"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысының негізінде және Махамбет ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы "Шаттық" шағын ауданындағы № 23 көшеге Ысқақ Жакупов атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Махамбет ауылдық округінің әкімі | Р. Әженов |
