О.Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады