Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |
| Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі №2-23 шешіміне қосымша |
Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 08.06.2026 № 35-17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | бір тұрғыннан айына | 413,3 |
Жайлы емес үйлер | бір тұрғыннан айына | 436,52 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 5098,93 |
* Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:
50% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
50%- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
50%- екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
50%- Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға;
25% -1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
25%- Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға;
25%- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға.
Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.
