"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новочеркасск ауылдық округі Новочеркасск ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі Новочеркасск ауылының келесі кұрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
2) Победа көшесін Жеңіс көшесіне;
3) Садовая көшесін Бақ көшесіне;
4) Новый маслозавод көшесін Болашақ көшесіне;
5) Набережная көшесін Жағалау көшесіне;
6) Школьная тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Новочеркасск ауылдық округінің әкімі |
Ә.Орынбай |
