"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/68 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2022 № А-4/170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2026 № А-3/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таралады) қаулысымен.
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта |
болу режимі | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | жарты күн болатын топта | ||
Қала | 20014 | 58 343 теңге | 53 889 теңге | 86 250 теңге | 103 249 теңге | 25 916 теңге |
Ауыл | 17725 | 64 767 теңге | 59 600 теңге | 96 957 теңге | 116 633 теңге | 28 771 теңге |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2026 № А-3/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таралады) қаулысымен.
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін | жарты күн болатын топта |
16 585 теңге | 20 388 теңге | 10 194 теңге |