Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Л.Конарбаева |
| Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 160/29-7 шешіміне қосымша |
Целиноград аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 215/30-6 "Целиноград ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6705 тіркелген) шешімі;
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдесіндегі № 339/48-6 "Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 215/30-6 "Целиноград ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7316 тіркелген) шешімі;
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 390/58-6 "Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 215/30-6 "Целиноград ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7763 тіркелген) шешімі.
