Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 маусымда № 36234 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 143-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20033 болып тіркелген);

      2) "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 220 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34274 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 283 Бұйрығымен
бекітілген

Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 143-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Агенттік – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының мәртебесіне ие және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы несиелік шот –Агенттіктің екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан, экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге қызмет көрсетуге уәкілетті және экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттің қаражатын аударуға, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға арналған шоты;

      3) банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – басшылықты, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде бюджеттің атқарылуы, республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу саласында және өз құзыреті шегінде-жергілікті бюджеттерді, бюджеттен тыс қорларды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік (үкіметтік, егемен) кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Агенттік алдындағы оның сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;

      6) сенім білдірілген өкіл (агент) – Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім негізінде берілген Мемлекеттік кепілдік және Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады;

      7) экспортты қолдау бойынша кепілдік шарты – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Агенттік арасындағы мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;

      8) Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Агенттік арасындағы тараптардың экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім;

      9) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – Агенттік сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар, егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Мониторинг объектісі Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдік бойынша міндеттемелер болып табылады.

      4. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес, Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі мен қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері туралы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ақпаратты ұсынуы негізінде Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдік бойынша міндеттемелер көлемін қадағалаудан тұрады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері осы тармақтың және Агенттіктің осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелер көлемінің жай-күйі мен қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері туралы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін ұсынған ақпараттың негізінде қалыптастырылады.

2-параграф. Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі

      5. Қаржылық коэффициенттерді сенім білдірілген өкіл (агент) Мемлекеттік кепілдік алған Агенттіктің қаржылық есептілігі негізінде есептейді.

      6. Агенттіктің қаржылық жағдайының мониторингі жыл сайынғы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі.

      7. Агенттіктің қаржылық жағдайын талдау қаржылық жағдайды тоқсан сайынғы талдауды және қаржылық жағдайды жыл нәтижелері бойынша талдауды қамтиды. Қаржылық жағдайды талдау базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызмет түрлері, сала және нормативтік-құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты (қаржылық есептерді талдау) талдаудан тұрады.

      Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер қолданылады:

      өтімділік коэффициенті – ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасы;

      өтеу коэффициенті-ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;

      қарыздық және меншікті қаражаттың арақатынасы – ағымдағы міндеттемелердің меншікті капиталдың мөлшеріне қатынасы;

      тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер сомасына қатынасы;

      меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті – меншікті капитал шамасына салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың қатынасы.

      8. Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынылған көрсеткіштер негізінде айқындалған қаржылық коэффициенттерді осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру жолымен Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

      9. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейінгі екінші айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде, сондай-ақ жыл сайынғы негізде 1 шілдеге дейінгі мерзімде Агенттіктің қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін ұсынады.

      10. Агенттіктің төлем қабілетсіздігі анықталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді және сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешекті өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулауды болдырмау үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

3-параграф. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу процесіне қатысушылар жүзеге асыратын негізгі функциялар

      11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Агенттік экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу процесіне қатысушылар болып табылады және мыналарды жүзеге асырады:

      1) Агенттік:

      бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және сенім білдірілген өкілдің (агент) жазбаша сұрау салуы бойынша қосымша қаржы көрсеткіштері туралы ақпарат береді;

      есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрауы бойынша Агенттіктің қаржылық жағдайын айқындайтын басқа да құжаттарды ұсынады;

      есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 31 (отыз бірінші) мамырынан кешіктірмей жыл сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, қаржы жылындағы түсіндірме жазба) ұсынады;

      сенім білдірілген тұлғаны (агентті) Мемлекеттік кепілдіктіктің орындалуына әкеп соғатын сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өз міндеттемелерін орындамау фактілері мен себептері туралы хабардар етеді;

      Мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген ақша қаражатын арнайы несие шотына аудару жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді;

      2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:

      осы Қағидада айқындалған тәртіппен экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингін жүзеге асырады;

      3) сенім білдірілген өкіл (агент):

      Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді;

      Мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға және Келісім шарттарына сәйкес оларды қайтаруға мониторинг жүргізеді;

      Агенттіктің қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргізеді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға тиісті талдау қорытындылары туралы ақпарат береді;

      Келісімнің негізінде Мемлекеттік кепілдікті беруге және орындауға байланысты өзге де жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      12. осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсеткені үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) ақы төлеу Агенттіктің Келісімге сәйкес өз қаражаты есебінен Агенттік пен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын оның тарифтеріне сәйкес сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтеріне ақы төлеу туралы келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

      13. Есепті кезеңде (қаржы жылы) жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі Мемлекеттік кепілдіктердің қолданылу кезеңінде Агенттіктің меншікті капиталы көлемінің 40 (қырық) пайызынан асса, Агенттіктің сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша қосымша міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Бұл ретте сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі суброгация, қайта сақтандыру және кепілдік беру шеңберінде өтелген сақтандыру және кепілдік төлемдерінің сомасы шегеріле отырып көрсетіледі.

      14. Агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша есепті тоқсанның соңғы күніне түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсынады.

      Сенім білдірілген өкіл (агент) мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты Агенттік оны бергеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар
Қазақстанның Экспорттық-
кредиттік агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы ақпарат

      мың тенге

Атауы

Есептік кезеңнің басындағы міндеттемелер көлемі

Есептік кезеңдегі өзгерістер

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі (6-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған)

Қабылданған міндеттемелер

Тоқтатылған міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

1.

Ұлттық валютадағы міндеттемелер





2.

Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:






ресей рублімен






Америка Құрама Штаттарының долларымен






еуромен











БАРЛЫҒЫ





      кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезеңнің соңындағы меншікті капитал - _____________ мың теңге

      Есептік кезеңнің соңына Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің көлемі – ____________ мың теңге

      ______________ _______ ___________________________________

      бірінші басшы       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________ _______ ___________________________________

      бас бухгалтер       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ ______ _______________________________

      жауапты орындаушы       қолы       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      телефон ____________

      Ескертпе: Есеп әрбір жолақ бойынша жеке мың теңгеде барлық бағандар бойынша "барлығы" қорытынды жолын шығара отырып, мың теңгеде жасалады. Көрсеткіштерді теңгеге келтіру "Ұлттық банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне нарықтық бағамдары бойынша жүргізіледі.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар
Қазақстанның Экспорттық-
кредиттік агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша ақпарат

Атауы

Сақтандыру төлемдері

Кепілдік төлемдері

Меншікті капитал көлемі

Сақтандыру және кепілдік төлемдерінің меншікті капитал көлеміне қатынасы,%

1

2

3

4

5

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жалпы сома ұлттық валютада





Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:





ресей рублімен





Америка Құрама Штаттары долларымен





еуромен









Есепті жасау күніне бағам бойынша ұлттық валютада барлығы





      кезеңділігі: ай сайы

      Есепті кезеңнің соңындағы меншікті капитал – _______ мың теңге

      ______________ ________ ___________________________________

      бірінші басшы       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________ ________ ___________________________________

      бас бухгалтер       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ ______ ________________________________

      жауапты орындаушы       қолы       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      телефон ____________

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар
Қазақстанның Экспорттық-
кредиттік агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген есепті тоқсанның соңғы күніне қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері туралы ақпарат

Атауы

Барлығы

1

2

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы саны, саны


Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы, мың теңге


Өндірілген өнім көлемі, млрд. теңге*


Экспорттаушылар төлеген салықтар, мың теңге*


Құрылған жаңа жұмыс орындары, саны*


      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      *Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 112-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ақпарат беруі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті талаптар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты, деректер экспорттаушылардың ұсынылған хаттары негізінде қалыптастырылады.

      ______________       ________       ___________________________________

      бірінші басшы       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________      ________       ___________________________________

      бас бухгалтер       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ ________       ______________________________

      жауапты орындаушы       қолы       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады