"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз ету;
2) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысы әкімдігінің интернет-жүйесінде орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | |
| Н. Уранхаев |
| Абай облысы әкімінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 13 қаулысына қосымша |
Профилактика мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Жануарлар түрі | Аурулардың атауы |
Жылқылар | сақау, сальмонеллез |
Ірі қара мал | гиподерматоз, сальмонеллез |
Қойлар мен ешкілер | псороптоз |
Шошқалар | сальмонеллез |
