БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 1 (бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Ұсынылады: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 3-КНПЕ нысан
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20 ____ жылғы ___________ айы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы орган
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
сенім білдірілген өкіл (агент) жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне (оныншы) дейінгі мерзімде;
жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне (он бесінші) дейінгі мерзімде.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде
Р/с № | Облыс | Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды | Іске асыру орны (аудан) | Мекен-жайдың тіркелім коды | Жобаның атауы | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Кредит беру күні | Кредит беру мерзімі, айлар | Кредит сомасы (теңге) | Жобаның бағыты | Қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) | Өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) | Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны | Уақытша құрылған жұмыс орындарының саны |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
____________________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы
Ескерту: "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
| "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 3-КНПЕ, кезеңділік: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында облыстың атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында іске асыру орны (аудан) көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында мекенжайдың тіркелім коды көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында кредит беру күні көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында кредит беру мерзімі (айлар) көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында кредит сомасы (теңге) көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.
16. Нысанның 13-бағанында жобаның қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) көрсетіледі.
17. Нысанның 14-бағанында өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) көрсетіледі.
18. Нысанның 15-бағанында құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
19. Нысанның 16-бағанында уақытша құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
