БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.
көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру нысанында:
№ ___ Экспортты қолдау бойынша кепілдік шартында:
1.3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
2.4.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.4. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінде тіркелген сәттен бастап кушіне енеді.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген есепті тоқсанның соңғы күніне қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері туралы ақпарат
Атауы | Барлығы |
1 | 2 |
Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы саны, саны | |
Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы, мың теңге | |
Өндірілген өнім көлемі, миллиард теңге* | |
Экспорттаушылар төлеген салықтар, мың теңге* | |
Құрылған жаңа жұмыс орындары, саны* |
Кезеңділігі: тоқсан сайын
*Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 112-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ақпарат беруі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті талаптар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты, деректер экспорттаушылардың ұсынылған хаттары негізінде қалыптастырылады.
____________ ________ ____________________________________
бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________ ________ ___________________________________
бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________ _____ ______________________________
жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
