Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 "Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 маусымдағы № 35-17 шешімі

      Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 "Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2026 жылғы 8 маусымдағы
№ 35-17 шешіміне қосымша
  Бөрлі аудандық мәслихатының
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 2-23 шешіміне қосымша

Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

бір тұрғыннан айына

413,3

Жайлы емес үйлер

бір тұрғыннан айына

436,52

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

5098,93

      * Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:

      50% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;

      50%- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      50%- екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      50%- Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға;

      25% -1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      25%- Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға;

      25%- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға.

      Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады