Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вознесенка ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көшесіне – Абай Құнанбаев көшесі;
№2 атауы жоқ көшесіне – Евгений Брусиловский көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округінің әкімі |
Л. Викторович |
