"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шойындыкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Жаркайың ауданы Шойындыкөл ауылының көшелері қайта аталсын:
Больничная көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;
Квартальная көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
Озерная көшесі Ғабит Мүсірепов көшесіне;
Молодежная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Почтовая көшесі Жамбыл көшесіне;
Школьная көшесі Ілияс Есенберлин көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шойындыкөл ауылының әкімі | Н.Бердығали |
