Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 74-21-8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 мамырда № 7546-14 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 18.03.2026 № 161-50-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 18.03.2026 № 161-50-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі "Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 21-4-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7267 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
22 мамырдағы № 74-21-8
шешіміне қосымша

Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 18.03.2026 № 161-50-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Ертіс ауданының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      4. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы"№ 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсына отырып, тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуденбас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен көрсетілетін қызметті берушілерге тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      10. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған кезде өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындаудың бүкіл кезеңінде тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады