Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26811 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/68 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2022 № А-4/170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

      Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2026 № А-3/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таралады) қаулысымен.

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі
9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

жарты күн болатын топта

Қала

20014

58 343 теңге

53 889 теңге

86 250 теңге

103 249 теңге

25 916 теңге

Ауыл

17725

64 767 теңге

59 600 теңге

96 957 теңге

116 633 теңге

28 771 теңге


 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2026 № А-3/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таралады) қаулысымен.

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

16 585 теңге

20 388 теңге

10 194 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады