Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі және 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындылары негізінде, Ильинка ауылдық округінің Ильинка, Александровка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Ильинка ауылдық округінің Ильинка ауылында қайта аталсын:
Ленин көшесі Абай көшесіне;
Киров көшесі А. С. Пушкин көшесіне.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Ильинка ауылдық округі Александровка ауылының Ленин көшесі - Ахмет Байтұрсынұлы көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ильинка ауылдық округі әкімі | Ж. Майнаков |
