Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36351

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
А. Амрин

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу үшін қолданылады.

      2. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) Бизнестің цифрлық картасы – кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруына байланысты деректер мен процестерді біріктіретін кешенді, интеграцияланған ақпараттық-талдамалық жоба;

      2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі – Кодексте регламенттелген қаржылық, мүліктік және қаржылық емес қолдау құралдарының тізбесі;

      3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      4) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      5) қарсы міндеттемелер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде кәсіпкерлік субъектісі мен мемлекет арасында қабылданатын өзара міндеттемелер;

      6) мемлекеттік қолдау шараларын алушылар – жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық (бұдан әрі – алушы).

      3. Бизнестің цифрлық картасын әзірлеудің мақсаты кәсіпкерлер үшін жеке ұсынымдар әзірлей отырып, кәсіпкерліктің даму жағдайын бағалауға, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді жеңілдетуге және анық талдаудың негізінде олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мемлекет пен бизнес арасындағы ашық, тиімді және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық жобаны құру болып табылады.

      4. Бизнестің цифрлық картасы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен және ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер негізінде қалыптастырылады.

2-тарау. Бизнестің цифрлық картасының құрылымы мен бағыттары

      5. Бизнестің цифрлық картасының мынадай негізгі бағыттары бар:

      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну;

      2) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу;

      3) мемлекеттік қолдау шараларын "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну және олардың тиімділігін талдау;

      4) талдамалық және болжамдық шешімдерді қалыптастыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де бағыттар.

      6. Бизнестің цифрлық картасының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен өзге де көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну бағыты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталында іске асырылады.

      7. Бизнестің цифрлық картасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша бағыты Кодекстің 81-бабына сәйкес мынадай реттегіш құралдарды:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін белгілеуді;

      3) ақпараттық құралдарды;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну Мемлекеттік қолдау шаралары тізілімінің деректері негізінде және мемлекеттік қолдаудың мынадай екі деңгейлі жүйесі аясында жүзеге асырылады:

      1) бірінші деңгей – екінші деңгей жүйелерімен біріктірілген, алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеу жүйесі, онда түпкілікті постформаттық-логикалық бақылау арқылы алушының базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;

      2) екінші деңгей – алушылардың өтінімдерін қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдану арқылы өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер.

      9. Талдамалық және болжамдық шешімдер кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай негізгі мәліметтер:

      1) тіркеу және жалпы деректері;

      2) экономикалық көрсеткіштері;

      3) инвестициялық белсенділігі;

      4) мемлекеттік қолдау шараларына қатысуы;

      5) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы;

      6) ашық деректері мен жария талдау;

      7) өзге де ақпарат ескеріле отырып, кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер негізінде салалық және өңірлік мамандану бөлінісінде қалыптастырылады.

      Кәсіпкерлік субъектілері туралы тіркеу және жалпы деректерге:

      1) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) заңды тұлғаның тіркелген және (немесе) қайта тіркелген (заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы шешімнің нөмірін, қайта тіркеуші органды көрсете отырып) күні;

      3) заңды тұлғаның орналасқан жері және деректемелері;

      4) заңды тұлғаны құру тәсілі;

      5) заңды тұлғаның құрылтайшылары, оның ішінде құрылтайшының жынысын көрсете отырып;

      6) шетелдік қатысудың бар-жоғы;

      7) Кодекстің 24-бабына сәйкес санаты;

      8) заңды тұлғаның қызметін тоқтатуы;

      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі;

      10) кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) бастауы және кейіннен жүзеге асыруы үшін қажетті рұқсат беру құжаттарының және міндетті талаптар тізбесінің бар-жоғы;

      11) мәртебесі: жаңадан бастаған, жұмыс істеп тұрған, таратылған, тоқтап тұрған;

      12) өзге де мәртебесі: отандық тауар өндіруші, шетелдік немесе ұлттық инвестор, экспорттаушы/импорттаушы;

      13) сыртқы нарықтарға шығуы туралы мәліметтер жатады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық көрсеткіштеріне төленген салықтардың, еңбекақы қорының, кірістердің, экспорттық түсімнің бар-жоғы, өсуі және (немесе) төмендеуі, шамадан тыс кредит алуы туралы мәліметтер жатады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне инвестициялардың деңгейі мен көздері, инвестициялық жоба және оның іске асырылу сатысы, инвестициялық преференциялардың бар-жоғы туралы деректер жатады.

      Кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік қолдау шараларына қатысуы туралы деректерге:

      Мемлекеттік қолдау шаралары тізілімінде көзделген мемлекеттік қолдау шараларының алынуы;

      бизнес-жоба және оның іске асырылу сатысы;

      мемлекеттік қолдау шараларының орнына қабылданған қарсы міндеттемелер және олардың орындалу деңгейі туралы мәліметтер жатады.

3-тарау. Бизнестің цифрлық картасында кәсіпкерлік субъектілерінің қарсы міндеттемелерін есептеудің және есепке алудың базалық тетігі

      10. Бизнестің цифрлық картасында мемлекеттік қолдау шарасына қарай стандартталған паспортта көзделген қарсы міндеттемелердің есепке алынуы қамтамасыз етіледі.

      11. Кәсіпкерлік субъектісіне бірнеше мемлекеттік қолдау шарасы ұсынылған жағдайда, қарсы міндеттемелер есебі жиынтық түрде қалыптастырылады.

      12. Кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы мемлекеттік қолдау шарасын алған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде қолдау шарасына қайта жүгінген жағдайда, қарсы міндеттемелердің есебі әрбір қолдау шарасы бойынша бөлек қолданылады.

      13. Қарсы міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салалық ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.

      14. Қарсы міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы Бизнестің цифрлық картасында автоматты түрде жүзеге асырылады.

      15. Қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 119 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32872 болып тіркелген) сәйкес қолдау шараларының тиімділігі талдауы жасалады.

      16. Қаржылық және (немесе) мүліктік мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35445 болып тіркелген) сәйкес қолдау шараларының тиімділігі талдауы жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады