"Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № А-3/97 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. 1-тармақтың екінші абзацының күші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№А-3/97 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі
9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

жарты күн болатын топта

Қала

20014

58 343 теңге

53 889 теңге

86 250 теңге

103 249 теңге

25 916 теңге

Ауыл

17725

64 767 теңге

59 600 теңге

96 957 теңге

116 633 теңге

28 771 теңге

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ А-3/97 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

16 585 теңге

20 388 теңге

10 194 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады