Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 07.07.2026 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 07.07.2026 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 07.07.2026 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 07.07.2026 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Осы Қағидалар "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау тәртібін айқындайды.
2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.
Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы - өтінішхат берілген күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш тең немесе баламасынан асатын;
3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.
_______________________________________
(банк мекемесінің атауы)
__________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын, (бар болған жағдайда) туған күнін, паспорттық
деректерін көрсету)
20__ж. "___" ____________ шығыс № ___________________
хатпен берілген шетел азаматының (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының
бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
Ақпарат сұраған:
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________ (ішкі істер органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, (бар болған жағдайда)
_______________________
(лауазымды адамның қолы)
____________________________________________
ішкі істер органына (шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның тегі,
аты, әкесінің аты, (бар болған жағдайда) ақпарат беруге келісемін.
___________________ _____________________
(қолы) (күні)
